Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар

Пәні: Технология Сыныбы: 6 «Ә»
Тақырыбы : Кіріспе. Т.Қ.Е. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар, өнім жинау, тұқымдарды іріктеу және сақтауға қою.
Мақсаты : Оқушыларға технология кабинетінде жалпы тәртіп сақтау ережелерімен таныстыру,жұмыс уақытында қойылатын қауіпсіздік талаптар мен ережелерді, санитарлық- гигиеналық талаптарды түсіндіріп,түрлі жарақат алған жағдайда зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді үйрету.Көкөністер саласындағы күзгі жұмыстармен таныстыру.
Білімділік: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар,өнімді өсіру негіздері мен өнімді жинау,топырақты күзгі өңдеу жұмыстары жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Танып білу білігін дамыту;коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениеті дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме,сұрақ-жауап)
Көрнекілігі: Суреттер,слайдтар

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Сабақ өткізу жоспарымен таныстыру.

Көкөніс жинау.ІІ. Жаңа сабақ
Технология кабинетінде жалпы тәртіп сақтау ережелері:
Кабинетке тек мұғалімнің рұқсатымен кіріп,жұмыс алдында арнайы киім кию керек;
Әрбір оқушы өз жұмыс орнында жұмыс істеуі,жұмыс орнын мұғалімнің рұқсатымен ғана ауыстыруы қажет;
Жұмыс жасап жатқан сыныптастарыңды алаңдатпау;
Жұмыс ақталған соң барлық құрал-жабдықтарды арнайы орнына қою,өз жұмыс орнын жинау қажет;
Оқушы жарақат алған жағдайда,дереу мұғалімге хабарлауы қажет.
Қауіпсіздік ережелері
1.Электр қуатымен жұмыс істейтін құралдарды отқа төзімді тұғырға қою керек
2.Тоқ көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын-ала тексеріп алған дұрыс.
3.Құралдың айыртығынын тек құрғақ қолмен ұстап қосып ажырату қажет.

Егістік шаруашылығы Жеміс-жидек шаруашылығы

Сәндік бау-бақша Гүл өсіру шаруашылығы

Көкөністерді өсіруге, оларды жинауға көп көңіл бөлінеді:құнары аз болса да,көкөністер адам тұтынатын азықтардың ішінде зор маңызға ие. Ол арқылы адам ағзасы қажетті суда еритін С және В1 тобының дәрумендерімен,каротин,минералды тұздармен(калий,кальций,натрий,магний,темір т.б)қамтамасыз етіледі.Олардың барлығы өмірлік процестің қалыпты тіршілік етуі мен өсуі үшін қажет.

Шаруашылықта көкөніс жинау толықтай немесе жартылай механикаландырылған болады.
Өнімді жинап болған соң көкөніс сабақтарын жинап,топырақты өңдеу қажет. То
-пырақты өңдеуге –жырту,культивациялау,үгіту,суару,қопсыту,тегістеу сияқты операциялар жатады.

ІІІ. Қорытындылау.
Материалды бекіту.
Сұрақтар:
Көкөністерді өсіруге неге коп көңіл бөлінеді?
Тұқымдықтар дегеніміз не?

ІV. Үй тапсырмасы.
Көкөністің пайдасы туралы мәлімет жинақтап келу

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Аяжан

    жоспар жақсы жазылған екен

  2. Мөлдір Жұмажанова

    Қандай көп әдіс, маған қатты ұнады, рахмет сіздерге!

  3. Асемгул

    Әдіс-тәсілдерді көп қолданыпсыз.Жақсы құрылған ашық сабақ.

  4. Гулбаршын

    керемет сайт екен,жакында Мол оним деген ашык сабак отемин,бираз нарсени коруге болад екен

  5. Лаззат Копжасарова Сеиловна

    Жоспарыңыздың мақсатын жақсы қойғансыз.Көкөністерді сақтау жолдары мен топырақты күзгі өңдеу жолдары туралы білім бере отырып , өмірде сол білімін қолдана алуғамүмкіндік бердіңіз деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ