Жатыр түтікшелері

Жатыр түтіктері-жатырдың жоғары оң  және сол жағындағы екі бұрышынан басталып,екі жаққа шығып,кіші жамбасқа қарай ығысып жатады.Әрбір жатыр түтіктерінің  ұзыңдығы-10-12см,қалыңдығы-0,5см. Жатыр түтіктерінің қабырғасы-3 қабаттан тұрады.Олар бір қабатты цилиндрлік, жыбырлағыш эпителиймен қапталған,кірпіктері, түктері жатыр жағына қарай қозғалатын ішкі-шырышты,ортаңғы-бұлшық ет, соңғы-сероздық қабаттардан тұрады.

Жатыр түтіктері жатыр қабырғасының ішімен өтетін саңылаулы / интерстициальдық/ , ортаңғы тарылған /истмикалық/, воронка тәрізденіп аяқталатын кеңейтілген ампулярлы бөліктерден тұрады.Воронка ұшында фимбрий деп аталатын желбіршегі болады. Жатыр түтіктерінің ампулярлы кеңейтілген бөлігінде ұрықтану процесі жүреді, ал жыбырлағыш эпителий мен жатыр түтіктері қабырғасы қатпарларының бойлай жиырылуы, ұрықтанған ұрықтың жатыр ішіне енуіне ықпалын тигізеді.

Аналық бездер қосарланған,әйел организмінде атқаратын қызметі ерекше жыныс мүшелерінің бірі.Оның түрі бадам дәні тәрізді, ақшыл-қызғылттау түсті. Ересек әйелдерде аналық бездің ұзыңдығы орташа есеппен 3,5-4см, ені-2-2,5см, қалыңдығы-1-1,5см , салмағы-6-8гр. Аналық бездер жатырдың екі жағына, жатыр түтіктерінің астын ала орналасқан, жатырдың жалпақ дәнекерінің  артқы қабығына барып бекінеді.Астыңғы жағында дәнекер тіннен тұратын ақ белокты қабығы бар, ұрық-эпителий қабатымен қапталған.

Онан сәл төменірек құрамында көптеген алғашқы фолликулдары, әр түрлі сатыда өсіп жетілген фолликулдары және сары дене деп аталатын ерекше заты бар қыртысты қабат орналасады. Аналық бездің ішкі қабаты-ми қабаты болып табылады.Ол көбінесе дәнекер тінінен, көптеген қан тамырлары мен нервтерден тұрады.Аналық бездің әйел организмінде атқарар рөлі ерекше.

Аналық бездерде жыныстық жасы толған кезде, ай сайын,ритмді түрде, ұрық-аналық  клеткалардың  жетіліп, ұрықтануға қабілеті бар клеткалардың іс қуысына шығу процесі жүреді. Осы процесс әйел организміндегі ең бір маңызды міндет-бала туу ісіне бағытталған.

Аналық бездерді ішкі секреция бездеріне жатқызамыз, өйткені онда жыныс гормондары пайда болады. Осы гормондар жыныстық жетілу кезеңінде қыз организмін болашақ аналық қасиетке бейімдейді.Жатыр түтікшелерін, аналық бездерін және жатыр дәнекерлерін біріктіріп жатыр қосалқысы деп атайды.

Жыныс мүшелерінің дәнекер және кіші жамбастың шел клеткасы.

Фолликулярлы киста анықтау жолдары және емі.

Әйелдер жыныс мүшесінің анатомиясы және физиологиясы.

Жатыр (матка) дегеніміз не?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ