Жамбас іш пердесінің қабынуы

Пельвиоперитонин-жамбас іш пердесінің қабынуы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну асқынуларында дамиды, сальпингоофорит, пиовар, аналық без ісігінің аяғына оралуы, миоматозды ісіктің аяғына орлауы және оның некрозы, жатыр тесілуінде кездеседі.

Пельвиоцеритонит аборт, босану, жатыр не жатыр қосалқысына жасалған операциялардан кейін кездесуі мүмкін, сонымен қатар апендицит, сигмоидит, ішек түйілуінде де дамуы мүмкін.

Пельвиоперитонит іш қуысына инфекция /стафилакокк, стрептококк, ішек таяқшасы,гонококк/ енуіне, кіші жамбастың кейбір мүшесінен қабыну процесінің етуіне/ екінші рет байланысты немесе іш қуысына инфекцияның тікелей жатыр, жатыр түтікшелері арқылы түсуіне, сонымен қатар алыс ошақтардан /бірінші/ геметогенді және лимфогенді жолдар арқылы таралуына байланысты.

Клиникалық суреттемесі: Жедел және созылмалы пельвиоперитонит болып бөлінеді.Жамбастың іш пердесінің жедел қабынуында процесс кіші жамбаста орналасады, іш қуысының жоғарғы бөлігінің іш пердесі бұл процеске жауап қайырады/ашық түрі/. Науқастың іші қатты ауырады, әсіресе оның төменгі бөлігі, дене қызуы көтеріледі, тамыр соғысы жиіленеді, лоқсұп құсады, іші кебеді, газы және үлкен дәреті кешігеді.

Обьективтік тексеруде уланудың белгілері /тахикардия-тамыр соғысының жиіленуі, тілі құрғап, өңі өткірлене түседі/анықталынады. Ішті тексеру барысында іш қабырғасының дем алу қозғалысына қатыспайтындығы анықталынады, сонымен қатар,іштің кебуі, іш қабырғасының қатаюы, ауруы және «оң» Щеткин-Блюмберг белгісі байқалады. Осы аталған белгілер іштің төмеңгі бөлігінде күштірек, ал жоғарғы бөлігінде әлсіз болып келеді.

Іріңдіктің пайда болуына байланысты перкуторды дыбыстың іштің ойшаң бөлігінде бәсеңдеуі байқалады. Ішек перистальтикасы әлсіз, газы нашар шығады.Екі қолмен зерттеу кезінде артқы күмбездің салбырауы, сипағанда оның ауруы, жатыр мойнының ығысуы аурумен өтетіндігі анықталынады.

Жатыр және оның қосалқысы анықталынбайды, өйткені зерттеу барысы құрт аурумен өтеді және іштің алдыңғы қабырғасы қатайған.Қанда нейтрофильді ығысушылық , лейкоцитоз нейтрофильдің токсикалық дәңденуі, эритоциттің тұнбаға түсу жылдамдығының артуы байқалады. Қолайлы жағдайда 1-2 күннен кейін жабысулардың дамуына байланыстыпроцесс бөлектене бастайды, кіші жамбастың мүшелеріне шарбының не ішектің бөліктері жабысады.

Процесс жабық түрге өтеді. Егер бөлектену процесі қалыптаспаса, жайылған перитонит дамиды.Бұл жағдайда уланулың клиникалық белгілері күшейе түседі.Емдеу барысында процесс жәйләп өшеді ,экссудат сіңеді, науқастың жалпы жағдайы жақсарады, ауруы белгісі бәсеңдейді, сипалау кезінде ауру белгісі жоғалады.

Кейде жақсарып келе жатқан науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Іріңдік жатырды-көтен ішек ойыстығыңда өз алдына қалталанып, абцесс пайда болады. Бұл жағдайда улану белгілері күшейе түседі.

Анықтау: Диагноз қою пельвиоперитониттің клиникалық суреттемесіне негізделеді.Айырма анықтау жасаған кезде пельвиоперитонит немесе жайылмалы перитонит бар екендігіне көз жеткізу керек.Пельвиоперитонитте науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жайылма перитонитпен салыстырғанда уланудың белгілері аз жетілген.

Науқасты жүйелі түрде қадағалау барысында процестің таралғандығын не бөлектенгенін анықтайды.Пельвиоперитониттің көзі жөніндегі сұрақты шешудің маңызы зор. Түсініксіз жағдайларда лапароскопия жасалады.Қоздырғыштың түрін анықтау мақсатында қынап бөліндісін бактериоскопиялық тексеруден өткізеді.Кейде қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысына пункция жасайды.

Емі: Емі комплексті болуы керек организмге жалпы әсер ету, жұқпалы процескеәсер ету, симптомды ем, физикалық ем, керек уақытында хирургиялық шара қолданылады.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық, төсекті режим, күтім қажет. Ауыз қуысына күтім керек /тісті жуу,тілі мен ернін глицериндегі бура ерітіндісімен сүрту/.

Терісін спирт қосылған сумен сүртеді.Төсегі ыңғайлы, ішкі киімдері жұмсақ, қыртыссыз /ойылудың алдын-алу үшін/ болуы қажет. Қатты терлегенде ішкі киімдерін ауыстыру қажет. Науқасқа бір қапталынан екінші қапталына аударылуға, шашын күтуге көмектесу керек.Науқас жататын бөлмені жүйелі түрде желдетіп отыру керек.

Тыныштандыратын және ұйықтатқыш дәрілерін береді. Улануға және зат алмасудың бұзылуына сәйкес инфузионды ем белгіленеді.Организмге сұйық құйылады, ішкізу және парентеральді жолмен құю арқылы жүзеге асырылады.Көк қан тамырға натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісін, глюкозаның 5% ерітіндісін, гемодез, белокты препараттар /казеин гидроли заты, альбумин, аминопептид/, донорлық қан, плазма құйылады.

Күніне құйылатын сұйықтықтың жалпы мөлшері 2-3 литрден аспауы қажет. Тағам жоғары калориялық, витаминдерге бай болуы керек.Витаминдерді тағаммен қатар препараттар күйінде /А,В1,В2,С,В6/ егеді.Емдеу барысында ең маңызды орынды бактерияға қарсы ем алады.Антибиотктерді сульфаниламид препараттарымен нитрофуранмен, метроидазолмен бірге қосып береді.Антибиотиктермен қатар нистатин, леворин берілуі тиіс.

Аллергиялық реакциялардың алдын-алу мақсатында десенцибилизация жасау үшін антигистаминді дәрілер қолданылады. Симптомды заттардан белладон балауызы, анальгин беріледі. Іштің төмеңгі жағына мұз қойылады немесе қынапты гипотермия жасалады. Ол ауруды жеңілдетеді, қабыну процесін азайтады.

Спазмолитиктер, қан тоқтататын дәрілер, қан аздықта қанды көтеретін ем жасалады.Жүрек-тамырлар, бауыр, бүйрек жүйелерінің қызметін көтермелеу қажет.Процестің іш пердесіне, іш қуысының жоғарғы бөлігіне таралуында /жасалған емнің тиімсіздігінде немесе пельвиоперитониттің ең негізгі ссебебі-пиосальпинкетің без ісігінің некрозында/ оперативтік шара жасалады.

 Жалпы септикалық жұғу

Инфекцияның жоғарғы вируленттілігінде немесе организмнің қорғаныш күшінің әлсіреуінде /эндокрин жүйесінің бұзылуы, авитаминоз, иммунологиялық реактив күшінің төмендеуі, босанудан кейінгі кезең/инфекцияның бүкіл организмге таралуы/ генерализация/ септикалық шок, септицемия, септикопиемия түрінде байқалуы мүмкін.

Сепсис

Сепсис- патологиялық жағдай, үздіксіз не белгілі бір уақыт аралығында іріңді ошақтан қанға микроорганизмнің түсуі, жалпылама ауыр бұзылулардың жергілікті өзгерістерге сәйкес келмеуі және жиі әр түрлі мүшелермен тіндерде іріңді жаңа қабыну ошақтарының пайда болуы болып табылады. Таралған септикалық аурулардың қоздырғыштары стафилакокк, стрептококк, энтеракокк, ішек таяқшалары, анаэробтар, аралас инфекция/.

Септицемия

Септицемия-/метастазсыз сепсис/сепсистің жылдам өтетін түрі.Науқас қалтырайды,дене қызуы 40-41 градуске дейін көтеріледі, тамыр соғысы минутына 140 ретке дейін жиіленеді.Уланудың белгілері күшті білінеді.Қанда микробтар жедел дамиды және организмде улану-токсикомия күшейе түседі.Барлық мүшелер мен жүйелер /бауыр, бүйрек, жүрек-тамырлар жүйесі/қызметі бұзылады.

Септикомиемия

Септикомиемия уланумен және әр түрлі мүшелер мен тіндерде метастазды абцестер пайда болуымен сипатталады.Бұл жағдайда кейде эндокард зақымданады /септикалық эндокардит/, ол жүрек-тамыр жүйесінің жетіспеушілігімен өтеді.Септикомиемияда өкпе,бауыр,бүйрек,талақ, буын,бұлшық ет, май-шел қабатында майда абцестердің пайда болуы мүмкін.

Септикалық бактериальды /шок перитонит, септицемия, септикомиемияда дамуы мүмкін. Уланудың жоғарғы сатысында кенеттен қан қысымы төмендейді,бөлінетін кіші дәреттің мөлшері анурияға дейін төмендейді,Бұл қан тамырының нервті рецепторына әсер ететін токсин, қоздырғыштың қанға түсуімен байланысты. Қан тамырының жалпылама тарылуына байланысты өмірге маңызды мүшелер, бүйрек, бауыр, жүректің қызметі бұзылады.

Емі:Таралған септикалық инфекцияда емі комплексті және интенсивті болуы керек.Ем нефролог, терапевт,невропатолог мамандарымен бірігіп жүргізіледі.Сепсистің көзі болып табылатын абсцесті,оны хирургиялық жолмен босату көзделеді.Негізгі патогенетикалық әдіс антибактериальды ем болып табылады, ол егу кезінде анықталынған қоздырғыш түріне және оның антибиотиктерге сезімталдығын ескере отырып жасалады.

Міндетті түрде инфузионды ем және бұзылған зат алмасу процесін реттеу, электролит, белок, қышқыл-негіз жағдайын қалпына келтіру /бұл мақсатта плазма, альбумин, гемодез, рингер, натрий хлоридінің изотониялық ерітінділері, қан, глюкоза ерітіндісі және т.б./  емдері жүргізіледі.Сонымен қатар өмірге маңызды мүшелер қызметін жақсарту, қан ұюдың бұзылуын реттеу, микроциркуляцияны жақсартуға арналған ем жүргізіледі.

Глюкокортикоидты препараттар /гидрокортизон, преднизолон/, десенцибилизация заттары қолданылады, симптомды ем жасалады.Мейірбикелер науқастың ауыз қуысын, терісін шашын ұқыпты күткенде ғана, жасалған барлық емдік-шаралар тиімді болады.Науқастың бөлмесін жиі желдетіп отыру керек.Науқастың төсегі икемді болу керек.Іш киімін жиі ауыстыру, онда қыртыстар болмауын қадағалау қажет.Тағамы жеңіл қорытылатын және жоғары калориялы болуы тиіс.

Тромбофлебит

Веналық іркілу және қан ұю жүйесіндегі өзгерістер нәтижесінде пайда болатын көк қан тамырының қабынуы және оның тромбозы /гиперкоагуляция/.Тромбофлебит орныққан қабыну, перитонит, сепсис тұсында дамуы мүмкін, сонымен қатар операциядан кейінгі кезеңнің асқынуы ретінде, әсіресе қабыну ауруларына, қатерлі ісікке жасалған операциялардан кейін дамуы мүмкін.

Тромбофлебиттер бетінде және тереңде жатқан жамбас, сан, балтырдың көк қан тамырларын зақымдайды. Беткі көк қан тамырың тромбофлебитінде көк қан тамырының бйында ауру білінеді.Терісі қызарып, қатаяды, дене қызуы субфебрильді деңгейде болады, тамыр соғысы жиіленеді.

Жамбас пен төмеңгі аяқ жақтың тереңдегі көк қан тамырының тромбофлебиті ауыр өтеді және өмірге қауіп төндіреді, өйткені көк қан тамырында пайда боған тромбы өкпе артериясының эмболиясына әкелуі мүмкін, бұл жағдайда кенеттен өлім қаупі төнеді.

Терең көк қан тамырының тромбофлебитінде науқас қалтырайды, тамыр соғысы жиіленеді, сосын ауру белгісі пайда болады.Сипалау кезінде аяқ көк қан тамырының бойы ісініп ауырады,көгереді. Науқастың аяғы көлеміне өсіп, тірісі телініп, жарылады, ұйып қалады.Науқас күтімді, төсекті режимді керек етеді.

Негізгі емдік шараның бірі тромбыға қарсы ем /гепарин, рсополиглюкин, компламин/ болып табылады. Жергілікті жерге мұз қойылады, эластикалық таңғышпен аяғын таңады, оны гепарин майымен сылайды.Науқасты хирург-флебологпен қадағалайды, керек кезінде оперативті шара қолдануды шешеді.

Алдын-алу. Әйелдің жыныс мүшесінің септикалық қабыну ауруларының алдын-алу жалпы қоғамдық және жекеленген іс-шаралардан тұрады.Әйелге жеке бас тазалық ережелерін, аборт, әсіресе, емханадан тыс түсік қаупін түсіндіретін санитарлық –ағарту жұмыстарының маңызы зор. Қыз балалар, етеккір, жыныс қатынасының тазалықтары жөнінде әңгімелер жүргізіледі.

Қоғамдық-сақтау шараларына:босануға көмек беретін мекемелер жүйесін кеңейту, қабыну ауруларын ерте кезеңінде анықтап, мезгілінде емдеу, итермелеуші факторлерді анықтап, оларды жою жатады.Емдеу жүйелерін кеңейту және жұмыс сапасын жақсарту, әйел жыныс мүшесінің қабыну ауруларын ерте кезеңінде емдеп, жазуға мүмкіндік береді.

Диагностикалық және емдеу шараларын жасау барысында асептика және антисептика ережелерін сақтау қабыну асқынуларының алдын-алуда ең негізгі жағдай болып табылады.Соңғы кездері жатыр ішіне салынатын тығынның кең таралуына байланысты, салу кезінде жоғарыда аталған ережелерді сақтаудың қажет екендігін ескеру керек.

Алдын-алудың жееке шараларына жыныс мүшесінің күнделікті күтімі және етеккір кезіндегі, жүктілік, босанудан және аборттан кейінгі кезеңдердегі жеке бас гигиенасын сақтау жатады.Жекеленген алдын-алу жұмыстары эндогенді инфекцияны болдырмауға /организмдегі созылмалы инфекция ошағын тазарту/ және организмнің күресу үшін көтермелеуге еңбек пен демалысты дұрыс ұштастыра білу, витаминдер қабылдау, салқын тию ауруларының алдын-алу арналады.

Жатыр қосалқысының қабыну ауруларының емі және белгілері.

Пельвиоцеллюл — кіші жамбастың шел қабатының қабынуы.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Жатыр миомасы қандай ауру оны емдеу жолдары.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ