Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы

Аналық без рагы біріншілік, екіншілік және метастатикалық болуы мүмкін. Біріншілік рак-4-5%, ал метастатикалық ісіктер аналық бездің барлық қатерлі ісіктері ішінде 20% жағдайда кездеседі. Крукенберг типті метастикалық рак /қарын-ішек жолдары ісіктерінің метастазы/ және емшек бездері рагының аналық безге метастазы жиі кездеседі.

Клиникалық белгілері мен емдеу әдістерін таңдау негізгі ауруға байланысты. Шын мәніндегі қатерсіз ісіктен аналық бездің екіншілік рагының клиникалық маңызы зор.

Аналық без рагының 4 сатысы бар: 1-ші сатысы-ісік аналық безбен шектелген. 1а сатысы-ісік бір аналық безбен шектелген 1б сатысы –ісік екі аналық безбен шектелген. 2-ші сатысы-ісік бір не екі аналық безді зақымдап, жамбас маңайына өсіп кетеді. 2а сатысы-біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алынады.

2б сатысы-біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алуға келмейді. 3-ші сатысы-ісік бір не екі аналық безді зақымдайды, таралған метастаздар, тән, жарым-жартылай алуға келеді. 3а сатысы-метастаздың абдоминальды тарауы.

3б сатысы-іш қуысының тыс алыстағы метастаздар. 4-ші сатысы-ісік бір не екі аналық безді зақымдайды, түгелдей операцияға алынбайды.

Клиникалық суреттемесі. Аналық без рагының алғашқы сатысында клиникалық белгілері білінбейді, ісіктің капсуласы жарылғанда, не аяғына лоралғанда іштің төменгі бөлігінде шаншу пайда болады. Процестің таралуында науқастың жалпы жағдайының бұзылуы және кіші жамбастың мүшелері қызметтерінің бұзылуы байқалады.

Әлсіздік, терлегіштік, жүдеулік, тез шаршағыштық пайда болады, үнемі іштің төменгі жағы ауырады, іші кернейді, іште сұйықтықтың жиналуына байланысты /асцит/, кеуде қуысына сары судың жиналуына сәйкес ентікпе пайда болады, іштің көлемі үлкейеді, іші қатады. Жатырдан ациклды қан кету байқалады.

Анықтау жолдары. Алғашқы сатысында анықтау қиындау, өйткені клиникалық белгілері толық білінбейді. Ісік көп жағдайда алдын-алу қарау жұмыстарында анықталынады. Гинекологиялық зерттеу кезінде аналық безде консистенциясы қатты, үсті кедір-бұдырлы, қимылы шектелген ісік анықталынады.

Қынаптың артқы күмбезі арқылы ісік сезіледі. Аурудың 3-ші және 4-ші сатыларында асцит және гидроторакс болады. Іштің жоғары бөлігінде қатты, кедір-бұдырлы үлкен шарбы сезіледі, көп жағдайда ісік шарбыға метастаз береді, метастаз іш қуысының барлық бөліктерін, тіпті бауыр маңайында зақымдайды.

Аналық бездің рагы пайда болуының жоғарғы қаупіті тобына: жатыр қосалқысының қайталанатын ұзаққа созылатын қабыну процестері, жатырдың көп миоматозды түйіні, ретенционды кистасы, кіші жамбастағы түсініксіз ісіктер бар науқастар жатады.

Дифференциальдық анықтау кезінде қосымша әдістер /рентгенопельвиография, лапароскопия, ультрадыбысты тексерулер/ қолданылады. Ісіктің таралу сатысын толық анықтау үшін міндетті түрде қарын-ішек және несеп жолдарын тексеру қажет.

Емі. Үйлесімді әдіс қолданылады /оперативті шара және химиялық ем/. Жатыр қосалқысымен қоса жатырға экстирпация және үлкен шарбыға резекциясы жасалынады. Процестің кең таралған түрінде мұндай көлемдегі хирургиялық шара жасау техникалық жағынан мүмкін емес.

Мұндай жағдайларда негізгі ісікті алып тастайды.Химиялық ем /Тиотэф, циклофосфан, сарколизин, фторурацил және т.б./ операцияға дейін және операциядан кейін қолданылады. Көп қолданылатын химиялық ем кең көлемде қолданылады. Аналық бездің рагын жүйелі түрде емдеуде андроген препараттары қолданылады.

Алдын-алу. Қатерлі ісіктің алдын-алуда 30 жастан және онан жоғары әйелдерді көпшілік алдын-алу қарауынан өткізудің маңызы зор /жылына 2 рет/. Бұл жұмыстар әйелдер консультациясында, өндіріс мекемелерінде, сонымен қатар поликлиниканың қарау кабинеттерінде аяжан жүргізеді.

Жатыр мойны каналынан алынған жұғындының кольпоскопиялық және цитологиялық зерттеуден өткізілуі тиіс. Қарын және емшек бездерінің рагымен ауырған әйелдерді, аналық бездің метастатикалық рагының алдын-алу мақсатында міндетті түрде гинеколог-дәрігерге көрсету қажет.

Әйел жыныс мүшелерінің рагын алдын-алуда, рак алдындағы ауруларды анықтаудың, мезгілінде және дұрыс емдеудің, диспансерлік қадағалаудың маңызы зор. Осыған байланысты жыныс мүшелерінің ісіктер дамуының қауіпті тобын бөлу, осы топ ауруларын диспансерлік қадағалау және емдеу көзделген.

Жатыр түтікшелерінің рагы

Жатыр түтікшесінің біріншілік рагы сирек кездеседі. Қатерлі ісіктің жатырдан не аналық безден түтікшеге таралуы нәтижесінде жиі екіншілік болады. Клиникалық суреттемесі: Клиникасында ациклды қан кету байқалады, янтарлы көп сұйықтық бөлінеді, іші шаншып ауырады.

Анықтау жолдары:Диагноз қою қиындау. Цитологиялық зерттеу кезінде жатыр қуысы немесе жатыр мойны каналынан алынған аспиратта атипиялық клетка, ал эндометрийді диагностикалық қыру кезінде қатерсіз өзгерістер анықталынады.Диагнозды толық анықтау лапароскопия арқылы жүзеге асады.

Емі. Үйлесімді ем қолданылады. Жатырды жатыр қосалқысымен алып тастау және сонан кеінгі сәулелі ем және химиялық ем жасалынады.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.

Жатыр денесінің рагын анықтау және емдеу жолдары.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ