kazakhsha russian

Мен және менің жасөспірім балам(дөңгелек үстел)

Мақсаты: Жасөспірімді үлкен өмірге әзірлеудегі ата- аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып,пікір алмасу, жасөспірім дүниетанымын, қабілетін,дарынын дамыта отырып, білімді, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде мектеппен ата- аналар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.

Өткізу әдісі: Дөңгелек стол

Жасөспірім, балам, ата- аналар, дөңгелек үстел, балабақшадаБарысы: 1.Жиналысқа қатысып отырған ата- аналарды А, О, П белгілерін тарату арқылы 3 топқа бөлу. 2. Әр топқа тапсырма беру дайындалуға 5 минут уақыт беріледі

3. Топ бойынша ортада қорғау (5-10 минут)

4. Аудиториядағы ата- аналарға сұрақтар қою

5. Алдын – ала алынған сауалнама мониторингі

Психолог: Ата- аналармен жүргізілетін жиналыс «Мен және менің жасөспірім балам» тақырыбында өтпекші.Жиналыс басталар алдында таратылғанА,О,П белгілері бар ата- аналар таратылған белгі бойынша топтасуын сұраймын. А- тобына «Жасөспірім кім» деген сұрақ қойылады. О- тобына «Бала тәрбиесіне отбасының тигізер ықпалы» П- тобына «Жасөспірім және сыртқы орта»  дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.

Психолог: Болашақтың иесі жас – ұрпақ. Жасөспірімдерді есті, саналы, сергек білімді етіп тәрбиелеу бала дүниеге келген күннен бастапотбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада, мектептерде, тәлім- тәрбие беріледі.Жасөспірім тәрбиесі ортақ мәселе болғандықтан , құрметті ата- аналар сіздерге сұрақ қойғым келіп тұр.

1-сұрақ: Жасөспірім балаңыздың мінез- құлқынан қандай өзгерістерді байқадыңыз?

2- сұрақ: Сіздің жасөспірім балаңызбен қарым- қатынасыңыз қандай?

3- сұрақ: Мұғалімнің немесе мектептің ата- аналармен ынтымақтасуы дегенді қалай түсінесіз?

Ата- аналар өз ойларын ортаға салады.Бұдан кейін ата- аналар белгілері бойынша топқа бөлінген өздеріне берілген тапсырма бойынша ортаға шығып ойларын айтады.

Психолог: Құрметті ата- аналар! Өздеріңізге белгілі осы жиналыс болар алдында ата- аналардың жасөспірім тәрбиесіндегі ролін анықтау мақсатында бірнеше сұрақтардан тұратынсауалнама жүргізген болатынмын. Осы анкетаның ішіндегі ең нақты деп саналатын сұрақтардың көрсеткішімен сіздерді таныстырғым келіп отыр.

Сұрақ: Тәрбиенің қандай түрін тиімді деп санайсыз (заттай сыйлық, сөзбен мақтау,сөзбен сөгу, ұру, әңгімелесу)

Жиналысты қорытындылай келе біздің халқымыз үшін жасөспірім тәрбиесі бір ғагна отбасының немесе мектептің жеке ісі емес , ол бүкіл қауымның шұғылданатын кешеніне айналып отыр.Жасөспірімдерді саналы, тәрбиелі,әдепті, білімді,ойы жүйрік, логикасын терең етіп тәрбиелеу, алдын тәрбие ережелеріне сүйене отырып , ұлттық дәстүрді, әдет- ғұрыптарды , дінімізді балалардың санасына сіңіре білу ата- ананың, мұғалімнің басты міндеті. Ол үшін осы мақсатқа жету үшін жасөспірімдермен жүргізілген тәрбиенің бірден- бір тиімді жолы жасөспірімдерді психологиялық тәрбиелеуге баулу болмақ.

Пікірлер6
  1. Насихат

    Өте күшті екен маған ұнады

  2. Жанар

    Баланың білімді болуы үшін ұстазбен ата-ананың қосатын үлесі көп. Бұл жақсы таптырмас материал

  3. Акнур

    қазіргі қоғамдағы ең көп талқыланатын мәселе жасөспірім кезеғдегі балалар. мақала осы тұста нағыз керектіні дап басып айтып отыр. ата ана үшін де, тәрбиеші, ұстаздар үшін де қажет материал деп ойлаймын.

  4. Инкар

    Ата-аналармен осындай дөңгелек үстел қазіргі кезде өте керек. Жиі жиі өткізіп тұру қажет.Еркетай сайтына рахмет,осыны ертең өзім қолданайын деп отырмын

  5. Данагуль

    маңған керек мақала екен, рахмет))

  6. дидара

    тамаша

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ