Әйел жыныс мүшесінің аномалиясы

Жыныс мүшесінің бастамасы, оның қалыптасуы және дамуы құрсақ кезеңінде өтеді.Баланың генетикалық жынысы жыныс хромосомының жиынтығымен анықталынады. ХХ хромосомының жиынтығы адамның әйел жыныстылығын білдіреді, бұл адамда әйелдің жыныс бездері-аналық бездері дамиды. Баланың жыныс мүшесінің дамуы және жіктелуі баланың өз организмінде пайда болатын, ананың қанынан, бала жолдасынан келетін жыныс гормондарының әсерімен өтеді.

Әйел жыныс мүшесінің дамуы. Эмбрион-ұрықтың жыныс мүшелері мен зәр шығару жүйесі бір ұрықты қабаттан /мезодерма/ пайда болады,сондықтан жыныс мүшесінің аномалиясы зәр шығару жүйесінің даму ауытқуымен қатар жүреді. Аналық бездер бастама түрінде, әлі жыныс жіктелуі болмаған, ұрық дамуының алғашқы апталарында бүйрек бастамасы мен омыртқа жотасының аралығында орналасқан жыныс валиктерінен дамиды.

Құрсақ дамуының 3 айлығында аналық бездің жіктелуі басталады, олар төмен ығысып, кіші жамбасқа түседі.Жатыр, жатыр түтікшелері, қынап-мезодермальды /мюллерлі/ өзектен дамиды, ол құрсақ дамуының 4-ші аптасында несеп-жыныс бүрмесінің маңайынды пайда болады.

Мезодермальды өзектер басында тұтас болады, кейін онан қуыс пайда болады. Құрсақтық дамудың 2-3 айлығында  екі өзек ортаңғы және төменгі бөліктерінде қосылып, бір жалпылама қуыс пайда болады. Осы қосылған бөліктерден жатыр және қынап, ал қосылмаған бөліктен-жатыр түтікшелері дамиды.

Сыртқы жыныс мүшелері-несеп-жыныс қуысынан пайда болады. Ұрық денесінің төменгі бөлігінде клока немесе қуыс пайда болады, оған ішектердің төменгі ұшы, біріншілік бүйректің /вольфтар/ өзекрені ашылыды, одан несеп жолдары және мезодермальды өзектер қалыптысыды. Біртіндеп несеп-жыныс қуысы көтеншектен ажырайды.

Клоаканы қоршаған тіндерден біртіндеп шошақай, кіші және үлкен жыныс еріндері қалыптасады.Жыныс жүйесінің даму аномалиясына қыз баланың жыныстық даму процесінің бұзылуы мен жыныс мүшесінің даму ақаулығын жатқызу керек. Жыныстық даму процесінің бұзылуы- «Балалық шақтағы гинекология» тарауында берілген.

Жыныс мүшесінің даму ақаулығы

Жыныс мүшесінің даму ақаулығы эмбриогенез процесі кезінде пайда болады, ұрыққа зақымдау әсерін тигізетін факторлар нәтижесінде дамиды. Зақымдау факторларына: анасының аурулары /жұқпалы, эндокринді/, улану ішімдік, наркотиктер қолдану, химиялық зиянды заттар, радиация, жүктілік  пен босану кезіндегі асқынулар /жүктілік гестозы, әсіресе оның ауыр түрлері, бала гипоксиясы, босану процесі кезіндегі бала жүйке жүйесінің жарақаты/. Жыныс мүшесінің даму ақаулығы генетикалық ауытқушылыққа сәйкес дамуы мүмкін.

Сыртқы жыныс мүшесінің даму ақаулығы термафродитизм іштен туа біткен адреногенитальды  синдром түрінде кездеседі. Гермафродитизм-жеке адамда екі жыныстық белгінің болуы. Шын мәніндегі гермафродитизм сирек кездеседі. Бұл жағдайда жыныс бездері аталық және аналық бездердің тінінен тұрады.Ішкі жыныс мүшелері мен екіншілік жыныс белгілері айрықша әйел мен еркек типтес болуы мүмкін.

Жалған гермафродитизм немесе псевдогермафродитизм-бұл ақаулықта сыртқы жыныс мүшелерінің құрылысы жыныс бездерінің тәніне сәйкес келмейді. Жалған әйел гермафродитизмінде ішкі жыныс мүшелері дұрыс қалыптасқан, аналық бездері, жатыр, оның түтікшелері, қынабы болады.

Сыртқы жыныс мүшелері құрылысы жағынан ерлер типті: шошақайы /түрткі/ үлкейген, үлкен жыныс еріндері ерлер умасына ұқсайды, қынап төменгі үштен бір бөлігінде үрпімен байланысқан /урогенитальды синус/. Әйел псевдогермафродитизмі іштен туа біткен адреногенитальды синдромда дамиды, ол глюкокортикоидтын бұзылған биосинтезінде кездеседі. Сыртқы жыныс мүшесінің ақаулығы зәр шығару каналы мен көтеншектің ақаулығымен қатар келуі мүмкін.

Аналық бездің даму ақаулығы

Аналық бездің ақаулығы аналық біреуінің жоқтығында, гонадтын дисгенезиясы мен склерокистозды аналық безде кездесуі мүмкін.

Гонадтың дисгенезиясы

Гонадтың дисгенезиясы Шерешевский-Тернер синдромы-хромосомды өзгерістерге байланысты дамитын генетикалық ауру. Бұл-аналық без тіндерінің біріншілік жетіспеушілігі. Гонадтың диспенезиясы жұқпалы аурулар: жүктілік кезіндегі ұрықтың жыныстық жіктелуі кезеңіндегі ана улануы сияқты  жағдайларда кездеседі.

Қыз балалар бойларының өсуі жағынан қалады, кейде ой-қабілетінің дамуы жағынан да қалады, басқа жүйелер мен мүшелердің көпшілікті ақаулары байқалады. Гонадтық дисгенезиясы біріншілік аменореямен /етеккірдің келмеуі/, жыныс белгілерінің жоқтығымен, емшек бездерінің, жатырдың, сыртқы жыныс мүшелерінің дұрыс жетілмеуімен сипатталады.Емі: Эндокриндік бұзылуларды жыныстық гормондардың орнын басатын препараттармен қалпана келтіреді.

Аналық бездің склерокистозды синдромы

Штейн-Левенталь синдромы- аналық бездердегі энзимді жүйелердің толық жетілмеуі нәтижесінде жыныс гормондарының синтезі бұзылады. Бұл ауру тұқым қуалайтын ауруларға жатады.Бұл жағдайда ерлердің жыныс гормондары /андрогендер/ көп бөлінеді. Клиникалық жағынан гипаменструальды синдром немесе аменария байқалады, екіншелік жыныс белгілері түктену мен бедеулікпен сипатталады.

Емі: консервативті /гормонды препараттар/, сонымен қатар оперативті /аналық безді сына тәрізді кесіп алу немесе лапороскопиям  кезіңдегі гонадының термокаутеризациясы/ болады.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

Жатыр мен қынаптың даму ақаулығын қалай емдейді.

Жыныс мүшелерінің қан, лимфа тамырлары және жүйке жүйелері.

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ