Жатыр денесінің рагы

Жатыр денесінің рагы 50 жастан асқан әйелдерде кездеседі. Бұл аурумен бұрын тумаған не аз туған, етеккір келуі және тоқтауы кеш болған әйелдер жиі ауырады. Әйел ұлтының да маңызы бар. Ауру эндометрийдің гиперпластикалық процестерінде /алғашқы патогенді вариант/, нейроэндокринді бұзылулар, қантты диабет, семіздік, гипертония ауруларымен біріккенде жиі пайда болады.

Атрофиялық эндометрийі бар/2-ші вариант/ нейроэндокринді аурулармен ауырмайтын әйелдер де дамуы мүмкін. Жатыр денесі рагының топтастыруы. 0-ші саты-эндометрийдің гиперпластикалық процесінің малигнизациясына күдікті гистологиялық жаңалық. 1-ші саты-ісік жатыр денесімен шектелген. 1а саты-жатыр қуысының ұзындығы 8 см-ден аспайды. 1б саты-жатыр қуысының ұзындығы 8 см-ден асады. 1-ші сатысында гистологиялық топтар болады.:

С1-жоғарғы дифференциальды аденокарцинома. С2-солидті құрылысты белдеулі дифференциальды аденокарцинома. С3-дифференциальды емес карцинома.

2-ші саты-ісікпен жатырдың денесі мен мойнының зақымдануы.

3-ші саты-ісік параметральды шел қабатына таралады немесе қынапқа метастаз береді.

4-ші саты-процестің жамбас шегінен тыс таралуы, қуыққа не көтеншекке қарай өседі немесе алыстағы метастаздары болады.

Жатыр денесі рагының ТНМ топтастыруы.

Т-алғашқы ісік. ТІС-преинвазивті карцинома.

Т1-карцинома жатыр денесімен шектеледі.

Т1а-жатыр қуысы үлкеймеген.

Т1б-жатыр қуысы үлкейген.

Т2-карцинома жатыр мойнына таралады.

Т3-карцинома жатыр шегінен шығып параметральды шел қабатына жәнғе қынапқа таралады.

Т4-карцинома көрші мүшелерге тарайды немесе кіші жамбастың шегінен тыс шығады..

Т4а-қуық пен көтеншек зақымданады.

Н-регинарлы лимфа түйіндерінде өзгерістің жоқтығы.

Нх-лимфа түйіндерінің жағдайын бағалай алмау.

Н0-регинарлы лимфа түйіндерінде өзгерістің жоқтығы.

Н1-жалпы мықын артериясының бөлінген жерінен төмен орналасқан лимфа түйіндерінің зақымдануы.

Н2-параортальды лимфа түйіндерінің зақымдануы.

Гистологиялық құрылысы жағынан жатыр денесі рагының 5 варианты бар: жоғарғы дифференциальды безді рак, жетілген безді рак /өте көп таралған түрі/, безді солидты төменгі дифференциальды рак, аденоакантома. Соңғы 2 түрі миометрийге терең өсіп кетуімен сипатталады, басқаларға қарағанда сирек кездеседі. Жоғарғы дифференциальды рак нейроэндокринді бұзылулары бар әйелдерде жиі кездеседі.

Клиникалық суреттемесі: Ең негізгі белгісі-репродуктивті немесе пременопауза, сонымен қатар постменопауза кезеңдеріндегі ацикльды қан кету болып табылады. Жиі серозды қан араласқан ақ бөлінді немесе ет жуындысы тәрізденген бөлінді байқалады, іштің төменгі жағы ауырып, ауырлайды.

Жатыр ішіне ірің жиналса, ауру белгісі күшейіп толғақ сияқты болуы да мүмкін. Процестің /3-4-ші сатыларында/ әрі қарай таралуында көрші мүшелердің қызметі бұзылады.

Анықтау жолдары. Жатыр денесінің рагы анамнез, жалпы обьективтік тексерулер мәліметтеріне, ал сонымен қатар қосымша зерттеу әдістерінің нәтижесіне сай анықталынады. Гинекологиялық зерттеу кезінде жатыр өлшемі және оның қозғалысы, жатыр қосалқысының үлкеюі, параметральды және ректовагинальды шел қабаттарына берілген иныильтраттың деңгейі анықталынады.

Цитологиялық және гистологиялық тексерулер міндетті болып саналады. Цитологиялық тексеруге жұғындыны қынаптың артқы күмбезінен, жатыр мойны каналынан және жатыр қуысынан алынған материалдан дайындайды. Гистологиялық тексерулер жатыр мойны каналының және жатыр денесінің шырышты қабаттарын жекеше қырғаннан кейін жүргізіледі.

Егер жатыр мойнының каналын өте көп кеңейткенде жатыр қуысынан үгінді тәрізді зат бөлінсе, бір ғана қырынды-жұғын алынады, өйткені диагностикалық қыру өзгерген жатыр қабырғасын тесіп жіберуі мүмкін. Процестің жайылуына күдік туса /3-4-ші сатысы/ диагностикалық жекеше қыру радиоизотопты тексерумен алмастырылады. Соңғы кең түрде жатыр қуысының қабырғаларын ваизуальды тексеру қолданылады.

Емі. Жатыр денесінің рагын емдеу комплексті болуы керек. Хирургиялық шараның көлемі аурудың сатысына, науқастың жалпы жағдайына және жасына байланысты. Егде тартқан шақта соматикалық, нейроэндокринды ауруларда, семіздікте жиі жатыр қосалқысымен қоса қарапайым жатыр экстирпациясын жасайды.

Мұндай аурулары жоқ жағдайларда операция көлемі кеңейе тседі., кіші жамбастың лимфа түйіндері де алып тасталынады. Комплексті емнің 2-ші сатысында дистанционды сәулелендіру жасалынады,  мөлшері 40 грей. Гормонды емдеу ұзаққа созылады /3-5 жылға/, жамбасқа 12,5% капронат оксипрогестерон ерітіндісін салады.

Бұл дәріні алғашқы 2 айда күніне 500 мг-нан, сосын мөлшерін төмендетіп, аптасына 500 мг-нан 1 рет салады. Кейде біріккен сәулелі емді жасайды. Аурудың алғашқы сатыларында 5 жылдық өмір сүруге қолайлы жағдай туады, 1-ші сатысында-91,5%, 2-ші сатысында-85,5 %, ал 3-ші сатысында-57,5%.

Эндометрий рагынде қатты қан кету не организмнің жалпы улану немесе жедел қабынудың құбылысы бар жатыр ішіне іріңдік жиналғанда жедел көмек көрсетіледі. Өте қатты жатырдан қан кетуде қан тоқтататын дәрілерден көмек болмаса, жедел түрде хирургиялық шара-жатырды алып тастау қолданылады.

Жатыр іріңдігін /пиометр/ анықтауда бужбен тексеру жұқа түйме тәрізді зондпен жасалады. Сонымен қатар жатыр мойнының каналын Гетар кеңейткіштерімен кеңейту, сонан кейін іріңді шығарады. Бужбен тексеру жасалғаннан кейін антибактериальды және улануға қарсы емдер жасалады, сонан кейін диагностикалық қыру жасалуы мүмкін.

Жатыр мойыны рагының пайда болуы және оны анықтау жолдары.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

Эндометрийдің ісік алдындағы ауруларыдың түрлері.

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ