Болашақ маманды қалыптастыруда колледж ата-ана ынтымақтастығының маңызы

Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім — жақындарына, туған — туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. 

Н.Ә.Назарбаев
Жалпы қоғамдағы тәрбие мазмұны — тұлғаның сенімі, дағды, көзқарас сапасы, қасиеттері, мінез-құлқының орнықты әдеттерінің жүйесі — тәрбиеленушіні өмірдегі басты үш нәрсе:

азамат, маман-қызметкер, отбасы иесін дайындау екені белгілі.

Тәрбие мазмұнының негізі-жалпы адамзаттық құндылықтар: Жер, Отан, отбасы, еңбек, білім, мәдениет, әлем, Адам.

stgТәрбие мазмұнының негізі-тұлғаның бақытты болу қабілетін дамыту    (тәрбие феликсологиясы-бақыт әкелуші-лат.) Ал адам осыларға тек отбасылық тәрбие мен қоғамдық жүйелердің бірлігінде ғана ие бола алады.     Отбасы құндылығы – біздің мемлекетіміз ұстанып отырған басты саясат. Шаңырақтағы ата-ана, бала үштағанының үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Ана мен баланың өмірі мен денсаулығын барлық ер-азамат, бүкіл қоғам, күллі ел болып қорғау арқылы жаны сау отбасын қалыптастыра аламыз. Елбасының  елге арнаған Жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін  дәріптеу, ата-аналарға балаларының қамқорлығы  алу мәселелері  сөз болған еді.

Оқу – тәрбие  ісі де  отбасы құндылықтарын жандандыратын, болашақ  елдің ертеңін — оқушыларды тәрбиелейтін мұғалімнің- ұлттық, адамгершілік рухани құндылықтары, өздік  ойлау қабілеті жоғары, білімді  өз  бетінше  іздеуге, өз  бетінше білім алуға  дағдылана алатын, бәсекеге қабілетті маман қалыптастыратын үрдіс. Осы ретте  «әке  көрген  оқ  жонар,  шеше  көрген  тон  пішер» деген аталы сөздің мән-мағынасы анықталады. Себебі, отбасынан адамгершілік, имандылық ,  адамдық  парасат, білімге құштарлық көріп, тәрбие алып келген жастар біздің оқу-тәрбие үрдісінде қанатын кеңге самғап, көлде жүзген аққудай еркін де жан-жақты дами алатындығы айқын. Бұл жөнінде                 В.А. Сухомлинский:

Бала — жанұяның айнасы; су тамшысындағы күннің бейнесі сияқты,
балалар да әкесі мен шешесінің адамгершік тазалығының бейнесі,-деген екен.

Отбасының негiзi баланы өмiрге келтiру ғана емес, оған мәдени — әлеуметтiк ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжiрибесiн бойына сiңiру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етiп тәрбиелеу секілді үлкен ұрпақтың тәжiрибесi, өмiрдегi беделi, ақыл-кеңестерi, ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы, бiр-бiрiн құрметтеуi – үлкен тәрбие мектебi.

Бұл мәселе ешқашан күн тәртібінен түспеген, сондықтан да күні бүгін де көкейтесті мәселелердің бастысы “Мәдени мұра” бағдарламасын
іс жүзіне асыру болып табылады.

Ал біздің оқу орнындағы тәрбиелеу  ісінде  жаңа,  қазіргі  заманға сай, әлеуметтік тапсырысты  қанағаттандыратындай    тәжірибелері қаншалықты екеніне тоқталар  болсақ: алдымен, адамгершілік, патриоттық тәрбие, азаматтықты және мемлекеттік тілді нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісім секілді бағыттар бойынша  ұлттық, діни және басқа әлеуметтік-мәдени топтардың қоғамдастығы құндылықтарына ие  болу, елдің өркенді дамуының әр тұлғаға қатысты екендігін түсіну, балаларымыздың  ана  тілінде  тәрбие  алуы маңызды деп санай отырып, осы бағытта жұмыстанамыз.

Біздің ұжымда  өзімізге тән тамаша дәстүрлер қалыптасты. Біз жыл сайын Рухани келісім күнін, Құрбан айтты, Пасханы, Рождествоны, т.б. мерекелерді студенттерімізбен бірге  атап өтеміз. Бұлар барлық қазақстандықтардың, ойлары ізгі және ниеттері жарқын барлық адамдардың мерекелері деп сіңіреміз жастар санасына. Егер біз жастарға  достық пен бауырластық, сенім мен толеранттылық сезімдерін дарыта алсақ, оларда бәрі де болады деп санаймыз. Жалпы біздің колледж ұжымы оқушыларға ең басты ұлттық құндылықтар: Ар,намыс,ана тілі,тәубашылық, ризашылық, отанының тарихы, туған жер, ізеттілік, парасаттылық, рахымшылық, қанағаттылық,ата салты, дәстүр, жеті атасы, шежіресі  туралы; еліміздегі және өлкеміздегі мәдени мұралар, (Сарайшық, Бөкей ордасы, Ноғай ордасы, Аралтөбе ,т.б.); атақты жерлестеріміз (Исатай, Махамбет, Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей Шығайұлы, Сырым Датұлы, батырлар (Өтен, Нарымбай, Насихат, Хиуаз Доспанова) т.б. туралы; ұлттық мәдениетіміздің биік тұлғалары, солардың  ішінде өз жерлестеріміз — Хамит Ерғалиев, Әбу Сәрсембаев, Фариза Оңғарсынова, Әзидолла Есқалиев, Қаршыға Ахмедияров, т.б.мәдени қайраткерлер өмірінен (соның ішінде отбасылық өмірінен де ) мол мағлұматтар береміз. Алматылық әріптесіміз п.ғ.к.Сараш Қонырбаеваның «Отбасы және бала» атты құралын студенттер өз практикаларында пайдаланып жүр.

 

Колледжімізге келіп, қонақ болған ұлтымыздың мақтанарлық перзенттері ғалымдар Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевпен, Қалиев Серғазы, Қожахметова Клара Жантөреқызымен ұлтжандылық, құндылықтар тақырыптары аясында кездесулер студенттерге ой салып әсерлілігімен есте қалды. Биылғы  жылы колледжімізде сенаторлар Ғарифолла Есім, Еңсегенов Сарсенбай қонақ болып жастарымызға өнегелік әңгімелерімен жақсы әсер қалдырды.              Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесінің беташар оқиғасы болған, мәңгі достықтықтың белгісіне айналған Азиада алауын ұстауға облыс халқы  колледж басшысына сенім артты.

 

Осындай жұмыстардың арқасында біздің колледжде үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға қамқорлық, жайма-шуақ қонақжайлылық, тату көршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты деуге болады.       Бұлар колледж ұжымының бірлескен оқу-тәрбие істерінің жемісі. Мысалы, гуманитарлық  колледжінің бастауыш мектепте  оқыту мамандығы оқушыларының арасында «Отбасы, неке, отбасындағы қыз баланың тәрбиесі» тақырыбына пікірталас өткізілді. «Отбасы- тәрбиенің ең тамаша мектебі» атты ғылыми жұмыстарымен «Жас ғалым» үйірмесі, «Менің отбасымның мейірімді дәстүрлері»-шығармалар көрмесі, «Тоталитарлық секталар-отбасы мен қоғамға қауіпті ме?» семинар-практикум; «Үйлену –оңай,  үй болу ше?» ашық дөңгелек үстел түріндегі  шарада    отбасын құрған жастармен сұхбат, сауалнама, зерттеу нәтижелері көрсетіліп, төменгі курс студенттерінің  отбасы, неке туралы білімдерін молайтып, болашақ ана, отбасының Отанасы, ұйтқысы қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б жан- жақты ұлттық қасиеттері туралы; қазақ халқының әдеп-ғұрпы арқылы қыз бала мен ер баланың тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру туралы, ең бастысы – отбасын құруға үлкен жауапкершілікпен, саналлылықпен, барлық жағдайларды (психологиялық, экономикалық, жас ерекшелік, т.б.) ескеру керектігі анықталды.

Бірінші курсқа келіп түскен студенттеріне ата-аналарымен бірге дәстүрлі емес жиналыстар мен ашық есік күндері, тарихи орындарға саяхат, тәрбие сағаттары, түлектерге арналған «Соңғы қоңырау», «Диплом беру» сияқты шаралар да  ата-аналармен тығыз байланыста жүреді. Мысалы, «Қыз Жібек» клубының ұйымдастырған «Сырласайық жеңеше», «Ақжүніс» телебағдарламасының ізімен: «Құпия кейіпкердің хатын талдау», “Өткенге салауат, келешек ғаламат, дәстүрім аманат”,т.с.с.шаралар да осыған дәлел.      Сондай-ақ, студенттердің   де өзіндік ізденістеріне ұсынылған кейбір  тақырыптарға шолу жасасақ:

1.Бала тәрбиесіндегі мұсылмандық әдеп қағидалары және қоғамдық міндеттер.

  1. Шет тілін оқыту үрдісінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Мұхтар Шаханов шығармалары арқылы рухсыздықпен күресу.

4.Отбасы-қамқорлық мектебі.

5.Абай тағылымын бастауышта оқыту.

6.Кіші жастағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда этнопедагогиканың орны.

7.Қазақ халық әндерін бастауыш сыныпта қолдану жолдары.

8.Қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарын бейнелеу.

  1. «Атамекен» балалар ұйымының тарихы.
  2. Тұлғаны рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу.

11.Махамбет – менің көзіммен

12.Дәстүрлі өнер туындылары – халық қазынасы

13.Өлке тарихын зерттеудегі жетістіктер

14.Ата кәсібі – ұрпақ нәсібі

15.Әжемнен естігендерім…

16.Халық педагогикалық үлгілерін оқу-  тәрбие процесінде  тиімді қолдану.

17.Менің өлкемнің салт-дәстүрлері: кешегісі, бүгіні., т.б.

Колледжде және студенттердің  практика барысында  өткізіп тұратын тәрбие жұмыстарының, зерттеу тақырыптарынан да ұлтжандылық, қазақы тағылымды байқауға болады:

« Сіз қандай ата-анасыз?», «Бақытты отбасының моделі», «Отбасы берекесі —  имандылықтан басталады.», «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» ,«Ата — ананың парызын, өтеу —  сенің қарызың», «Папа, Мама, Я-спортивная семья!» атты спорт эстафетасы ,«Мен және менің отбасым» ( әдеби – музыкалық кеш)

«Парасатты арулар мен ержүрек азаматтар» ( байқау), «Жақсы сөз – көңіл құлпын ашатын кілт».«Халқым қандай десең, салтымен сынай біл»,

«Алтын сақа».(әдеби  ойын) « Бабалар ұлағаты»,  «Мың бір мақал.»..т.б.

Сондай-ақ, студенттер өздерінің портфолиоларында өз отбасы туралы, мақтан тұтар отбасылық жетістіктері мен дәстүрлері туралы мағлұматтарды жинақтап, қорғайды. «Өзін-өзі тану» пәнінде студенттер ата-әжесіне, анасына, әкесіне сүйіспеншілік тілектер айтып, ата-анасына лебіз жазады. Олар мұндай әдістің керек екенін, күнделікті бұл сөздерді айта бермейтіндіктерін, отбасына деген сағыныштарын білдіретіндігіне куә болып жүрміз.

Колледждің ұстаздары мен студенттері ізденістерімен, іс-тәжірибелерімен халықаралық, республикалық, облыстық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға қатысып, ашық сабақтары, тәрбие шаралары, еңбектері жинақтарға еніп, БАҚ құралдарында жарияланып, баспалардан шығып жүр. Атап айтсақ, «Білім беру жүйесіндегі Этнопедагогика» республикалық ғылыми әдістемелік журналында жарияланған пікірталастарға өз ой-пайымдауларын қосып, мақалалары  жарияланып келеді. «Тұмар», «Парасат», «Жантану», «Қызықты психология», «Мектептегі мерекелер, «Бастауыш мектеп», «Көрініс», «Ақ Жайық», «Атырау», «Прикаспийская коммуна» «Ұстаз», т.б.бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстанда, елімізде болып жатқан жаңалықтарға өз қатынасымызды, көзқарасымызды білдіріп, үнемі баспасөзде жариялап отырамыз. Оған ардагер ұстаздардан бастап, жас студенттерімізге дейін атсалысады. Мысалы, тәжірибелі ардагер ұстаз Айман Қадырғалиқызы Қаленованың патриоттық, саяси тақырыптағы көптеген мақалалары басылса, жас студент Сатыбалдиева М.  “Өзін — өзі тану әлемі” атты мақаласымен республикалық сайыста жүлделі орын алды.

Колледж оқытушыларының баспадан жарық көрген «Психолог кеңістігі: Мектеп және отбасы» (Мақашева Р.),  «Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар» (Ш.Х.Құрманалина, Тыныбаева Б.Қ., А.Б.Искалиева), «Педагогика. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» (Ғ.Т. Сұлтанова), «Мектеп психологының жұмыс кітабы» (Ғ.Т.Сұлтанова), «М.Жұмабаевтың Педагогикасын оқыту» (С.Т.Есказиева),

Сұлтанова Ғ.,Сатқаева З. «Жаңаша оқыту-заман талабы» атты  оқу әдістемелік құралдары,  осы екі автордың бірлесіп жазған «Қазақтың батыр аруларының өнегесінің қыз бала тәрбиесіндегі ролі» атты баяндамасы «Тәуелсіздік және қазақтың қайраткер қыздары» атты Қазақстан Республикасының тәелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияжинағына енді.

С.А.Назарбаеваның 70жылдығына 2011/ 10/02 Тлендиев атындағы кіші өнер академиясында өткен «Сізге деген сүйіспешілікпен…» атты семинар-тренингте Ғ.Т. Сұлтанованың 200-ге жуық мұғалімдер алдында өзін-өзі тану пәнінен  «Ата-анаға махаббат-имандылық негізі» атты ашық сабағы қатысушыларға жақсы әсер қалдырып, сабақ жоспары республикалық «Жантану» журналында жарияланды. Мұндай мысалдар өте көп, қорыта айтқанда, колледжіміздің көптеген жетістіктері ұжымдағы оқытушылар мен оқушылардың, ата-аналардың арасындағы тығыз байланысты, дұрыс түсінікті, серіктестікті көрсететін бірлескен жұмыстың нәтижелері, әрі бұл жұмыстардың бәрі де  жастарға Азамат-адам, Маман-қызметкер, Отбасы мүшесі ретінде тәлім-тәрбие беруге, жақсы қасиеттерді бойына дарытуға, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруге арналған.

 

«Елу жылда ел жаңа» дегендей, осы уақыт аралығында білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістерден қалмай, жаңалыққа қол жеткізіп, Елбасының «Білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз» деп Жолдауында айтылғандай болашақ мамандарды   оқытуға, оларды даярлауға күш-жігерімізді аямаймыз. Келешек ұрпағымыздың болашағы жарқын болуы үшін білікті жастар тәрбиелеуде ұстаздарымыздың отбасымен бірлестікте тәрбие мен білім беру ісіндегі ролі биіктей бермек.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Айкенже

    Бұл кісінің мақалалары өте ауқымды және пайдалы екен!Маған қатты ұнады!Жұмысыңызға табыс тілеймін!

  2. Ырыс

    Бүгінгі таңда ең маңызды мәселе ел болашағы жастардың тәрбиесі оған ата-анамен бірлесе жұмыс жасау маңызды

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ