Дені саудың-жаны сау!

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, қимыл-қозғалыс арқылы сымбатты болып өсуіне, ыстық-суыққа төзімді, шыныққан, шымыр болып өсуіне тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күн,су, жаттығуға арналған әуен, «денсаулық»жайлы ширма.
Оқу іс-әрекет барысы:бір-таңертең тұр,
екі-шынығып бекі,
үш-тазала тіс,
төрт-сабындап жу бет,
бес-сүртін тез!
Балалар, осының өзі шынығу.Күнделікті таңертеңгілік жаттығу біздің денсаулығымызға өте қажет екен. Дене бітіміздің сымбатты болып өсуіне көмектеседі.
Шынығудың бірнеше түрі бар: ауамен шынықтыру, күнмен шынықтыру, сумен шынықтыру.
Сумен шынығудың ең бір жеңіл түрі: суық сумен жуыну.
Суық ванна, тұзды су, бассейнге түсу, шомылу.
deni-saudin-jani-sau-sabak-jospariСу- ең күшті шынықтырғыш фактор. Оның ауамен шынықтырғанда, жылу өткізгіштігі жоғары. Су процедурасын сақтықпен жүргізу қажет.Денеміз төмен температураға дағдылану керек. Денені үйрету үшін бет пен қолды, мойынды жууды жылы сумен бастап, бірте-бірте суық сумен жуылу керек. Аяқ 25-28 градуста жуылады, одан кейін 1 градусқа төмендетіліп 18 градусқа дейін жеткізіледі.Денені дымқыл сүлгімен ысқылайды.Алдымен қолды,кеудені, содан кейін ішті,арқаны, аяқты ысқылайды,шынықтырады.Суық тиюден болатын алдын алудың тиімді жолы.Жазды күні кунге қыздырынғанда пайдалы екен. Ас ішуі мықты болады. Денемізде D витамині көбейеді. кун астында қыздырыну уақыты 1 сағаттан аспауы керек.Жалан аяқ журү денсаулыққа пайдалы. тас үстінде жалан аяқ жүргенде табанымыздан күннің жылуы өтеді. Осының бәрі денсаулық үшін қажет.
Бой сергіту жаттыгуы.
Кәне-кәне шынығуды,
Айналдырайық әдетке!
Шынығамыз, қорықпаймыз,
Денемізді шыңдаймыз!(қимыл-қозғалыста орындайды)

Оқу іс-әрекетті қорыта келе сұрақтар қою.
1.Денені шынықтыру деген не екен?
2.Қалай шынықтырамыз?
3.Шынықтырудың қандай турлерін білесіңдер?
4.Шынығу не ұшін қажет?
(жауаптар алынад
Балалардан бақшамызда жүргізілетін денсаулыққа байланысты мерекелер,жарыстар туралы өз ойларын айтуды тапсырылады.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Гүлдана

    Денсаулықты бағалай білуіміз керек ең бастысы

  2. Гулзира

    Дені саудың- жаны сау деген сөз бекер айтылмаған. Әрине денсаулық бірінші байлық. Балаларға жеке бас гигиенасы, тіс , қол, дене саулығы туралы ақпарат беріп, судың адам ағзасына әсері жөніндеге ақпарат берілгені керемет.

  3. нурганым

    Сіздерден сабақ алу қалай

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ