Хориокарцинома-жатырдың қатерлі ісігі

Хорионэпителиома, 50%-тік жағдайда көпіршікті тығыннан, сирек жағдайда босанудан және түсіктен кейін дамиды. Хориокарцинома қою қоңыр түсті түйінді ісік, ол шырышты қабат астында, бұлшық ет қабатының ортасында орналасады, жатырдың бар қабатына өсіп, жеңіл ыдырайды, жиі өте көп қан кетумен өтеді. Хорионэпителиома қоңыр көк түсті бос жұмсақ түйін күйінде қынапқа, сирек жағдайда аналық без жатыр түтікшелеріне метастаз береді.

Клиникалық суреттемесі: Хориокарциноманың клиникасы ациклды ұзаққа созылған өте көп қан кетумен сипатталады.Жиі шіріген иісті, серозды-қанды бөлінді көрінеді, іштің төменгі жағы сәл ауырады. Ұзақ қан кету екінші қан аздыққа, ал қосылған инфекция әйел жыныс мүшесінің қабыну процесіне әкеліп соқтырады.

Хориокарцинома қан тамырлары арұылы қынапқа, бауырға, миға, жиі өкпеге ерте метастаз береді. Өкпеге метастаз бергенде қан араласқан қақырық тастап, науқас жөтеледі. Ауруы тез меңдеп, өлімге душар етуі мүмкін.

Анықтау жолдары. Диагноз қою науқас анамнезін егжей-тегжейлі зерттеуге негізделеді /көпіршікті тығынмен ауру, босану, түсіктер анықталынады, кіші дәреттегі ХГтитрін анықтаудың, жекелей диагностикалық қырудың маңызы зор. Хориокарцинома дамитын аналық бездің тек лютеинді кистасы ауру динамикасында 40-50%-тік жағдайда кері дамуға ұшырайды.

Емі. Консервативті және хирургиялық. Химиялық метотрексат, меркап топурин, рубомицин дәрілермен өткізіледі. Кіші дәреттегі ХГдеңгейін анықтау жүйелі түрдегі емнің тиімділігін көрсетеді.

Хирургиялық ем: өте қатты жатырдан қан кетуде, ісіктің басқа мүшелерге таралып өсуінде, жатыр жарығының қаупі төнгенде, үлкен өлшемді ісіктерде /жатырдың көлемі 10 апталық жүктілік мерзімінен үлкен болса/, химиялық ем тиімсіз болған жағдайларда да көрсетіледі. Жасы жас әйелдерге, мүмкіншілік болғанша, жатыр қосалқысынсыз жатыр экстирпациясын жасайды. Консервативті емнен кейін жүктілік және босану қызметтері қалпына келеді.

Алдын-алу. Хориокарциноманың алдын-алу көпіршік тығынды дер кезінде және дұрыс емдеуден тұрады. Науқас жазылғаннан кейін диспансерлік қадағалауда болады.Хориокарцинома қалыпты жағдайдағы жүктіліктен кейін де дамуы мүмкін, сондықтан алдын-алу мақсатында туылған бала жолдасын қарау /толықтығын тексеру/, абортты дұрыс жасау сияқты мәселелерге көңіл аударылуы тиіс.

Трофобластикалық аурулардың алдын алу және оны анықтау,

Жатыр денесі саркомасының негізгі белгісі және оның емі.

Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.

Аналық без және жатыр түтікшелерінің рагы анықтау және алдын-алу.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ