Остеомиелит (сүйек тасуы)

Остеомиелит ауруы дегеніміз — сүйек майының іріңдеп қабынуынан сүйектің шіруі. Бұл ауру туралы шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли ибн Синаның, медицинаның атасы Гиппократтың еңбектерінен де кездестіруге болады.

Т. П. Краснобаев, С. Д. Терновский, И. С. Венгеровский сияқты ғалымдар ХХ ғасырдың 20—50-жылдары бұл ауруды зерттеп, оны емдеуді жетілдіруге өз үлестерін қосты. Егер ХХ ғасырдың басында остеомиелит ауруының негізгі емдеу жолы тек ауырған аяқ-қолды жоғарыдан кесу ғана болса, ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде, остеомиелит ауруын емдеудің ең жеңіл жолы — іріңдерді сүйекке дейін тіліп іріңді сыртқа шығару болды. Сүйектің қабынуын антибиотик дәрілер арқылы емдеудің пайдалы екендігі белгілі болды. Міне, осындай емдеудің нәтижесінде бұл аурудан болатын өлім 45%-тен 1,5%-ке дейін азайды.

Бұл аурудан асқыну және оның созылмалы түріне айналуының көбеюінің түрлі себептері бар. Яғни, антибиотиктер алғашқы қолданылған кезіндегідей нәтиже бермейді. Оған себеп микробтар антибиотиктерге әбден бейімделіп, өсе береді. Микробтардың осылайша бейімделуіне, кейбір ауруларды дұрыс, толық дәрежеде емдемеудің де әсері бар.

Мысалы баспа безінің қабынуын немесе тістің кариеспен бүлінуін алайық. Ата-анасы балаларға аурудың алғашқы күндері түрлі антибиотик, сульфаниламиді береді. Алайда, осы дәрілерді толық өз курсына сәйкестеп бермейді, ауру саябырлаған соң дәріні беруді тоқтатады. Соның нәтижесінде денеге және бізді қоршаған ортаға әр түрлі  жағдайға бейімделген микробтар тарайды.

Созылмалы остеомиелитті қандай жолмен емдеуге болады.

Жедел остеомиелитті емдеудің қандай әдіс тәсілдері бар.

Сүйектің бүлініп қабынған бөлігін емдеу жолдары.

Остеомиелиттің созылмалы остеомиелитке жедел ауысатын түрлері

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ