Заттар және олардың қасиеттері. Ауа

Жаратылыстану пәнінен қысқа мерзімді жоспар
Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері
Тақырыбы: Ауа Мектеп:Шаған жалпы орта білім беретін мектебі
Күні:30.11 Мұғалімнің аты-жөні: Мусагалиева Ж.Ш.
Сыныбы: 2 в Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың оқыту мақсаттары: 2.3.2.1біздің ғаламшарымыз үшін ауаның және ауа тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіну;
2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);
2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу

Барлық оқушылар:
Ауаның қасиеттерін біледі,атайды.
Оқушылардың көпшілігі:
Жылы және суық ауаның қасиеттерін салыстырады және ажыратады.
Кейбір оқушылар:
Тәжірибелер жасау арқылы ауаның қасиеттеріне мысалдар келтіре отырып,сипаттайды.

Тілдік мақсаттар: Дағдыларын дамыту:

Пікірлер қалыптастыру; болжамдарды дамыту; материалдарды талқылау жəне түсіндіру. Зерттеудің барлық кезеңдеріндегі коммуникативтік өзара байланыс. Көптілділік:

Ауа –воздух-air

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ауаның қасиеттері бар ма екендігін білу.
Ауаның қайда жасырынатынын анықтау.
Ауаны жылытсаң, оған не болады?
*Бөлмелердегі ауа қалай жылытылады?
*Жақтауда екі қабатты шыны не үшін қажет?
*Ауаны ластанудан не үшін қорғау және сақтау керек?
*Таза ауаны сақтап қалу үшін не істеуіміз қажет?

Ауаның қасиеттері
Дағдыларды дамыту:
Ауаның қасиеттерін анықтайды, атайды және сипаттайды.
Ауаның қасиеттерін дәптерге жазады.

Өткен сабақтардан алған білім Адамдарға ауаның өмір сүру үшін қажеттігін туралы түсінігі бар. Ауа көрінбейді, иіссіз.
Жоспарланған уақыт мөлшері Жоспарланған жұмыс түрлері Ресурстар

I. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
Ширату
Қоңырау үні естілді,\мұғалім\
Сабағымыз басталды. \оқушы\
Оқушылар тынышталып,\мұғалім\
Қатар-қатар тік тұрдық. \оушылар\
Жұптасып бір-біріне тілек білдіреді.
Кел жаныма тұр,сыныптас,
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос.
II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
Ұжымдық жұмыс
Жұмбақты шешу арқылы тақырыпты ашу
Көзге көрінбейді,
Жұтсаң білінбейді /Ауа/
Тыңдалым
«Таза ауа» бейне жазба
Алдымен бос пакетті алып,ішін заттармен толтыру.
Пакет қандай болды?
Пішінін өзгертті ме?
Ол қандай болды?
Енді барлығымыз бірге бос пакеттің аузын кеңейтеміз, ауыз жағын бүріп,жинақтаймыз,жиырылған сайын ол томпайып,үріледі.
Не байқадыңдар?
Қорытынды щығарайық
Оқушылардың болжамдарын тыңдау
Пакетті тесіп жіберу, ішінде не бар?
Пакетті толтырып тұрған не деп ойлайсыңдар?
Ендеше,бүгінгі сабағымыз не туралы болуы мүмкін?
Ауа дегеніміз не?
Ауа туралы не білеміз?
Тыңдалым
Қолғап, түрлі металл бұйымдар.
Магнит
Презентация
Аудио жазба
Ауа қабаты бізді және біздің ғаламшарымыз – Жерді қоршап тұр. Осы қабатты атмосфера деп атайды. Ол біздің планетамыз Жерді Күннің радиациясынан қорғайды. Егер ауа қабаты жойылып кетсе, онда тіршілік жойылады. Күннің ыстық сәулесі түгел күйдіріп жібереді.
Жер бетіндегі ауаның қозғалысы жел деп аталады. Жел соққанда ағаштарды шайқайды, жапырақтарды түсіреді.
-Ауа қандай деп ойлайсыңдар,олай болса түрлі тәжірибелер арқылы ауаның қасиетін анықтайтын боламыз.
Ұжымдық жұмыс
«Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы жүргізу
1- тәжірибе
Шарды үрлеңдер.Шарды немен толтырдыңдар?
Ауамен
-Шардың ауасын кері жіберіп немесе қолымен қысып көр.
Ауа шығып кетті Қорытынды щығару.
Ауа не істейді? /сығылады/
2 тәжірибе
*Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?
3- тәжірибе
*Допты жерге немесе жарға ұрып көр.
Доптың серпілуіне не көмектесіп тұр.Ауа Серпіледі.
4- тәжірибе
*Мұрынын басып қарау арқылы ауаның түссіз, дәмсіз,көзге көрінбейтінін анықтау
*Неліктен көре алмаймыз?
– Қалай дәлелдеуге болады?
Салыстырайық. Есік, кітап мөлдір емес пе?
Біз олардың ар жағындағы заттарды көрмейміз.
Қорытынды: Демек, ауа мөлдір.
– Ауаның түсі бар ма?
– Салыстырайық. Шкаф қоңыр, сынып тақтасы жасыл, бөлме өсімдіктері жасыл. Ал ауаның мұндай түстері де, басқа да ешбір түсі жоқ.
Бұлттар.– Тағы басқа не мөлдір болады? Балаларға бөлмедегі мөлдір заттарды табуды ұсыныңыз. (Аквариум қабырғалары, терезе әйнектері).
Қорытынды: Демек, ауа түссіз.

5- тәжірибе
Екі май шамды жағып, біреуін банкамен жабу.Қайсысы ұзағырақ жанады.

Ауа қандай? түссіз, дәмсіз, мөлдір, көзге көрінбейді,серпіледі, сығылады.
– Сендердің қайсыларың ата-аталарыңмен бірге осындай шарларды аспанға жіберіп көрдіңдер?
– Әуе шары аспанға неліктен көтеріледі?
Қорытынды: Жылы ауа суық ауаға қарағанда жеңіл, сондықтан ол жоғары көтеріледі.
(Ауаны көруге болмайды, өйткені, ауа мөлдір).
*Екі ұртыңды ауамен толтыр да, екі саусағыңмен ұртыңды бас. Не байқадың?
3- тәжірибе
*Допты жерге немесе жарға ұрып көр.
Доптың серпілуіне не көмектесіп тұр.Ауа Серпіледі.
4- тәжірибе
*Мұрынын басып қарау арқылы ауаның түссіз, дәмсіз,көзге көрінбейтінін анықтау
*Неліктен көре алмаймыз?
(Ауаны көруге болмайды, өйткені, ауа мөлдір).
– Қалай дәлелдеуге болады?
Салыстырайық. Есік, кітап мөлдір емес пе?
Біз олардың ар жағындағы заттарды көрмейміз.
Қорытынды: Демек, ауа мөлдір.
– Ауаның түсі бар ма?
– Салыстырайық. Шкаф қоңыр, сынып тақтасы жасыл, бөлме өсімдіктері жасыл. Ал ауаның мұндай түстері де, басқа да ешбір түсі жоқ.
– Тағы басқа не мөлдір болады? Балаларға бөлмедегі мөлдір заттарды табуды ұсыныңыз. (Аквариум қабырғалары, терезе әйнектері).
Қорытынды: Демек, ауа түссіз.

5- тәжірибе
Екі май шамды жағып, біреуін банкамен жабу.Қайсысы ұзағырақ жанады.
Ауа қандай? түссіз, дәмсіз, мөлдір, көзге көрінбейді,серпіледі, сығылады.
– Сендердің қайсыларың ата-аталарыңмен бірге осындай шарларды аспанға жіберіп көрдіңдер?
– Әуе шары аспанға неліктен көтеріледі?
Қорытынды: Жылы ауа суық ауаға қарағанда жеңіл, сондықтан ол жоғары көтеріледі.
Терезе әйнегін мысал келтіру, жылы мен салқынды өткізбейді.

Сергіту сәті
Аяқпенен топ –топ-топ,
Қолымызбен хоп-хоп –хоп.
Бір оңға, бір солға,
Айналамыз кел мұнда.
Ауа неліктен ластанады?
Презентация
Топтық жұмыс
1- топ
Ауа туралы «Бес жолды өлең» құрастыру
2 -топ

Тірек сөздерді қолданып өлең жолдарын құрастыру/таза,дауа,қорғаймыз,сақтаймыз,табиғат т/б.

3- топ
«Таза ауа» тақырыбына мәтін жазу
Қалыптастырушы бағалау
2.3.2.1Ауаны тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсіну
-Ауаның тыныс алуға қажеттігін анықтайды;
-Ауасыз тіршілік жоқтығын анықтайды;
-Ауаның жануды қолдайтындығын анықтайды;
-Ауаның өсімдіктердің өсуіне тиізетін әсерін жазады:
Рефлексия
Бағдаршам көздерін пайдаланып, кері байланыс жүргізу
Жасыл көзі – бүгінгі сабақты толықтай түсінсе,
Сары көзі- жартылай түсінсе,
Қызыл көзі- мүлдем түсінбесе бағдаршам көздеріне стикерлерді жапсыру

Дифференциация
Күнделікті өмірде ауаның қажеті бар ма?
Бағалау
Оқушының сабақ соңында:
Жылы және суық ауаның қасиеттерін салыстырады және ажыратуын бағалау.
Өзара бағалау.
Бірін-бірі бағалау.
Қалыптастырушы бағалау. Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ мен байланыс.Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері)
Бақылау
Сабақтың мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Гульмира

    Өте жаксы ,сапалы жазылған.Шыгармашылык табыс тілеймін.Керемет

  2. Маржан

    Жанаргүл ханым мақалаңыз жақсы үлгіде жасылған екен!

  3. Жаннұр

    Сабағыма қолдандым, мағлұмат терең және көп.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ