Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Бала шақтан болашаққа


Шашын қатырып өріп, ақ бантик таққан сары, томпақ қыздың ешкіммен ісі болмайтын. Қоңырау соғылған сәтте орнынан табылатын. Ал мына қағылез, шашы қысқа қыз сыныпқа мұғалімнің келгенін аңғармай да қалатын. Осылайша сыныптағы әрбір ұл мен қыздың жеке ерекшелігін тізе беріп тауыса алсақшы..

Мектепті бітіргенімізге 24 жыл! Сол балауса балғын кездеріміздің бәрі артта қалып, қимас сәттерді сағынышпен еске алдық. Адамның кезеңдерін бөліп қарайтын болсақ, соның ішіндегі ең қымбаттысы- оқушы кез екені анық.Уайымның, қайғының не екенін білмей, киім көк, тамақ тоқ, алаңсыз өткен оқушылық кезең әрбір адамның қызық пен қуанышқа толы бір сәті екен.

Қызық..Кешегі «мұғалім болмаймын» деп Шахима апайға қыңыраятын қызымыз дәл осы мектепте мұғалім болса, дәрігер болуды қаламайтын қызымыз қалада білікті дәрігер. Әр жерге сепкен дәндей сыныптастарымыз — әр мамандық иелері.Әңгімеміз амандық-есендіктен соң оқушы кезеңге бұрыла берді. Оқушылық кездегі әңгімеміз таусылар емес. Қыздарға қырғидай тиетін ұлдар-салмақты әкелер. Шіркін сол кез қайта оралса ғой дейміз… Сол кезде жіберген қателіктердің де орнын түзетер едік дейміз…

Бала шақтан болашаққа

Заңғар таулар алыптықты, кең дала дархандықты, теңіздер шексіздікті бейнелегені сияқты, адамның балалық шағы-пәктіктің, таза адами көзқарастың көрсеткіші іспетті. Өйткені ол кез жасандылықтан, қулық, арамдықтан ада кез емес пе? Бүгінде мен сыныптастарымды әр жерге туын тігіп, шаңырақ көтерген, рухани қуатын балаларының болашағына жұмсайтын жандар деп бағаласам артық болмас.

Осындай әр баланың қоғамдық көзқарастарының қалыптасуына атсалысқан, дұрыс бағыт сілтеген ата-анадан кейінгі тәрбиеші-ұстаздарға мың алғыс! Әр ұстаздан бойымызға сол кісілерге ұқсауға тырысып, үлгі етерлік бір-бір жақсылық сіңірдік. Оқушылық қимас сәттермен қоса, ұстаздарды да еске ала отырып, балалығымыздың да алыстап бара жатқанына өкінетіндейміз…

Бұрынғы кез болса сағынышқа толы хаттар келетін еді. Ал қазір электронды поштамызға әзілге толы хаттар келетінін айтамыз. Қырықтың қырқасынан шыққан әкелер мен аналар енді балаларымыздың бақытты ғұмыр кешкенін қалап, жүрекжарды тілегіміздің қабыл болуын тілейміз! Ақын Қазыбек Исаның мына бір өлең жолдарын еске түсіріп, «шіркін, біздің бал балалығымыз!» деп сағынышпен айтамыз.

Балалығым алыстап қалды-ау менің,
Бал күндерім қияға самғау ма едің?..
Жүйке бұзар тірліктен жүдегенде,
Сен есіме түсесің Балдәуренім.
Барлық істі бір сәтке доғарайық,
Балалықты ұмыту болар айып.
Сол күндердің соғып тұр қоңырауы,
Алтын ұя мектепке оралайық!- дей келе алыста жүрген сыныптастарымды мамырда болатын «Туған жерге тағзым» атты үлкен шараға шақырамын.

Райгүл Искакова «Өкпеті» орта мектебінің мұғалімі Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Үй жануарлары (төрт түлік мал туралы)
  • Жаңа жылым,жарқыра!
  • Аюдың әулеті ( ертегі — мысал)
  • Әжемнің ауылындағы наурыз
  • «Н» дыбысы және әріпі

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақстандағы дистрибуция ерекшеліктері: трендтер, проблемалар және даму болжамы

    19 Июн 2026 / Толық оқу

  • Экологиялық мәселелер және қоршағанортаны қорғау

    4 Июн 2026 / Толық оқу

  • 1-2 жас: алғашқы сөздер мен қимылдарды ынталандыру – ата-аналарға арналған толық нұсқаулық

    5 Мар 2026 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Қазақстандағы дистрибуция ерекшеліктері: трендтер, проблемалар және даму болжамы
  • Экологиялық мәселелер және қоршағанортаны қорғау
  • 1-2 жас: алғашқы сөздер мен қимылдарды ынталандыру – ата-аналарға арналған толық нұсқаулық
  • 1 жасқа дейінгі баланың психомоторлық дамуы: ата-ананың назарына арналған толық нұсқаулық
  • 6 айлық балаға арналған дамытушы ойындар: нәрестемен тиімді әрекеттесу
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.

Этот сайт использует cookie для хранения данных. Продолжая использовать сайт, Вы даете свое согласие на работу с этими файлами.