Жатыр қосалқысының қабынуы

Сальпингоофорит қосалқысының /жатырдың түтікшесі мен аналық бездер/,/аднексит/ қабыну болып табылады.Қоздырғыштары өзгешелі емес /стпфилакокк, стрептококк, ішек таяқшасы/, сонымен қатар өзгешелік /гонококк, туберкулез, таяқшасы/ инфекция.

Сальпингоофорит жатырдан жоғары көтерілу жолымен, бойына не лимфогенді жолмен-көтеншектен, сигма тәрізді ішек пен құрт тәрізді өсіндіден, іш пердесінен төмен түсу жолымен, сонымен қатар гематогенді жолмен-организмдегі алыс жатқан инфекция ошағынан тарайды.

Инфекция жатырдан жатыр түтікшесіне жеңіл енеді, шырышты қабатының, кейде бұлшық ет қабатының /мезосальпинкс/ және перде жабындысының қабынуын/сальпингит/ туғызады.

Тіндердің ісігі мен зақымдануы түтікше кеңістігін жабады, онда көп экссудат /қабыну сұйығы/ жиналады, түтіктің қап тәрізді «ісігі» /сактосальпинкс/ пайда болады, кейде іріңдейді  /пиосалпинкс/. Жатыр түтігінің жеке қабынуы сирек кездеседі.Қабыну процесіне аналық безде ұшырайды, оның қызарып ісінуі пайда болады.

Аналық безде күшті дамыған іріңді қабынудың пайда болуынан аналық бездің абсцесі /пиовар/ дамиды.Іріңді процестер іріңдеп үлкейген түтікше мен аналық безден тұратын жалпылама конгломерат пайда болады.Мұны тубоовариальды ісік деп атайды немесе түтікше –аналық без абцесі болып табылады.

Егер бұл ісік жарылса қабыну процесі жайыла түседі. Процесс жиі созылмалы сатыға өтеді және қайталанғыш келеді.Жатыр қосалқысының жедел қабынуының дамуына организмнің жалпы жағдайының маңызы бар,оның қорғау күштерінің әлсіреуі ықпал етеді.Инфекцияның таралуына, жатыр қосалқысының созылмалы қабынуының өршуіне аборт /түсік/, гидротубация, пертубация, гистеросальпингография, диагностикалық қыру ықпал етеді.

Клиникалық суреттемесі: Клиникалық белгілері әр түрлі, қабынудың сатысы мен таралу дәрежесіне, қоздырғыштың түріне, науқастың жалпы жағдайына және организмнің күресу күшіне /реактивность/ байланысты.Сальпингоофориттің белгілері жергілікті және жалпылама болып бөлінеді.

Жергілікті клиникалық белгілері жатыр қосалқысының зақымдануы  мен оның қызметінің бұзылуына байланысты, ал жалпылама белгілері патологиялық процеске организмнің реакциясын айқындайды. Жергілікті белгілеріне ауру, ақ бөліндінің бөлінуі, етеккір циклінің бұзылуы /қан кету/ және бедеулік жатады.Шаншып ауырады, әдетте ауру белгісі тұрақты болады,жәйліп үдей түседі, тіпті пышақ салғандай өте күшті болады,бұл белгі пиосальпинкс жарылғанда байқалады.

Мықын маңайы ауырады, ол сегізкөзге беріледі.Ішекке іріңнің жарылуы байқалса, күшену ауырып өтеді, көтеншекке немесе қуыққа қысым түседі.Созылмалы сатысында сыздап тұрақты ауырады, ол етеккір, физикалық күш түсу, жыныс қатынасы,гинекологиялық тексеру кезінде күшейе түседі.Жатыр қосалқысының қабынуында жатырға жарылуында қынаптан кенеттен көп мөлшерде іріңді бөлінді бөлінеді.

Үнемі бөліндінің көп бөлінуінде науқас сыртқы жыныс мүшесінің қышынуы мен тітіркенуіне шағымданады, екіншілік вульвит пайда болады. Етеккір циклінің бұзылуы ациклды және циклды қан кетумен сипатталады.Етеккір мардымды, бірақ ұзаққа созылады.Етеккір циклінің бұзылуы аналық без паренхимасының қабынуы  және оның фолликул аппаратының зақымдануы, сонымен қатар эндометрийдің қосымша зақымдануы байланысты болуы мүмкін.

Созылмалы қабынуыңда жиі меноррагия байқалады.Бедеуліктің белгілері аурудың созылмалы сатысына өтуінде білінеді.Ол көбіне шырышты қабаттың және іш пердесінің жабысу процестерінде байқалады, түтікшенің өткізбеуі мүмкін.Бұрынғы қабынулар нәтижесінде аналық бездің гормонды қызметі бұзылады, ол бедеулікке әкеліп соқтырады.

Жалпы клиникалық белгілерден дене қызуының көтерілуі /субфебрильдіден жоғарыға дейін/, қалтырау,әлсіздік, басы ауыру, аузы құрғау, лоқсу, құсу байқалады.Обьективті тексеруде тамыр соғысы жиіленеді,тілі ұүрғап, іші кебеді, оны сипалау барысында ауыратындығы анықталынады.

Қанды тексергенде лейкоцитоз, қан формуласының өзгеруі, эритроциттің тұнбаға түсу жылдамдығы өседі,Среактивтік белок пайда болады.Жатыр қосалқысының жедел қабынуында іштің төменгі жағы шаншып ауырады, жәйләп күшейе түседі.

Науқас көп жағдайда бұл ауру белгісін етеккір аяқталуымен, аборт не диагностикалық қырумен байланыстырады.Әлсіздік, басы ауру, дене қызуының көтерілуі, пайда болады.Организмнің жалпы реакциясы әр түрлі деңгейде өтеді.Іріңді қабынуда клиникалық суреттемесі күштілеу болады.

Анықтауы:Диагноз анамнез мәліметі /аборт, диагностикалық іс-шаралар, бұрынғы ауырған жалпы аурулары-тұмау, баспа, жақында жасалған аппендэктомия, салқын тию және т.б./ аурудың дамуы негізінде қойылады.Обьективтік тексеруде дене қызуы көтеріледі, тамыр соғысы жиіленеді, тілі құрғап ағарады,іші кебеді, ішті сипалау кезінде құрсақтың бұлшық еттері қатайып ауырады, Щеткин-Блюмберг белгісі іштің қуысты жерлерінде дыбыс бәсеңдеген.

Өте үлкен көлемді тубоовариальды ісіктерді ішті сипалау арқылы анықтауға болады.Гинекологиялық зерттеу кезінде мойын каналынан іріңді не ірің аралас бөлінді бөлінетіндігі, жатыр мойнының ығысуы ауырып өтетіндігі және сипалау кезінде жатырдың ауыратындығы анықталынады.

Жатырдың бүйірінде кеңейген жұмсақтау ауыратын жатыр қосалқысы, тубоовариальды қабыну ісігінде ісікті конглормерат сезіледі.Іш қуысында іріңдік пайда болса, қынаптың артқы жне бүйір күмбездері жайылған не салбыраған күйде болады.Қосымша зерттеу әдістерінен міндетті түрде қынап жұғындысының бактериоскопиясы /қоздырғышты анықтау үшін/, флораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін бөліндіні-жұғындыны етеді.

Сальпингоофориттің дифференциальды анықтауын апендцит, тубоовариальды ісік, аналық без ісігімен жүргізеді.Бұл жағдайда дұрыс жиналған анамнездің, ауру дамуы ерекшелігінің, клиникалық суреттемесінің және қосымша анықтау әдістерінің маңызы зор.Диагнозды толық қою, апендицитті және кистаның аяғына оралуын теріске шығару мүмкіндіктері болмаған жағдайда лапароскопия немесе сынаулы лапароскопия жедел түрде жүргізіледі.

Емі: Емі қабыну процесін жоюға, аналық бездің қызметін қалпына келтіруге және әйел денсаулығын сақтауға арналады. Консервативті ем комплексті болады:бактерияға қарсы ем /микрофлораның сезімталдығын ескере отырып, белгілейді/,гипотермия /іштің төменгі жағына мұз қояды және қынап гипотермиясы/, десенцибилизация заттары, улануға қарсы-дезинтоксикалық ем, витаминдер, сіңіру емі /биостимуляторлар, ферменттер/,физикалық ем жиынтығынан тұрады.

Аурудың жедел сатысында оперативтік шара қолданылуы мүмкін /абсцестің жарылу қаупі төнгенде, консервативті ем жарамсыз болатын, әсіресе ұзаққа созылған пельвиоперитонин, тубоовариальды қабыну ісігінде жасалады/.

Эндометрит дегеніміз не? Клиникалық суреттемесі және Емі.

Әйелдің жыныс жүйесінің жоғарғы бөлігінің соз ауруының белгілері.

Әйел жыныс мүшесінің қабыну аурулары жиі кездесетін себептері.

Жатырдың қабыну ауруларының белгілері және емі.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ