Жатыр денесінің саркомасы

Жатыр денесінің саркомасы-қатерлі ісік, миометрийдің дәнекер бұлшық ет тіндерінен дамиды, кейде жатыр миомасы түйіндері ішінде дамиды. 45-50 жас аралығында жиі кездеседі. Ісік жатырдың интерстициальды бар қабаттарына тарайды, метастаздың ерте және тез дамуымен ерекшеленеді.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі ісіктің тез өсуі болып табылады. Етеккір ұзақ және көп келеді, ацикльды жатырдан қан кету байқалуы мүмкін. Эндометрийді гистологиялық зерттеу барысында саркома элементтерінің жоқ болуы да мүмкін, өйткені жатырдың шырышты қабаты өте сирек зақымданады.

Емі. Жатыр қосалқысымен қатар жатыр экстирпациясын, сонан кейін сәулелі ем жасайды. Соңғы кездері ем нәтижесінің тиімсіз болуына және ісіктің тез тарап қайталануына байланысты химиотерапия қолданылады.

Метотрексат, фторурацил, проспидин, адрамицин және т.б. препараттар қолданылады. Жатыр миомасының тез өсуінде оперативті шараны жедел түрде қолдану жатыр денесі саркомасының таралған түрін алдын-алуға болады.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

Жатыр денесінің рагын анықтау және емдеу жолдары.

Хориокарцинома-жатырдың қатерлі ісігі және оны анықтау жолдары

Жатыр мойыны рагының пайда болуы және оны анықтау жолдары.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ