Көркем кестелеу

Тақырып: Кестелеуге арналған құралдармен жұмыс істеу кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері. Көркем кестелеу.

Мақсаты:

1.Халқымыздың қолөнерінің бірі кестелеу, «тышқан ізбен» кестелеу тәсілдерін меңгерте отырып,қолдарын жаттықтырып,шеберліктерін қалыптастыра білім беру;

2.Танымдық қызығушылығын, ой-өрісін дамыту;

3.Кестелеу өнері арқылы оқушыларды әсемдікті сезіне білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі:аралас, сарамандық
Технологиялар: АКТ, СТО
Жұмыс түрі: өздік, фронтальдық
Құрал-жабдықтары: бағалау парағы, нұсқау карта

Сабақтың барысы:
1.кезең Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
Психологиялық ахуал орнату «Тында және орында» ойыны.Тапсырманы аяғына дейін тындап орындайсындар. Бір –біріне қарап, кулімдеп, шынтақпен амандасып ,жылы сөздер айтасындар. Тапсырманы орындайды

Өткенді қайталау

1.Шалбар дегеніміз не?Қай киім түріне жатады?
2.Шалбар қашан пайда болған?
3.Шалбарды конструкциялауда негізгі операцияларының бірі ?
4.Қандай өлшемдер алынады? Сәикестендіру парағы Оқушылар жауап береді.

Бір –бірін бағалау.
Алдын-ала берген тапсырма Кестелеу туралы мағлумат жию. Оқушылар алдын ала берілген тапсырманы оқиды
Жаңа тақырып

Кестелеу өнері1. Кестелеуге арналған құралдармен таныстыру.
2. Презентация арқылы көркем кестелеумен таныстыру.
3. Қауіпсіздік ережелерін айту. «Иә, жоқ »ойыны

• Инені арнайы қорапшада сақтау міндетті емес.(жоқ)
• Жіпті тіспен үзуге болады(жоқ)
• Инені киімге қадауға болмайды(иә)
• Тот басқан инемен жұмыс істеуге болады (жоқ)
• Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен беру керек(жоқ)
• Кайшының үшын жоғары көтерме(иә)
• Жолдасын қайшымен жұмыс істеп жатқанда,көңілін бөлуге болады(жоқ)

4. Технологиялық картаны тарату.
Көреді,үстайды.
Жауап береді
Есте сақтайды.
Сарамандық жұмыс Бақылайды Танысады, орындайды
Сергіту сәті.
Музыка ойнайды

1. Көздерінді қатты жұмып ашындар. Жаттығуны 3-4 рет қайталандар
2. Көзді жұмып сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айландырамыз.
3. Қолды жоғары көтерін ,түсіреміз.
4. Басымызды жоғары, төмен-оңға, солға бұрамыз.

Жаттығуларды орындайды
Бекіту «Кестелеу»сөзінің әріптеріне, кестелеу туралы білгендерінді жазындар. Тапсырманы орындайды

Үй тапсырмасы «тышқан із»кесте тігістерін пайдаланып үсынған композицияны кестелеу, немесе өз ойындағы композицияны

Бағалау Қорытынды баға қою
Рефлексия Сабақ жақсы өтті
Тақырыпты меңгердім
«Тышқан із» кестесін орындай алмаймын.
Баршаңызға жақсылық тілеймін

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Германова Домна

    Мен кесте тігуді жақсы көремін, сондықтан бұл ақпарат маған өте пайдалы болды. Осы мақала үшін және бізге берген ақпаратыңыз үшін көп рахмет. Осындай мақалалардың арқасында кесте тігу шеберлігімді шыңдай алатыныма қуаныштымын. Көп рақмет!

  2. Сейсен

    Біз кесте өнері қолға алынса балаларға берері көп дүние болмақ. Яғни, үйрену барысында киімдері мен тұрмыстық заттарын заманға сай көркемдей алар еді.

  3. Асемгул

    Кесетелу қыздарға өте жақсы.Жас мамандарға арналған.

  4. Мусина Алтынай Мырзағалиқызы

    Көркем кестелеу сабағының жоспары ұнады. Қауіпсіздік ережелерін балдардын ұмытпауына жағдай жасалған. Кесте түрлерін балдар өздериі игеретіндігі
    түсінікті.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ