Жидек дақылдарын вегетативті жолмен көбейту

Дабылова Құралай Ерболатқызы
Қызылорда қаласы, №2 «Мұрагер» мектебінің технология пәні мұғалімі
Өнер пәндері бірлестігінің жетекшісі
Пәні : Технология Сыныбы : 6
Тақырыбы : Жидек дақылдарын вегетативті жолмен көбейту.

Мақсаты : Оқушыларға жидек дақылдарын вегетативті жолмен көбейтуге үйрету;
Білімділік: Жеміс-жидек дақылдарының көбею тәсілдерін меңгерту ;
Дамытушылық: Жеміс-жидек дақылдарының сұрыптары туралы білімдерін кеңейту;
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке,ептілікке тәрбиелеу,қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме,сұрақ-жауап)
Көрнекілігі: Суреттер,тест сұрақтары,мақал-мәтелдер,жұмбақтар
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Сабақ өткізу жоспарымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
1.Жемістер мен жидектердің құрамында қандай заттар болады?
2. Олардың топтарын және құрамындағы минералдық заттарды атаңдар?
3.Олардың адам ағзасына маңызы қандай?
«Иә», «жоқ» тесті

Жидектер туралы.1.Көкөнітер мен жеміс-жидектер дәруменге бай ма?
2. Дәрумендер иммунитетті көтере ме?
3.Алхоры мен шие сүйекті дақылдарға жата ма?
4.Егер ағаш тайыз отырғызылса,өсе ме?
5.Лимон,апельсин,мандарин жидек дақылдарына жата ма?

ІІІ. Жаңа сабақ
Вегетативті көбейту-бұл өсімдіктерді қылқандар,сұлатпа сабақтар,қалемшелер,тамырлар және будандау арқылы өсіру.Вегетативті кобею кезінде түрдің белгілері мен қасиеттері өсімдіктердің жас буындарына неғұрлым көбірек беріледі.
Вегетативті кобеюдің тәсілдері:
1.мұртшалар арқылы
2.сұлама сабақтар арқылы
3.қалемшелер арқылы
4.тамыр арқылы

1.мұртшалар арқылы көбею-бүлдіргенге тән.Одан бірнеше өркен тарайды,бірақта бұл жерде өркенде «мұртшалардың » болуы маңызды.Мұртшалар вегетативтік көбею үшін қажет.Жорғалап жайылатын өркендерде бүршіктерден жас өркендер дами бастайды:жоғары қарай үш тармақты жапырақшалар,ал түп жағынан жерге қарай тамыршалар шоғыры дамиды.

2.сұлама сабақтар арқылы көбейту дегеніміз-негізгі өсімдіктен бұтақша бір жағына қарай жатқызылып.жерге бастырылады.Мұны шие,алхоры,бүрген,алма,алмұртқа қолдануға болады.

3.қалемше-бүрімен бірге кесіп алынған өсімдік кесіндісі,яғни сабақ немесе тамыр кесіндісі.Олардың 3 түрі болады: сабақшалық ағаш тәрізді қалемше,сабақшалық жасыл қалемше,тамырлық қалемше.
Жеміс-жидек дақылдары мынадай түрлерге бөлінеді:
Жемістік (алма,алмұрт,беже)
Сүйекті (шие,шабдалы)
Жидектік (қарақат,құлпынай,таңқурай)
Жаңғақтық;
Цитрустік

Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздер:
Көбею-белгілі бір мөлшерде өсу,көбею
Вегетация-өсімдіктердің өсуі және дамуы.
Вегетативтік-жануарлар мен өсімдіктер ағзасының өсуін қоректендіруге арналған уақыт.
Тәлімбақ-өсімдіктер мен жануарларды көбейтуге арналған орын.
Телу-тірі өсімдіктің бір бөлігін басқа өсімдікке отырғызу арқылы сол бөліктің жаңа қасиеттерін телінген өсімдікке беру мақсатында атқарылатын жұмыс
Телітуші-телу жүргізілген ағаш.

ІV. Қорытынды:
Материалды бекіту.

Сұрақтар:
1.Вегетативті көбею дегеніміз не?
2.Қандай өсімдіктер вегетативті әдіспен көбейеді?
ІV. Бағалау
V. Үй тапсырмасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Асемгул

    Дәрумендер түрлері жазылған.Сапалы жазылған ұйымдастырылған

  2. Айгерим

    жақсы жоспарланған екен. сапалы жұмыстар жариялана берсин

  3. Гүлнұр

    Тамаша мақала.Барлық сұрақтарға осы жерден жауап табуға болатын сияқты.Əр сұраққа өте жақсы жауап жазылған

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ