Соқыр ішектен жыныс мүшелері ауруларын ажырату

Қыздардың жыныс мүшесінің ауруын соңғы жылдарға дейін соқыр ішек ауруымен шатастырып келді. Бұл орынсыз операция жасауға мәжбүр етті. Бұған 13—14 жастағы қыз балаларға соқыр ішек деп жасалынған операция санының ұлдарға жасалған операциядан екі-үш есе көптігі айқын дәлел бола алады.

Қыз балаларда жыныс мүшелерінің ауруы, қай жаста болады, оның өзінің ерекшелік белгілері бар ма? Міне, енді соған тоқталайық. Жыныс органдарының аурулары қыз балаларда 12— 14 жастың арасында көптеп кездеседі.

Бұл кезде ішкі жыныс бездері және жыныс органдары дамып, жетіліп қыз баланың етеккірі келе бастайды. Ішкі жыныс бездерінің тез үлкеюі, кейде сол бездердің жарылуына әсер етеді.

Мұндайда баланың іші ауырып, басы айналып құлап қалуы да мүмкін, осының бәрі ішке кеткен қанның әсерінен болады. Ішкі жыныс бездерінің жарылуы, көбіне етеккір алдында болады. Оның себебі, етеккір алдында ішкі жыныс бездері қан тамырларының шамадан тыс толуына байланысты.

Ал кейде іштің ауруы — қынап ішіне жиылған қаннан да болады. Қынап ішіне қанның жиналуы — қыздық перде де тесікшенің болмауына байланысты. Бұл кезде жатыр мен қынап ішіне жиналған қан іштің төменгі жағын кернеп, ауырады. Егер дер мезгілінде қыз балалардың жыныс органдарының аурулары бар — жоғын тексермесе, соқыр ішек деп бекер операция жасалуы мүмкін.

Жалпы жыныс органдарының ауруының диагнозын дұрыс қою үшін баланың жасын, етеккірдің келу уақытын, іштің ауру ерекшеліктерін түгел бір-бірімен салыстырып тексеру керек. Етеккірдің мезгілсіз келуі, ұзақ болуы жыныс бездеріндегі осы циклдің толық қалыптаспағанын көрсетеді.

Іштегі ауру белгісі бас айналудан соң басталса, онда тұқым безі жарылып ішке қан кетіп жатқанын білдіреді. Етеккірдің келмей, іш ауруының күшеюі, қынап ішіне жиналған қанның белгісі болуы да мүмкін, оны тез арада тексерген жөн.

Қыз баланы жыныс гигиенасын сақтауга үйрету отбасында анасының міндеті. Егер уақтылы жыныс органдарын жуып отырмаса, онда қызарып қабынады. Кейде қынап жолынан ірің ағып, жыныс органдары қабынуы ықтимал.

Жыныс мүшелерінің қабынуынан болатын ауру соқыр ішекке ұқсас болады. Мұндайда дұрыс қойылған диагноз, яғни барлық органдарды көріп зерттеу қажетсіз операциялардан құтқарады.

Өздеріңіз оқып отырған осы бөлімнен сіздер соқыр ішекті көптеген аурулармен шатастыру мүмкін екенін байқадыңыздар, сондықтан да іші ауырған баланы тезірек дәрігерлерге көрсетуге тырысу қажет. Үйде өз бетінше әр түрлі ем қолданып, уақытты ұтқызып алу баланың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Ал мұның өкініші бәрінен де ауыр.

Балаларда кездесетін Соқыр ішек және өт жолдарының ауруы.

Соқыр ішек және Шенлейн-Генох ауруының белгілері.

Соқыр ішекті белгілері ұқсас аурулардан ажырату жолдары.

Соқыр ішек ауруының түрлері және белгілері туралы не білесіз?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ