Бала тілі мен сөздік қорын дамыту

Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі және сөздік қорын дамытудағы ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл-ой қаблеті, еңбек ,ойын процесінде жан-жақты  қалыптасады. Бала әрқашан, барлық жерде-бала. Бала үшін ойын өз тәжрибесін, өмір мен адамдар туралы түсініктерін тексеріп, зерделейтін эксперементтік алаң ғана емес, сонымен қатар, үлкендер араласпайтын, өз қалаған нәрсесін жасай алатын өзінің жеке, тәуелсіз, таңғажайып әлемі.

баланың сөздік қорын дамытуМектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, дамыту процесінде ойынды қолдану баланың тілін дамытып, сөздік қорын байытып, ойын толық жеткізе біліп, өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін анық. Сондықтан, балалардың тілін, сөздік қорын барлық іс-әрекеттерінде ойын арқылы дамыту қажет. Баланы дамытуда ойынды, дидактикалық тапсырмаларды өздерін қатыстыра отырып жүргізгенде ғана жетістіктерге жетуге болады. Өйткені ол барлық нәрсені өзі көріп, қолымен ұстап, ол туралы толық мәлімет алғанды қалайды.Осы мақсатқа жетудің сара жолы ол түрлі ойындар екені бәрімізге белгілі. Бала дамуының ең биік шыңы ол бала денсаулығы, сондықтан бүлдіршіндерді шынықтырып сауықтыратын ойындарды, жаңа технологияны сонымен бірге ата-бабамыздан мұра болып қалған әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланудың маңызы зор.

Халқымыздың «Айгөлек», «Ханталапай», «Асық», «Күш сынасу», «Тақия тастамақ», «Қыз қуу»тағы басқа ұлттық ойындары балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл-ойының жаттықтырушысы.

Ақтөбе қаласы, Садовый ауылы, №54 негізгі мектебінің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығының тәрбиешісі: Туремуратова А.Л.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Бекпенбетов Жаркынбек

    Бала тілі мен сөздік қорын дамыту әр педагогтың негізгі жұмыс принципі. Сондықтан да күнделікті баламаен қарым- қатынас жасауда қнымен түрлі тақырыптарда сұрақ-жауап әдісімен қызықты әңгімелер айту керек.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ