Ауылдық жерлердегі гинекологиялық көмек

Ауылдық жерлердің тұрғындарына гинекологиялық көмекті мынадай емдеу-профилактикалық мекемелері көрсетеді: әйелдер консультациясы , фельдшерлік-акушерлік пункт, босану үйі, ауылдық аймақтық аурухана, аудандық және орталық, ауруханалар. Ауылдағы акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру сатылы принцип бойынша құрылады.

Бірінші сатысында бұл көмекті дәрігерсіз жұмыс істейтін фельдшерлік-акушерлік пункттың , ұжымдардың босану үйінің және ауылдық аймақтық аурухананың аяжандары көрсетеді. Бұл сатыда аяжанның жүргізетін жұмысы негізінен профилактикалық сипатта болады және гинекологиялық аурулардың алдын алуға бағытталған. Қажет болса, аяжан жедел көмек көрсетуге міндетті және науқасты тасымалдауға санитарлық авиацияны шақырады.

2-ші сатысында стацонарлық көмек дәрігер-гинекологы бар ауылдық аймақтық немесе аудандық ауруханаларда көрсетіледі.Дегенмен , мұнда тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін науқастарды жатқызбайды, өйткені бұл ауруханаларда дәрігер-гинекологтың тәуліктік кезекшілігі жоқ.

Амбулаторлық және стационарлық гинекологиялық-көмек көрсетудің негізгісі көмектің 3-ші сатысы болып табылады, ол аудандық әйелдер консультациясынан, орталық аудандық ауруханасынан  және орталық аудандық аурухананың гинекологиялық бөлімдерінен тұрады.Аудандық ауруханаларда гинекологиялық науқастарға арналған төсек хирургиялық бөлімнің құрамынан беріледі.

Мамандандырылған тексеру мен емдеуді қажет ететін гинекологиялық науқастарды, бұл көмекті көрсету үшін 4-ші /әйелдер консультациясы, қалалық және облыстық босану үйлері мен ауруханаларының стационарлары / және 5-ші сатылардың /әйелдер консультациясы және арнаулы мекемелердің, ғылыми-зерттеу институттарының акушерство және гинекология кафедраларының клиникалық базыларының стационарлары / мекемелеріне жібереді.

Сатылық жүйелік қызмет ауылдық жерлердің тұрғындарын мамандандырылған гинекологиялық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Орта медицина қызметкерлерінің мамандық сапасының үлкен маңызы бар, өйткені ол аурулардың алдын алу үшін мезгілінде іс-шаралар қабылдауға, медициналық көмектің көлемін анықтауға міндетті және науқасты тиісті емдеу мекемесіне жіберу қажет.

Мамандандырылған гинекологиялық көмек кімдерге көрсетіледі.

Гинекология саласындағы әйелдерге көрсетілетін қызмет түрлері.

Гинекологиялық емхана /стационар/.

Медициналық деонтология дегеніміз не?

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ