Әйел бедеулігі

Әйел бедеулігінің жиі болатын себептеріне әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары және онан кейінгі өзгерістер жатады/60-70%-тік жағдайда/. Қабыну процестерінің ішінен жатыр қосалқысының қабынуы бедеулікке әкеліп соқтырады, онда жатыр түтікшесінің бітелуі, аналық без қызметінің бұзылулары байқалады.

Жатыр түтікшесіның бітелуі жиі гонореялы /сальпингитте/ жатыр түтікшесінің қабынуында, кейде ерекше емес қабыну процестері нәтижесінде пайда болады. Бедеулік жиі түсік /аборт/ немесе патологиялық босанудан кейін дамиды.

Аборттан кейінгі қабыну процестерінің нәтижесінде жатыр түтікшесінің бітелуі және жатыр шырышты қабатының өзгерісі пайда болады. Бірінші жүктілікті алдыру өте қауіпті. Сальпингит /жатыр түтікшесінің қабынуы/ жатыр түтігінің бітелуіне әкелумен қатар оның қозғалу қасиетін бұзады.

Жатыр түтікшесінің шырышты қабытында дистрофиялық өзгерістер пайда болады, ол ұрықтану процесіне кедергі жасайды.Аналық бездің қабынуында овуляция процесінің бұзылуы мүмкін, ұрық клеткасы іш қуысына түспейді, ал аналық без маңайында /жабысқан жерлер пайда болса/ жабысқан тыртықтар пайда болса, ұрық клеткасы жатыр түтікшесіне өте алмайды /қалыпты жағдайдағы овуляция кезінде/.

Сонымен қатар аналық бездің эндокринді қызметі де бұзылады.Эндоцервициттің /жатыр мойын каналы шырышты қабатының қабынуы/ де бедеулік этиологиясында алатын орны бар, өйткені ол жатыр мойын каналының қызметін өзгертеді.

Сонымен қатар кольпитте-қынаптың шырышты қабатының қабынуы да бедеулік туғызуы мүмкін, өйткені қабыну кезіндегі бөлінетін іріңді ақ сұйықтық сперматазоидтар қозғалысына әсер етеді, оның өлімін туғызады.

Бедеулік әр түрлі эндокринді өзгерулер кезінде дамуы да мүмкін. Бұл жағдайда аналық бездің қызметі бірінші бұзылады, ол жыныс мүшесінің даму жетіспеушілігінде немесе аналық бездің фолликулярлы аппаратының әр түрлі жұқпалы аурулар нәтижесінде зақымдануында, улану жағдайларында байқалады, аналық клетканың жетілу және овуляция процестерінің бұзылуы, аналық бездің гормонды қызметін бұзады.

Жыныс мүшесінің инфантилизм және гипоплазиясы да бедеулікке әкеліп соқтырады.Бұл жағдайда жыныс мүшесінің толық жетілмеуіне байланысты анатомиялық және функциональды ерекшеліктері /терең емес артқы күмбезді ұзарған тарылған қынап, тарылған мойынша каналы, аналық бездің гормонды қызметінің төмендеуі, эндометрийдің циклді процестерінің толық жетілмеуі, жатыр түтікшесі қызметінің толық еместігі және т.б/.

Қалқанша без, гипофиз, бүйрек үсті бездерінің ауруларына байланысты екінші рет өзгереді. Микседема, гипотиреоз, қантты диабеттің ауыр түрлері, Иценко-Кушинга, семіздік аурулары, бедеулік дамуына әкеледі.

Сонымен қатар жыныс мүшесінің жарақаты мен орнынан жылжуы /бұрынғы шат аралық жердің жарығы, жатырдың жылжуы мен бүгілуі, жатыр қуысының қан ұйығы, жыныс қуысының ашылуы, қынап қабырғасының төмендеуі, мойын каналының бітіп өсіп кетуі, жатыр мойнының теріс айналуы/ де бедеулік себебіне жатады.

Эндометриоз, жыныс мүшесінің ісігіңде бедеулік жанама белгілерге жатуы мүмкін. Жалпы аурулар және улану /туберкулез, мерез, маскүнемдік және т.б/, сонымен қатар дұрыс тамақтанбау, авитаминоз, психикалық аурулар аналық бездің қызметін бұзатын қиын өзгерістерге ұшыратады.

Соның әсерінен бедеулік дамуы мүмкін. Бедеулік дамуына иммунологиялық факторлердің де қатысы болуы мүмкін /әйел организмінде сперматазоидтарға қарсы антителаның пайда болуы әсерінен/.

Бедеулік дегеніміз және оның қандай түрлері болады?

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

Секретті және жыныстық қызметі туралы не білеміз.

Әйел жыныс мүшесінде кездесетін ауытқушылықтар.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ