Дисфункционалды жатырдан қан кету

Дисфункционалды жатырдан қан кету/ановуляторрлық/ ісіктермен, қабыну және жүйке ауруларымен, гипоталамус-гипофиз-аналық бездер жүйесіндегі бұзылған не тұрақталмаған функционалдық қарым-қатынастар негізінде, овуляция болмауында болады.Қалыпты жағдайда ановуляторлық цикл жыныстық жетілу, климакс кезеңдерінде байқалады.

Репродуктивтік кезеңдегі ановуляторлық қан кету гормонды емді талап етеді. Дисфункционалдыжатырдан қан кету психикалық күйзеліс, қолайсыз тұрмысжағдайында, климаттық өзгерістерде, физикалық және ойлы шаршауда, гипоавитаминоз, жұқпалы аурулар мен улануда пайда болуы мүмкін.

Жыныстық жетілу және переменопаузакезеңдеріндегі қан кету гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесі қызметінің толық жетіспеушілігінде жиі байқалады, өйткені осы кезеңдерде қолайсыз факторлар әсеріне өте сезімтал келеді.Ановуляторлы жатырдан қан кету фолликулдың персистенциясы немесе атрезиясы кезінде дамиды,ол бірқалыпты тұрақты эстроген гормонын болумен қатар жүреді.

Овуляция болмайды,сары дене жетілмейді, ал эндометрийге эстроген гормонының ұзақ әсер етуіне байланысты, оның шектен тыс көп пролиферациясы байқалады.Эндометрийдің жұлынуы қан кетумен өтеді. Эндометрий бөліктерінің жекелей жұлынуына сәйкес қан келу ұзаққа созылады.

Клиникалық суреттемесі: Дисфункционалды жатырдан қан кету етеккірдің 1-2 аптадан 2 айға және онан көп кешігуінде пайда болады. Қан кету бірнеше аптадан бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Бұл жағдайда қан аздықтың дамуы, жұмыс қабілетінің нашарлауы мүмкін.

Дисфункционалды жатырдан қан кетуді жыныстық жасы жетілу кезеңінде ювенильді деп атайды. Қыз бала әлсіз келеді, басы айналады, ауырады, жүрек соғысына, ұйқысы мен тамақ алысының нашарлауына шағымданады, жылағыш, тітіркегіш келеді.

Анықтау жолдары: Қарау кезінде тері жабындысы мен көрінетін  шырышты қабаттарының бозаруы, тахикардия-тамыр соғысының жиіленуі, қан қысымының төмендеуі байқалады.Гинекологиялық тексеру кезінде жыныс мүшесінің даму дәрежесі, қыздықтың жағдайы, жатырдың орналасуы және оның көлемі, жатыр қосалқысының жағдайы бағаланады.

Дифференциалдық анықтау барысында жүрек-тамырлап жүйесінің, бауыр, қалқанша без ауруларын теріске шығарукерек.Гинекологиялық аурулардан әйел жыныс мүшесінің ісіктерін, туберкулезін, жыныс мүшесінің жарақатын, бұзылған жатырлы және жатырдан тыс жүктілікті теріске шығару қажет.

Ановуфторлы етеккір циклін функционалдық /диагностикалық/ анықтау тестерінің мағлұматтар: базальды қызулықтың бір қалыптылығы, КПИ сипаттамасынан бір қалыптылығы және гиперзерогения  дәлелдейді. Балалық шақта, сонымен қатар пременопауза кезеңінде диагностикалық –анықтау мақсатында мойынша канылының шырышты қабатын, жатыр денесінің шырышты қабатын жекеше диагностикалық қырудан өткізеді, міндетті түрде алынған қырындыны қатерлі ісіктерді теріске шығару мақсатында гистологиялық тексеруден өткізеді.

Емі: Емі комплексті болу керек.Емдеу кезеңі науқастың жасына, жағдайына байланысты. Емнің негізгі принциптері: қан кетуді тоқтату, оның қайталануын ескерту, аналық бездің қызметін реттеу болып табылады.Ювенильді қан кетуде тоқтататын, жатырды,жиырылтатын, қан жасауды күшейтетін және қан ұюын көтеретін дәрі-дәрмектер қолданылады, жалпы нығайту емі жасалады. Гормонды препараттарды қан тоқтату, етеккір қызметін әрі қарай реттеу үшін қолданылады.

Гормонды гемостаз эстроген және прогестерон препараттарымен қатар синтетикалық прогестиндермен өткізіледі. Эстрогенді гемостаз фолликулин 20 мың бірліктен әр 2-3 сағат сайын 3-4 рет қан тоқтағанға дейін, сонан кейін прогестрон гормонын салады. Синтетикалық прогестиндерді /бисекурин, нон-овлон/ күніне 2-3 таблеткіден 2-3 күн көлемінде қан тоқтағанға дейін, сосын жайлап препарат мөлшерін күніне төмеңдетіп, 1 таблеткіге дейін жеткізеді, 21 күнге дейін жалғастырады/препарат қабылдаудың жалпы күні/.

Қан тоқтағаннан кейін етеккір қызметін реттеу мақсатында циклді гормонды емді немесе прогестрон, эстроген-гестагенді препараттармен емдеуді бастайды. Консервативті ем тиімсіз болғанда міндетті түрде жатыр денесінің шырышты қабатының диагностикалық қыруын жүргізеді.Қырындыны гистологиялық тексеруден өткізеді.

Пременпауза және әсіресе постменопауза кезеңдерінде емді диагностикалық қырудан бастайды.Егер қан кету жедел үсті немесе жедел түрдегі қабыну процестерімен қатар жүрсе, диагностикалық қыруды қабынуға қарсы емнен кейін жасайды.Эндометрий қырындысының гистологиялық анализі алынғаннан кейін етеккір қызметін ретке келтіру мақсатында /48-50 жасқа дейін/ немесе оны төмендету үшін/48-50 жастан кейін/ гормонды ем жасалады.Прогестрон, синтетикалық прогестиндер, андроген препараттарды қолданылады. Комплексті түрде симптомды, жиырылғыш, гемостатикалық, қанды күшейтетін және седативті, сонымен қатар витаминді емдер жасалады.

Емшек безінің диегормонды аурулары және оның емі.

Эндометрийдің ісік алдындағы ауруларыдың түрлері.

Етеккір Қызметінің Бұзылуы дегеніміз не? Толық ақпарат.

Эндометриоз ауруының емі және оны қалай анықтайды.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ