Әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді аурулары

Ісіктер-тіннің патологиялық қалыңдап өсуі, қалыпты жағдайдағы пішіні мен қызметін жойған, сапасы жағынан өзгерген клеткалардан тұрады. Олардың бір ерекшелігі сол, ісік дамуына әкелетін сыртқы факторлердің әсері тоқтағаннан кейін де өсуге мүмкіншілігі болады.

Әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді ауруларының ісіктен айырмашылығы, олар патологиялық қалың өсудің және организмнің сапасы жағынан өзгерген клеткаларының көбебінің нәтижесі емес, мысалы түтікше мен аналық бездің қабыну ісігі аналық бездің кистасы-жабық қуыста сұйықтықтың жиналуы болып табылады.

Қатерлі және қатерсіз ісік болып бөлінеді. Қатерсіз ісіктер өсуіне сай қоршаған тіңдерді ығыстырып қысады. Қатерлі ісіктер қоршаған тінге өсіп кетеді және оны зақымдап бұзады. Қатерлі ісіктер метастаз беруге бейім, ісік клеткалары қан, лимфа тамырлары арқылы жақын, алысқа орналасқан мүшелер мен тіндерге тарайды, ісіктің дамуы бірнеше кезеңнен өтеді.

     1)клетка санының біркелкі емес көбеюі /гиперплазия/

     2)ошақты өсулер

     3)өз алдына жекеленген ісік түйінінің пайда болуы

    4)қоршаған тіндер инфильтрациясы және оның бұзылуы, ісіктің қатерлі ісікке өтуі.

2-ші және 3-ші кезеңдерді қатерлі ісік алдындағы кезеңдер деп атайды. 1-ші кезең ісік дамуына қолайлы фон болып табылады. Ісіктің дамуы организмнің реттеу жүйелеріне бағынышты болмайды, бақылаусыз өтеді. Қатерлі ісіктер организмнің жалпы жағдайына қолайсыз әсер етеді, жүдеулікке әкеп соқтырады.

Қатерсіз ісіктердің тіндерді бұзу және метастаз беру қабілеті жоқ, кейде организмнің жалпы жағдайына қолайсыз әсер етеді /мысалы, миомадағы қан кету, қан аздың, көрші мүшелердің қызметі бұзылады/. Ісіктер этиологиясы жөнінде қазіргі кезде дейін жалпы қабылданған мәлімет жоқ.

Соңғы кездері әйел жыныс мүшесінің ісіктерінің дамуына гормондардың маңызды әсері бар екендігі жөнінде мәлімет алынды. Бұл ісіктер гормонға бағынышты болады, өйткені тікелей нейро-эндокринді реттеу әсерімен жүретін мүшелерде дамиды.

Ретенционды кисталар және эндометриоз

Ретенционды кисталар әйел жыныс мүшесінің ісік тәрізді ауруларына жатады. Киста іші сұйыққа толы, сұйықтың көп бөлінуі не тұрын қалуынан пайда болады. Кисталар сұйықтың жиналып қалуынан үлкейеді, вульва, қынап, жатыр мойны, аналық без, жалпақ сіңір және т.б. әйел жыныс жүйесінің барлық бөліктерінде кездесуі мүмкін. Кисталар аналық без және оның қосалқысының үстінде жиі кездеседі. Аналық бездің кистасы: фолликулярл, сары дененің кистасы, текалютеинді кисталар болып бөлінеді.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

Фолликулярлы киста анықтау жолдары және емі.

Аналық бездің қатерсіз ісіктерінің қандай түрлері болады.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы қанша түрге бөлінеді толық ақпарат.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Ақсәуле Нариман

    Өте құнды ақпараттар үшін рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ