Бауырсақ ертегісіне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Бауырсақ» ертегісіне саяхат.
Кіріктірілген білім салалары:«Қатынас», «Шығармашылық», «Таным»
Мақсаты:Таныс ертегі мәтіні бойынша балаларды орталықтарда жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.Суретке қарап әңгіме құрастыру.

Міндеттері:
1. Балалардың ормандағы жабайы аңдар, олардың тіршілігі туралы білімдерін бекіту. Дәстүрлі емес әдісті байланыстыра отырып шығармашылық қабілеттерін арттыру.
2. Диалог құру, жаңа сөздермен сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту. Схема арқылы ертегі мазмұнын айтқызу,балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Геометриялық пішіндерден үй құрастыру;
Сөздік жұмыс: сиқыр, сиқыршы, сандық,схема.
Үш тілдік:Бауырсақ- колобок — loaf, ертегі- сказка –fairy tale, кейіпкер-персонаж- character.
Әдіс- тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.

Көрнекіліктер:«Бауырсақ» ертегісінің схемасы, кейіпкерлері (дискілі театр), ақ қағаз, желім, геометриялық пішіндер. Тосын сәт. Топқа сиқырлы ертегілер әлемінен сиқыршы келеді.
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Мен сендерге ғажайып «Сиқырлы ертегілер әлемінен» келдім. Жай келген жоқпын, сендердің қаншалықты ақылды, тапқыр екендіктеріңді көруге келдім. Мен сендерге «Сиқырлы ертегілер әлемінің» картасын әкелдім.

«Бауырсақ» ертегісіне саяхат.Тәрбиеші: Балалар, сиқыршы әкелген картада үш тапсырма бар екен. Мына тапсырмаларды орындамас бұрын сұрағыма жауап беріңдерші.
-Балалар, сендер ертегіледі жақсы көресіңдер ма?
-Ал, қандай ертегілерді білесіңдер?
-Біз бүгін сендермен «Бауырсақ»ертегісі бойынша тапсырмалар орындаймыз.
-«Бауырсақ» ертегісін есімізге түсіріп алайық. (схема арқылы). Өйткені тапсырмалардың барлығы бауырсақ ертегісімен байланысты екен.

Схемамен жұмыс.
— Балалар біз бүгін үш орталықпен жұмыс жасаймыз.
Әдебиет орталығында «Бауырсақ»ертегісін сахналаймыз. (Дискілер театры арқылы)
Бейнелеу орталығында біз бауырсақтың бейнесін әртүрлі әдістер арқылы жасаймыз. (жұлмалау, түйіршіктер, баспа әдісі арқылы)
Құрастыру орталығында «Бауырсақ» ертегісіндегі ата мен әженің үйін құрастырамыз. (Үлгіге қарап геометриялық пішіндерден)

— Ал енді фишка таратамын. Кімге қандай орталық түсті, сол орталыққа барады. (Балаларды орталықтарға бөлу.)
Құрастыру, бейнелеу орталығындағы балаларға тапсырмаларды түсіндіріп өту. Әдебиет орталығына барып, балаларды рөлдерге бөліп, «Бауырсақ» ертегісін сахналау.
Сиқыршы: Иә, иә, осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,сендерге сиқырлы сандықтың кілтін беремін. Сандықтың ішінде сендер үшін тосын сый бар. Қане, балалар, сиқырлы сандықтың кілтін табуға тырысыңдар. Ол үшін тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет.

Қоңырау арқылы балаларды орталыққа жинайды. Орталықтармен ауыстырады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
-Ал қане, сиқыршы, біздің балалар тапсырмаларды орындай алды ма?
Сиқыршы: Иә! Қандай ақылды балалар?! (Сиқыршы балаларға ризашылығын білдіреді)
— Балалар, сендер барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар.

Қорытынды: Балалар, сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Қандай ертегі бойынша тапсырмалар орындадық?

Сиқыршы сиқырлы сандықтың кілтін табыс етеді.
Сандықты ашу.
— Қане, не бар екен сандықтың ішінде? Ой, балалар, қараңдаршы, «Бауырсақ» ертегісіндегі әже сендерге арнап бауырсақ пісіріп жіберіпті.
Балаларды мадақтау.

Пікірлер5
  1. Куралай

    Балаларға қазақтың ертегілерін көп айту керек. Сабақтың құрылымы, ертегіні түсіндіре білгені ұнады.

  2. Жансия

    Өте сабалы түсінікті жазылған екен. Болашақта балалармен өткізуге болады екен.

  3. Әсем

    сабақ жоспары сапалы әрі жоспарға сай жазылған, рахмет маған ұнады!

  4. Алия

    Сабақ өте мағыналы, өз жүйесімен жазылған. Рахмет

  5. Гульнар

    сабақ жоспары жүйелі жақсы жазылған, алдағы уақытта өз тәжірибемде пайдаланамын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ