Қант диабеті

Қазіргі кезде бұл қауіпті ауруды білмейтін адам жоқтың қасы, өйткені бұл аурумен ауыратын адамның саны жылдан жылға өсіп келеді. Қант диабеті ертеден белгілі. Ежелгі Грекияда қант диабетін “диабетес” деп атаған, бұл зәрдің дұрыс бөлінбеуінен адамның қажуы деген ұғымды білдіреді.

Қант диабетін 1864 жылы алғаш ашқан ағылшын ғалымы Т.Уиллис. Ауру білінісімен адам қатты шөлдеп, тәулігіне өте көп мөлшерде су ішеді және құрамында қанты (глюкоза) мол зәр бөлінеді.

Балаларда аурудың ерте білінуінің белгісі — олардың зәрі тоқтамайды. Қант диабеті ұйқы безі гормонының — инсулиннің ағзада жетіспеуіне байланысты туады. Бұл гормонның жетіспеуі жағдайында тіндердің қантты сіңіруі бұзылып, оны бауырдың қан ағысы арнасына бөлуі арта түседі және сонымен бірге көмірсулардан майлардың түзілу қабілеті төмеңдейді. Соның нәтижесінде қандағы қанттың құрамы артады, ал тіндерде ол күрт төмендейді.

Осы жиналған қантты бүйрек арқылы шығару үшін ағзаға көп су керек, сондықтан адам өте көп су ішеді. Ауруды дер кезінде емдемесе асқынып өршиді, әлсіздік пайда болады, тез қалжырап, қол- аяғы қақсайды, жүйкесі жұқарып, ашуланшақ болады. Көру қабілеті төмендеп, бүйрек қызметі бұзылуы мүмкін. Қант диабетін тұқым қуалайтын ауру деп есептейді. Бірақ, бұл аурудың пайда болуына көп жағдайда дұрыс тамақтанбау, психикалық қозу мен қобалжулар, жұқпалы аурулар себеп болады.

Қазіргі кезде қант диабетін инсулинмен емдейді.Инсулинді денеге инемен жібереді.Егер денеде инсулиннің мөлшері артып кетсе, қанда қанттың мөлшері тым азаяды да, науқас адам әлсіреп, басы айналады, кейде есінен танып, қол-аяғы тартылып қалады. Мұндай адамдардың қанына оның вена қан тамырлары арқылы глюкоза құйылады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері мен түрлері.

Қаназдық немесе анемия сипаттамасы және оның түрлері.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Аурудың қанға жұғуы немесе сепсис (заражение крови).

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ