ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ

…Ақ қағаз іздеп төменгі қабатқа қарай жүгірдім. Демалыс уақыты болған соң мұғалімдерден табыла қоймады. Енді қайттім деп тұрғанда есік алдында папка құшақтаған бейтаныс бойжеткенді көріп қуанып кеттім. Сәлемдесіп, ақ қағаз сұрадым, ол үндемей ғана қолына ілінген ақ қағазын папкасынан суырып берді. Мен рахметімді айтып, қайтарамын деп жоғары қабатқа кеттім… Ол жымиып қала берді. Àқ қағаз берген ақ көңілді Гүлданамен алғашқы кездесуіміз осылай болған еді.

Гүлдана Нұраханова 1990 жылғы тамыздың 22 жұлдызында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген. Ш.Уәлиханов атындағы 26 орта мектепте алған білімін ҰБТ-де сынаған Гүлдана 2007жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне филология факультетіне оқуға түсіп, 2011жылы қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті бакалавры біліктілігін игеріп шықты.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасын қолдаушы, игілігін пайдаланушы жас маман осы жылы тұғыры биік Тұрмағамбет ауылына, мерейі үстем Т.Ізтілеуов атындағы 29 қазақ орта мектебіне мамандығы бойынша жұмысқа қабылданды. Ұқыпты, ізденімпаз, талапшыл, бауырмал маман қызықты да, күрделі мектеп өміріне емін еркін араласып кетті. Мектепішілік, аудандық іс-шараларға білек сыбана кірісіп, «Наурыз шапағаты» фестивальдары мен КТК ойындарында белсенділік танытып жүр. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тілдарын-2011» олимпиадасына, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Интерактивті тақтаны пайдалану» сайысына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп, Мақтау қағазымен марапатталып, бағалы сыйлыққ ие болды.

1suretsss

Жанына жаңашылдықты жақын тартқан жас маман үздіксіз ізденіп, кітапханамен, қоғамдық орталықтармен байланыс орнатып, оқу-тәрбие саласында болып жатқан жаңалықтармен танысып жүреді. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының әдістерін меңгерген Гүлдана біліктілік арттыру курстарынан өтіп, әрбір сабағы мен сыныптан тыс жұмыстарын өткізуде заманауи педагогикалық, инновациялық технологияларды тиімді пайдалануда. Нәтижесінде оқушылары аудандық пәндік олимпиадаларда, халықаралық «Золотое руно», «Русский медвежонок» ойындарында,  Республикалық қашықтық олимпиадаларында оқ бойы оза шауып, Мақтау қағаздары мен сертификаттар иеленіп жүр.

2suretssssІзденген жетер мұратқа демекші, АКТ-ны еркін меңгерген Гүлдананың іс-тәжірибесі ustaz.kz, infourok интернет ресурстарында жарияланып, анықтамалар мен сертификаттар алған. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады деген емес пе. Киелі білім ордасының сапалы кірпіші болып қалануына мектептің озат тәжірибелі, шығармашыл ұстаздарының, әсіресе, Рауа Әмзеқызы мен Айгүл Несіпбайқызының көрсеткен қолдауы мен берген ақыл-кеңестерінің септігі ұшан-теңіз екенін, айтар алғысы шексіз екенін үнемі айтып жүреді.

Ұстаз — жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Сырттай қарапайым болғанымен, ең ұлы істердің бірі — мұғалім ісін жүрек қалауымен таңдаған Гүлданаға өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялай еткен еңбегің жемісті, жеңісті болып, жоғары дәрежеде бағалансын деген игі ниетімді білдіремін.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Замзагуль

    Жарайсыз ?
    Ұлағатты ұстаз болыңыз!

  2. Асем

    ия Ұстаз болу оңай емес, әрбір баланың жүрегіне орын таба білуі қажет, оған үлгі болуы қажет

  3. Баян

    Өзіңізге қойған мақсаттарыңыз орындалып жатқан сияқті, іске сәт!

  4. Асем

    Өзіңнің қалауың болса барған дұрыс болмаса жауапкершілікті алып керек емес

    1. Кундызай

      Гүлдананың үздік шәкірттері көп болсын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ