Ерлер бедеулігі

Ерлер бедеулігінің жиі кездесетін себебіне әр түрлі қабыну аурулары, жарақаттар, зақымдайтын химиялық және термиялық факторлар, маскүнемдік, нейроэндокринді бұзылулар әсерінен болатын сперматогенез процесінің бұзылулары жатады. Сирек жағдайларда ерлер бедеулігі жыныс әлсіздігімен, шәухет несеп жолдарының қабынудан кейінгі тыртықты өзгерістерімен байланысты болады.

Бедеулік азоспермия/сперматазоидтың жоқтығы/, некроспермия  /қозғалатын  сперматазоидтың жоқтығы/, аспермия /сперманың жоқтығы/, олигоспермия /сперматазоид санының азаюы/ жағдайларында дамиды.Шәухеттегі сперматазоидтың сандық деңгейімен қатар, сперманың сапасын бағалау мақсатында ұрық сұйықтығының биохимиялық құрамын білудің де маңызы бар.

Анықтау. Бедеулік себебін білу үшін ерлі-зайыптыны бірдей тексереді. Ерлер бедеулігін анықтаудың жеңілдігіне байланысты тексеруді ер адамнан, яғни әйелдің жолдасынан бастайды.Ерлер бедеулігі кейбір жағдайларда сұрау мен қараудан кейін анықталынады.

Генеративті қызметінің жағдайын дәл анықтау үшін жаңа сперманы зерттейді. Гидрокарбонат натрий ерітіндісімен жуылған ыдысқа сперманы үзілген жыныс қатынасынан кейін жинайды. Алынған материалды 30-40 мин көлемінде тексеру лабораториясына жеткізу қажет /дене қызуына сәйкес жағдайда/.

Сперманың бір тамшысын жылытылған зат шынысына тамызып, боялмаған препаратта сперматазоидтар санын, жылдамдығын, аз қозғалатын және қозғалмайтын, дегенеративті өзгеріске ұшыраған клеткалардың барлығын анықтайды. Сперматазоидтар санын санау камерасында міндетті түрде сперманың 1мл-дегі санын, соның ішінде қозғалатындарының процентін анықтайды.

Спермадағы өзгерістер уақытша болуы мүмкін, сондықтан бұл тексеруді қайталауға болады. Әйел бедеулігінің себебін анықтау үшін әйелді міндетті түрде толық және жан-жақты тексеруден өткізу керек. Анамнез жинау барысында бедеуліктің себептері болып табылатын өзгерістерге айрықша көңіл бөлу керек.

Оған жыныс жүйесі дамуының кешігуіне ықпал ететін жағдайлар /балалық шақтағы жұқпалы аурулары /, етеккір қызметінің ерекшеліктері /аменорея, меноррагия, гипоменструальды синдром, альгоменорея/ жатады.Секрет қызметінің бұзылуын анықтайды /ақ сұйықты бөліндінің көп келуі жыныс мүшесінің қабыну процестерін көрсетеді/.

Бала туу қызметінің сипаттамасы бедеулік себебін жобалауға көмектеседі. Біріншілік бедеулік инфантилизмде, әйел жыныс мүшесінің туберкулезінде, генетикалық дұрыс жетілмеуінде байқалады.Анамнезінде аборт не босану асқынуларының болуы, екіншілік бедеуліктің қабыну процестерінің нәтижесінде пайда болғандығына себеп болады.

Бұрын ауырған гинекологиялық аурулары және операциялары жөніндегі мәліметі бедеулік себебін анықтауға мүмкіндік береді. Обьективтік тексеру барысында әйелдің дене құрылысына, бойының ұзындығына, емшек безінің даму дәрежесіне көңіл аударады.

Гинекологиялық тексеру барысында бұрынғы ауырған не қабыну процестеріне тән белгілер /уретрит-несеп жолының қабынуы, бартолинит, кольпит, эндоцервицит, эрозия, сальпингоофорит/, инфантилизм белгілері /жыныс ернінің дұрыс жетілмеуі, тарылған және қысқарған қынап, қатайған артқы күмбез, ұзарған конус тәрізді жатыр мойыны, жатыр өлшемдерінің кішіреюі/, жатыр мойыны мен шат аралық жердің бұрынғы жарықтары, жыныс мүшесінің орналасу және құрылысты ауытқулары, ісіктердің табылуы мүмкін.

Қосымша тексеру әдістеріне қанның клиникалық анализы, несеп жолдарының, қынап және жатыр мойнының жұғынды бактериоскопиясы жатады. Аналық бездің функциональды жағдайын функциональдық анықтау тесттері, кіші дәреттегі немесе қан плазмасындағы стероидты гормон мөлшерін анықтау арқылы тексереді.

Керек жағдайда гипоталамус-гипофиз-аналық без бүйрек үсті безі жүйесіндегі бұзылу деңгейін дәл анықтау мақсатында түрік еріне рентгенография жасалады, кіші дәрет не қан плазмасындағы гонадотропты гормон мөлшерін анықтайды, қажет болса гормонды сынау жүргізіледі.

Ішкі жыныс мүшесінің жағдайын кульдо және лапароскопия, сонымен қатар рентгенопельвиография жасау арқылы анықтайды. Жатыр қуысының жағдайын гистерография жасау арқылы білуге болады. Генетикалық ақауға күмән туса, арнаулы мекемелерде медико-генетикалық тексерулер жүргізіледі.

Түтікше бедеулігін теріске шығару үшін жатыр түтікшесінің жағдайын гистеросальпингография және түтікшені үрлеу көмегімен /пертубация/ тексереді. Жатыр түтікшесін үрлеу /пертубация/ арнаулы прибор көмегімен жатыр қуысына ауа үрлеу болып табылады.

Егер түтікшелер өткізетін болса, онда ауа іш қуысына өтеді, оны прибор көрсетуіне және кейбір белгілеріне сәйкес анықтайды. Егер бұл белгілер жоқ болса, жатыр түтікшелері өткізбейтін болғаны. Пертубация жасауға Мандельштам приборы қолданылады. «Қызылгвардеец» зауыты шығарған бұл аппарат арқылы жатыр түтікшесінің өткізу және жиырылу күші бір мезгілде жазылады /кимопертубация/.

Жатыр түтікшесіне пертубация жасау бір қатар сақтану шараларын сақтауды, асептика және антисептика ережелерін және төменгі жағдайларды жасауды талап етеді: тексеру алдында міндетті түрде бактериоскопия жасалады. Қынаптың 1-2-ші дәрежелі тазылығы қажет, жедел, жедел үсті және созылмалы қабыну процестерінің қозуын болдырмау шарт, етеккір және етеккір алдындағы кезеңдерді болдырмау қажет.

Пертубация жасалмайтын қарсы көрсеткіштер:

1) қынаптың 2-3 дәрежедегі тазалығы

2) кольпит, эрозия-жара, эндоцервицит, ішкі жыныс мүшесінің жедел, жедел үсті қабыну аурулары

3) қанды бөліңдінің келуі

4) жатыр және оның қосалқысының ісіктері

5) жүктілікке күмәнді жәйттер.

Пертубацияны қуықты босатқаннан кейін, науқасты гинекологиялық креслоға жатқызып жасайды.Керекті құралдар жиынтығы: қынаптың айналар, қысқаштар, тығын /Манжельштам приборының бөлігі/, корнцанг, зарарсыздандырылған матералдар, спирт, иод тұнбасы.

Жатыр түтікшелері өткізсе, ауа жатыр және іш қуысына жүйедегі қысым 75 см сынап бағанасына жеткенде өтеді. Егер жатыр түтікшесі тарылса, онда ауа қысым 100-125 мм. сын.бағ. дейін көтеріледі, бұл шекара шегі болып табылады, өйткені ауа райы қарай айдалса, түтікше жарылып кетуі мүмкін. Пертубация жасалғанда науқас жағдайын және жатыр түтігінің өткізу белгілерін қадағалау қажет.

1)Егер түтік өткізсе, жүйедегі ауаның қысымы төмендейді және монометр стрелкасы төмен түседі.

2)Мықын маңайын тыңдау барысында жатыр түтікшесі арқылы ауа өткенде өзіне тән дыбыс сезіледі.

3)Бұғана маңайында ауру белгісі пайда болады /френикус белгісі/

4)Кимографиялық қисық басында көтеріледі, содан кейін ауаның іш қуысына өтуіне байланысты төмен түседі. Осы аталған белгілердің жоқтығы жатыр түтікшесінің өткізбейтіндігін білдіреді. Жоғарыда аталған ережелер сақталса, пертубация-өте қиын емес, қауіпсіз минипуляцияға жатады.

Гистеросальпингография-жатыр ішіне рентгенкотрасты затын жіберу, жатыр түтікшесі өткізсе, іш қуысына өтеді, ол рентгенография арқылы көрінеді. Иодолипол /иодтанған май/ және суда еритін /карбиотраст, уротраст, верографин/ контраст заттары қолданылады.Гистеросальпингография пертубация жағдайында /жасауға болатын және болмайтын жағдайлары пертубацияға сәйкес/, етеккір циклінің 18-21 күндері жасалады.

Керекті құралдар жиынтығы: қынап айнасы, қысқыштар, жатыр зоңды, Браун шприці, корнцанг, зарарсыздандырылған материал, спирт, иод тұнбасы, рентгенконтрасты зат.

Жатыр тығыны киілген Браун шприцімен 2-5 мл мөлшерінде контрасты затты жатыр ішіне жібереді /рентген столында науқас арқасына жатады/, жіберген бойда және 5-8 мин өткен соң түсіреді.

Алғашқы екі түсірімді қарағаннан кейін, егер контрасты зат іш қуысында анықталынбаса, түтікше түйілуін теріске шығару мақсатында, 3-ші түсірімді 15-20 мин өткеннен кейін жасайды.Рентгенді түсірімде жатыр түтікшесі өткізсе, жатыр қуысы мен түтікше контурынан басқа да контрасты зат пішінсіз дақ не өңір түрінде іш қуысында да анықталынады.

Жатыр түтікшесінің өткізгіштігін анықтау үшін гидротубация, пертубацияға арналған аппарат көмегімен дәрілер қосындысын жатыр ішіне жіберу қолданылады. Гидротубация диагностикалық және емдеу мақсатында қолданылады.

Емі. Емі әйел мен ердің бұзылған репродуктивті қызметін қалпына келтіруге арналады, өйткені түтікті бедеуліктің негізгі себебі-жатыр түтігіндегі органикалық өзгерістер, кіші жамбастағы жабысу процестері, әйел жыныс мүшесінің әр түрлі қабыну ауруларының нәтижесі.

Бедеуліктің бұл түрі саты бойынша және микрофлораның сезімталдығын ескере отырып, антибиотиктермен ұзақ емделеді. Түтікті бедеуліктің консервативті емі бактерияға қарсы емнен, продигиозан не пирогеналмен емдеу, физиотерапиялық-батпақ емдерінен тұрады. Антибиотиктермен, лидаза, гидрокортизон дәрілерімен гидротубация жасалады.

Консервативті ем тиімсіз болғанда оперативті әдістер қолданылады: лапароскопия /жатыр түтікшесі маңайындағы жабысқан тіндері айыру мақсатында /, ішті жару /жатыр түтікшесін жабысу тіндерінен ажырату үшін/, сальпингостомия /түтікшеде тесік жасау үшін /, түтікшенің өтпейтін бөлігіне резекция жасау және анастомоз жалғау сияқты операциялар тобы жасалады.

Соңғы жылдары жатыр түтікшесіне микрохирургиялық пластика әдісін қолдана бастады.Жыныс мүшесінің инфантилизмдегі бедеулікте жалпы нығайту, физиотерапиялық батпақ емдері, гормонды коррекция жасалады. Бедеуліктің эндокринді түрінде бұзылулар түріне сай орнын басу не күшейту емдері /циклді, прогестеронды/, эстроген-гестагенді препараттар қолданылады.

Қазіргі уақытта жасанды ұрықтану қолданылады. Ерлер бедеулігінде қынаптың артқы күмбезіне не жатыр ішіне сперматазоидты енгізу жасалады. Соңғы кездері жатыр түтігінің жоқтығында не оның түгел өткізбеуінде /абсолютты бедеулік/, біздің еліміздің кейбір клиникаларында экстракорноральды /жатырдан тыс/ ұрықтандыру кеңінен қолданылып келеді.

Бұл әдіс бойынша жетілген аналық клетканы фолликулға ультрадыбысты не лапароскопиялық пункция жасау арқылы алып, ер адамның ұрығымен пробиркада ұрықтандырады, сосын белгілі бір даму сатысында ұрықты жатыр ішіне отырғызады. Ерлер бедеулігін арнайы мекемелерде емдейді.

 Алдын-алу. Балалық және жыныстық жетілу кезеңдеріндегі жұқпалы аурулардың, сонымен қатар жыныс мүшесінің қабыну ауруларының алдын-алу бедеуліктің алдын-алу бедеуліктің алдын-алу болып табылады.

Бұл жағдайда жасанды аборттың алдын-алудың, контрацептикалық /жүктіліктен сақтану/ жаңа әдістерді таратудың, босану кезіндегі асқынулардың алдын-алудың, соз ауруының алдын-алу шараларын жасаудың маңызы зор.

Сонымен қатар, әйелдің репродуктивті қызметін қорғауға арналған жалпы сауықтыру шаралар жүйесінің маңызы бар. Бедеуліктің алдын-алуда санитарлық-ағарту жұмыстарының да маңызы зор.

Әңгімелер жүргізу барысында жыныстық өмір  тазалығына, аборттың зиянды әсерлеріне, әсіресе емханадан тыс жасалатын аборт түрлеріне, оның организмге тигізетін зиянды әсеріне, алғашқы жүктілікті алдыру қауіптілігіне  тоқталу парыз.  

Әйел бедеулігі және оның жиі кездесетін себептері.

Бедеулік дегеніміз және оның қандай түрлері болады?

Гинекологиялық ауруларды тексерудің қандай әдістері болады.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Нұрлан

    Жай қарапайым адамға бұл мақаланы түсіну қиын болар. Бір, екі жыл күтіп нәтижесе болмаса дәрігер жағалап жүгіріп кетеміз. Аса шыдамдылық керек емделуге.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ