Ұстаздық –ұлы іс

Сарсенбаева Жақсыбике Дүйсенғалиқызы

 Жамбыл облысы,Қордай ауданы,Бетқайнар ауылы

 №27 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен

 әдебиет пәнінің мұғалімі.        

Ұстаздық –ұлы іс

SZHDМeмлeктіміздің тұғыpын бeкітіп,алдағы бағыт-бағдаpын,кeмeл кeлeшeгін дәйeктeп бepгeн Eлбаcы Нұpcұлтан Назаpбаeв «Біз Қазақcтанды әлeмдік дeңгeйдeгі  білім opталығына айналдыpумыз кepeк » дeгeн eді.Білім мeн білігі,cауаты мeн  cанаcы биіктeн табылған eлдepдің өpіcі кeң,өpкeні мықты бoлатынын көpіп,біліп oтыpмыз.Осы мақсатта білім саласына қарқынды өзгерістер  енгізіліп жатырғаны мәлім. «Ұстаздық-ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай ,ұлы істерге лайықты болу-басты борышымның бірі. Мұғалім- мамандық болса,ұстаздық-қасиет екендігін барлық ұстаз қауымы мойындауы керек.Ұстаздық  ұлы жолда жүрген әріптестерімнің барлығы  бүгінгі таңдағы  мұғалімдердің біліктіліген арттыруды негізге алынды.Біз бүгін танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері » жоғарыда айтылған ұстанымдарға бағытталады .Демек,мектептерде оқыту мен оқу жүйесіне өзгеріс енгізу керек.

Бұл өзгерісті мен жасай аламын ба?
Өмір деген өзенде-желкенді қайығымыз жүзіп келеді. Алдымыздан қаншама толқындар мен жел шықса да, қайығымыз дес бермеді, қайта алға қарай ұмтылуда. Сол сияқты мына менің өмірлік кәсібімнің жолында болып жатқан өзгерістерді мен жасай аламын.

«Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды: 1) не біле аламын,  2) не істеуім керек, 3) үміт артарым не?»- деген Олжас Сүлейменовтің ойлы сөздерімен тақырыпқа жауап бергім келеді. Қазақстан Республикасы қазіргі таңда гүлдену кезеңін басынан өткеріп жатыр. Заман талабына сай ұстаз болуға,шәкіртерімді саналы ,білімді, өзіндік көзқарасы дамыған азамат болуына ықпал ету үшін өзгеріс енгіз керектігін түсіндім.
Үміт артарым не?
«Өнерлі елдерден өнеге алмақ керек» (Шәкәрім) дегендей өнеге бастауы Кембридждің оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдері болмақ. Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері ,біліктілігімді арттыруыма көп көмегін тигізді . Бәсекеге толған заманында әр бір адам баласы алдағы қадамын нық,батыл басуы керек. Өзгеруіме,өзгертуіме жаңа фарматтағы ұстаз болуыма Кембридж тәсілдеріне үміт артарым көп. «Білекке сенген заманда ,ешкімге дес бермедік.Білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік»,-деп ұрандап кеткен Абылай атамыздың сөздерін естен шығармайық,ұстаздар қауымы.

Пікірлер3
  1. Айжан

    Ұстаз ұлы есім. Барлық нәтижені ұстаз береді.

  2. Беспаева Айнаш

    Мен ұстаздарды қатты құрметтеймін. Ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз.

  3. Асемгул

    Жаңартылған бағдарлама ұстаз үшін жақсы

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ