Әйел жыныс мүшесінің қабынуы

Әйел жыныс мүшесінің аурулары ішінде қабыну процестері жиілігі жағынан бірінші орында және гинекологиялық аурулардың 60-65%-де кездеседі.Қабыну аурулары науқастың еңбекке жарамдылығын төмендетеді, кейде әйел өміріне де қатерлі.Бұрын ауырған қабыну процестерінен кейін, науқастың етеккір қызметінің бұзылуы, бедеуліктің дамуы мүмкін.

Қабыну ауруларының жиі себептеріне: жұқпалы ауру қоздырғыштар, сонымен қатар термиялық, химиялық, механикалық факторлар жатады.Ауру қоздырғыштары ішінен : стафилококк, стрептококк, вирустар, гонококк, ішек таяқшалары,туберкулез микробактериясы, бірнеше микробтар жиынтығы /ассоциасы/.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну ауруларын организм мен микроб-қоздырғышы арасындағы күрделі өзара әсердің нәтижесі деп қарастыру керек.Сондықтан әйел жыныс жүйесіндегі қабыну процестерінің дамуы организмнің инфекцияға қарсы күресу күшіне байланысты,ол науқастың жасымен, оның жалпы жағдайымен, қосымша аурулар барлығымен /қаназдық, авитаминоз және т.б./ анықталынады.Қолайсыз жағдайда /организмінің әлсіреуі/ қабыну процесі шартты-патогенді флорамен дамиды.

Қабыну процесі организмнің зиянды агенттер әсеріне бағытталған күрделі рефлексті реакциясы. Әсер еткен жерде тіндер зақымданады.Қан айналымы бұзылады, зат алмасу процестері өзгеріске ұшырайды,қан тамырлары төрлеп, лейкоциттер мен лимфоциттер тіндерге шығады.

Бұл өзгерістер организмнің жалпы реакциясымен өтеді:науқас қалтырайды, денесі қызады, лейкоцитоз байқалады, организмнің реактивтік қасиеті өзгереді, гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті мүшелер жүйесінде өзгерістер байқалады. Қабыну процестерінің жиі кездесуі ең алдымен жыныс мүшесінің анатомиялық орналасуына байланысты.

Жыныс мүшесінің қабынуы абортпен, әсіресе, криминалды абортпен, босанумен, диагностикалық және емдік мақсатта жатыр ішіне жасалған іс-шаралармен /манипуляция/ тығыз байланысты. Бұл жағдайда шырышты қабаттың тұтастығы бұзылады/ жатырдың, жатыр мойының/, сонымен қатар астында орналасқан тіндер де өзгеріске ұшырайды/ мысалы,босану кезіндегі жатыр мойнының жарақаты/.

Осы аталған өзгерістер инфекция кіруіне ықпал жасайды.Жыныс мүшесінің қабыну іш қуысыңдағы басқа мүшелер қабынуында/ мысалы, соқырішек-апендицит/ сигма тәрізді ішектің қабынуында және т.б./ байқалуы  мүмкін, ол бұл мүшелердің топографо-анатомикалық өзара қарым-қатынастылығына байланысты.

Организмнің инфекцияға қарсы күресу күшінің әлсіреуіне және қабыну процесінің дамуына әкелетін қолайсыз жағдайлар : аборт /түсік/,босану,аборттан кейінгі кезең, етеккір кезеңі, қаназдық, авитаминоз ашығу, салқын тию, созылмалы инфекция ошақтары, организмнің қорғану күшін әлсірететін ұзаққа созылған және ауыр түрдегі жалпы аурулар тобы.

Қабыну процесі дамуының 3 сатысы бар:жедел,жедел үсті, созылмалы.Аурудың ақыры төмендегідей болуы мүмкін: толық айығумен, мүшенің анатомиялық құрылысы мен қызметінің бұзылуы байқалатын толық айықпаумен, процестің созылмалы түрге өтумен, аурудың қозуы мен мүше тіндерінің бұзылуы мен, кейде науқас өлімімен аяқталады.

Қабыну  процесі орналасуына сәйкес топтастырылады:

1) сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы;

2) қынаптың қабыну аурулары;

3)жатырдың қабыну аурулары;

4) жатыр қосалқысының қабыну аурулары;

5) жасбастың шел қабаты мен іш пердесінің қабыну аурулары.

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

Қатерсіз ісіктер мен әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары.

Әйел жыныс мүшесінің туберкулезі сипаттамасы және емі.

Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Гүлбану

    Саламатсызба маған женской жаққа сүйем сияқты жара шықты екі қабат кезде шығып еді әлі кетпей жатыр 30апта шықан.енді күйеуіме шықты бұл не жара екен.Емін айтып жібересізба (грибок)сияқтыма білмейм .

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ