Жатыр мен қынаптың даму ақаулығы

Жатыр мен қынаптың даму ақаулығы мезодермальды өзектердің қосылу барысындағы ауытқулкарында пайда болады, клиникалық тәжірибе жүзінде жиі кездеседі. Қынаптың аплазиясы-оның толығымен болмауы, көп жағдайда жатыр мен аналық бездердің толық жетілмеуімен сәйкес келеді. Дегенмен, аналық бездер мен жатырдың қалыпты жағдайында қынаптың өз алдына жекеленген аплазиясынан да кездесуі мүмкін.

Қынаптың аплазиясы құрсақ ішінді, мезодермальды өзектің төменгі бөлігінің даму ақаулығында пайда болады. Ол қынап ішіндегі әр түрлі жарақаттар мен қабыну процестерінің /дифтерия не құл ауруы/ нәтижесінде пайда болады.Қынаптың өткізбеуі оның бітеліп қалуына /атрезия/ байланысты. Қынаптың бітелуі жыныс мүшелерінің қабынуы нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Қынаптың аплазиясы мен атрезиясы шығу тегі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар, дегенмен клиникалық белгілері өте ұқсас келеді.

Әдетте, қынаптың өткізбеуі жыныстық жасы жетілу кезінде байқалады. Етеккір қызметі басталысымен етеккір қаны шығатын жер таба алмай, жиналып қалады. Етеккірдің болмауымен қатар, науқас жыныстық қатынастың мүмкін еместігіне шағымданады. Қыздық перденің жиі кездесетін даму ақаулығына оның тесігінің болмауы, бітеліп қалуы жатады. Бұл жағадайда қыздық перде қынапқа өтетін жолды түгелдей жауып тастайды.Қыздық перденің атрезиясы етеккір келген кезден басталады.

Етеккір қаны сыртқа шыға алмай, қынапқа жиналады, оның қабырғаларын созады /гематокольнос/. Қыз баланың ішінің төменгі жағы сыздап ауырады, көтеншекке қысым түседі. Егер ем жасалмаса, гематомер /қанның жатырға жиналуы/, гематосальпинкс /жатыр түтікшелеріне жиналуы/ пайда болады. Оның жарылуы /соңғысының / перитонит жағдайларына әкеліп соқтыру мүмкін, тіпті өмірге қауіп төнетн кездер байқалады.

Анықтау жолдары: Аурудың клиникалық суреттемесіне негізделеді. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау барысында түгелдей тегістелген, көгерген және томпайған қыздық перде анықталынады. Көтеншекті-іштік тексеру барысында кіші жамбаста ісікті, эластикалық нәрсе сезіледі, ал оның үстінде жатырдың кішкене денесі білінеді, қынап созылған Гематометрде жатыр үлкейген, жұмсақ, сезімтал болады.

Емі: Қыздық пердені «крест» тәріздендеріп кеседі, жиналған қан сыртқа шығады, ауыру белгісі жойылады. Кесілген жердің қырлары бір-бірімен бітіп кетпес үшін, оларды кеттут тігісімен тігіп тастайды.Қынап атрезиясында тыртықты және тасалы жерлерді кеседі. Қынап аплазиясында емнің хирургиялық тәсілі /синма тәрізді ішекті, жамбас пердесін қолдана отырып жасанды қынап жасау/ қолданылады. Жыныстық қатынас жасауға мүмкіндік туады, ал жатыр болса, жүктіліктің пайда болуы мүмкін.

Жатыр мен қынаптың қосарлануы дегеніміз не және оның емі.

Жатыр мен қынаптың дұрыс орналаспауы және оның түрлері.

Әйел жыныс мүшесінде кездесетін ауытқушылықтар.

Әйелдер жыныс мүшесінің анатомиясы және физиологиясы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ