Нейроэндокринді синдромдар

Етеккір алдындағы синдром

Етеккірге дейінгі бірнеше бұрын пайда болатын және етеккірден кейінгі алғашқы күндер  көлемінде жоғалатын патологиялық симптомдар жиынтығы.Бұл   жиынтық жүйке, эндокринді, тамырлар жүйесі және зат алмасу бұзылуларына тән белгілерден тұрады.Бұл синдром бала туатын  жастағы әйелдерде жиі кездеседі және көңіл-күй күйзелісінен/стресс/, патологиялық босану, түсік асқынуынан, кейбір жалпы аурулардан кейін пайда болады.

Ол сары дене қызметінің  төмендеуімен және овуляцция жоқтығымен сипатталады. Ауру белілерінің циклді түрде өтуі байқалады және етеккір циклімен тығыз байланысты.Науқас өте жоғары тітіркенуімен, жылағыштыққа, көңіл-күйінің басылуына, басы ауырып ұйқысының бұзылуына, жүрегі айнып құсуға, емшек безінің  ауырып, ісінуіне,тері қышымасына, ішінің желденіп кетуі /метеоризм/, жүрек маңайының ауырып, жүрек соғысының жиіленуі, кейде дене қызуының көтерілуіне де шағымданады.

Емі: Психикалық ем, дәрілік заттар: триоксазин, хлезепид, зәр айдағыш дәрілер /калий препараттарымен коса/, циклдің 2-ші сатысында погестерон препараттары,сонымен қатар симптомды ем қолданылады.

Климактериялық синдром

Гиплталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі өзгерістер нәтижесінде пайда болатын әйел өмірінің өту кезеңіне тән патологиялық симптомдар жиынтығы.Клиникалық белгілерінің көптігі вегетативті,эндокринді және жүйке-психикалық, тамырлы өзгерістерге байланысты.

Бұл синдром әйелдердің 40 % -іңде байқалады. Қызу, қара терге түсу, жүрек маңайының ауыруы, тітіркенуі,жоғарғы қозу, басты айналу, ұйқы бұзылуысияқты клиникалық белгілер тән.Эстрагенитальды-жыныс мүшесінен тыс ауруларының /гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы және т.б./өтуі бұл кезеңде күшейе түседі.

Емі: комплексті болуы керек. Психикалық ем, емдік жаттығу, су емі,таза ауада серуендеу, қоздыру заттары /шектелген диета/ қою шәй, кофе, шоколад және т.б.қолданылады. Дәрілік заттардан:бром, триоксазин, валериан және т.б. препараттар қолданылады. Физикалық ем әдістерінен гальваникалық жаға, мойын-бет гальванизациясы жасалады. Климактериялық синдромның ауыр түрінде гормонды препараттар/эстроген, прогестерон және андроген гормондары біріктіріліп жасалады.

Кастрациядан кейінгі синдром

Бұл синдром-жүйке –психикалық , вегетативті-тамырлы және эндокринді бұзылыстардың жиынтығы. Ол аналық безді алып тастау хирургиялық операциясынан кейін дмиды. Әсіресе әр түрлі соматикалық, жүйке-психикалық немесе эндокринді аурулары бар әйелдерде бұл синдром ауыр өтеді.

Емі: Емі комплексті болуы керек. Емдік жаттығу,суды ем, дене шынықтыру айналысу, орталық жүйке жүйесіне седативті әсер етумен сипатталады, физикалық ем /мойын-бетгальванизациясы, гальваникалық жаға/ жасалады.Жас болса, қарсы көрсеткіштері болмаған жағдайда орын басу гормонды емін, аналық без тіндерін қондыруды қолданады.Етеккір қызметі бұзылуындағы еңбекке жарамсыздық экспертивасы.

Етеккір қызметінің бұзылуы көп жағдайда еңбекке бейімділік қасиетін жоймайды, ал оның белгілері еңбекке жарамсыз қағазын берудің себебі болып табылмайды.Аменорея, өте күшті емес ауру синдромында уақытша еңбекке жарамсыз фактын қоюға негіз жоқ. Бұл жағдайларда еңбекке жарамсыздық қағазы тек қана науқасың тексерілуіне байланысты ауруханада жатқан күндеріне берілуі тиіс және жұмысқа шығуына сәйкес жабылады.

Уақытша еңбекке жарамсыздықтың себептері:жатырдан өте күшті қарқында қан кету, қан аздықтың дамуы/гемообин-100г/л-ден төмен/, өте күшті дамыған ауру синдромы. Бұл жағдайларда еңбекке жарамсыздық мерзімі 3-6 күнге созылады,ал қан аздықта гемоглобиннің оң динамикасы еңбекке жарамсыз жағдайының қалпына келуінің критериясы болып табылады.

Бір қатар жағдайларда кәсіби еңбегінен уақытша қарсы көрсеткіш факторларын алып тастау көрсетіледі/ауыр физикалық еңбек,ұзақ жүріс, ауыр заттарды көтеру, вибрация, у-шу, өндірістік уланумен, іс-сапармен байланысты жағдайлар/.

Альгодисменорея дегеніміз не және оның белгілері.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Қан кетудің көбеюі және етеккірдің ұзаққа созылуы.

Гипоменструальды синдром және аменорея дегеніміз не.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ