Өкпе деструкциясын хирургиялық жолмен емдеу

Қазіргі кезде өкпе деструкциясының алғашқы түрлерінің бірі — лобиттер, яғни өкпенің бір бөлегінің толық қарайып қабынуы. Мұны деструкцияның алғашқы басталуы деп атауға болады. Дұрыс емделген жағдайда тез жазылуы да мүмкін. Хирургиялық әдіс деструкция алдындағы кезеңде екі түрлі жолмен қолданылуы мүмкін.

Ол А. Т. Пулатовтың әдісі ауырған өкпе ішіне инемен новокаинге қосылған дәрі енгізуге негізделген. Алайда бұл әдіс айтарлықтай қолдау тапқан жоқ. Себебі өкпе тесіліп кетсе, пиопневмоторакс секілді асқынуға жиі ұшыратады.

Екінші хирургиялық тәсілді А. М. Шамсиев 1983 жылы енгізді. Ол тәсілі бойынша өкпенің қарайған жеріне жуан ине арқылы жіңішке түтікше қойылады. Осы түтікшені кеудеге лейкопластырьмен ұстатып сол арқылы новокаинға ерітілген антибиотиктерді өкпе ішіне мезгіл- мезгіл енгізеді.

Лобиттерді емдеуде ингаляция түрінде түрлі дәрілер де көптеп қолданады. Оларға химотрипсин, трипсин, химопсин, рибонуклемаза, дикиназа, ацетилцистин, мукосельвин дәрілері жатады.

Осы ретте құрамы сабынға ұқсас дәрілер: тергитол, адегонды да пайдаланады. Мұндай мүмкіндіктер болмаса ингаляцияны гепариннен, соданың ерітіндісінен, нафтизиннен, эуфилиннен де жасауға болады. Өкпедегі қақырықты түсіруді жеделдететін түрлі дәрілік шөптерді суға қайнатып берудің де пайдасы жақсы.

Тыныс жолдарын ашатын басқа да дәрілер қолданылады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: бромгексин, муколтин, либексин, бронхолитин, солутан т. б. Осы дәрілерді қолданғаннан кейін де баланың жағдайы жақсармаса өкпе ішін бронхоскоп аппаратымен тексеріп, қабынған өкпе жолына түрлі ірің еріткіш дәрілер жіберіледі. Бұл дәрілерден кейін ауру баланың жағдайы жақсарады, жөтелі басылып, қақырық тастап денесінің ыстығы қайтады.

Алайда өкпе деструкциясының бұл түрі кейде өкпеде пайда болатын түрлі іріңге айналады (абсцесстер) немесе сол ірің асқынып өкпе қабын тесіп, пиоторакс немесе пиопневмотраксқа айналуы мүмкін.

Өкпе ішінде пайда болған іріңді (абсцесстерді) қалай емдеуге болады? Емдеу жолының казіргі кезеңдегі көп тараған түрі: өкпе, тыныс жолдарын дәрімен ашу. Ірің тыныс жолдары ашылса, баланың жағдайы жақсарып, денесінің ыстығы басылады, асқа тәбеті ашылады.

Өкпе абцестерін емдеудің екінші жолы өкпе ішін бронхоскоп аспабымен көру арқылы жүргізіледі. Ол үшін балаға наркоз беріп, өкпе ішіне бронхоскоптың арнайы түтікшесін енгізеді сол түтікше арқылы ірің тұрған бронхысын табады. Ондай бронх қызарып ісініп, дем алған кезде ашылмай, қимылдамай тұрады. Аппараттың көмегімен табылған бронхыны арнайы үшкір түтікшемен кеңейтудің нәтижесінде ірің өкпе жолдарына қарай ашылады. Емдеудің бұл тәсілі хирургтің тәжірибелі маман болуын талап етеді.

Соңғы жылдары кеуде қуысы арқылы өкпенің ірің тұрған жерін инемен тесіп, жиналған іріңді сорып алу арқылы емдеу тәсілі қолданылуда. Ол үшін алдымен кеудені қырынан тіке рентгенге түсіреді. Сонан соң қабынған жерін қабырға аралығы арқылы таңдап алады да ет пен теріні жансыздандырады.

Осылайша ірің орналасқан қуысқа инені енгізеді. Иненің ішкі диаметрі шамамен 1,0 мм ден кем болмағаны дұрыс, оның жоғарғы жағы арнаны резина түтікшемен ұзартылады, резина түтікшенің екінші ұшында шприцке арналған қондырғы орналасады. Іріңді инемен толық жуып тазалауға болады, егерде ондай мүмкіндік болмаса сол иненің көмегімен іріңге полиэтилен түтікшесін қоюға да болады.

Ол түтікше арқылы іріңді әлсін-әлсін жуып тазалайды. Қазіргі кезде өкпе іріңдерін емдеудің басқа да жолдары қарастырылуда. Дегенмен баланың жағдайы нашарлап, жасаған емнің көмегі тимесе, онда тездетіп операция жасау керек. Операция кезінде өкпенің шіріген бөлігі толығымен алынып, кеуде қуысы жуып тазаланады.

Өкпе деструкциясының ішінде булла, яғни ішіне ауа толған кеңістік жиі кездеседі. Булла — өте жұқа қабаты бар киста тәріздес болып көрінеді. Буллаға арнайы хирургиялық емнің қажеті жоқ. Ол шамамен 6—10 айдың ішінде өздігінен жазылып кетеді. Тек екі жағдайда ғана буллаға хирургиялық ем қолданылуы мүмкін.

Біріншіден, егер булла өкпенің кішкене клапанды бронхиолдарымен байланыста болса, онда булла үрлеген доп секілді керіліп барып жарылады. Сөйтіп кеуде қуысына ауа жиналады, өкпе басылып қалады, яғни жоғарыда өзіміз айтқан пневмоторакс асқынуы болады, сондықтан да мұндай жағдайда тездетіп хирургиялық көмек жасау керек.

Яғни, өкпе ішіне шамадан тыс ауа жиналған жағдайда, кеуде қуысынан ине арқылы жиналған ауаны шығару қажет. Өкпе өз орнына келген соң онда екінші рет булла секілді кеңістік болмайды. Кейде, әрине, өкпе қуысына арнайы түтікше де енгізуге тура келеді, сол арқылы өкпе тесігінен шыққан ауа, сыртқа шығып отырады. Өте сирек жағдайда ғана өкпенің шіріген жері операция жолымен алынып тасталады.

Өкпе мен кеуде қуысының деструкциясы және оның алдын-алу.

Остеомиелиттің созылмалы остеомиелитке жедел ауысатын түрлері

Өкпе деструкциясын рентгеннің көмегі арқылы тексеру.

Өкпе деструкциясының түрлері және оны анықтау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ