Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар

Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне тарихи-педагогикалық және мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты – адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен әсемдікті тәрбиелеу.

Мемлекетіміздің мәдениет мәелелері мен тарихи өткенін жаңғырту және бағалау мәселелеріне деген көзқарасына 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының қабылдануы дәлел бола алады. Бұл бағдарламаның жасалуы мәдени мұралар саласындағы қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Бұл мәселені зертеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтан туындап отыр. Біріншіден, қоғамның халықтың мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттілігінің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын музыкалық білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден, музыкалық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін зерттеумен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің жеткілікті зерттелмеуі мен ғылыми қорытындыланбауы арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.

Бұл мәселелердің көкейтестілігі қазіргі кезеңде музыкалық білім беру мен тәрбиенің аймақтық ерекшелігін зерттеумен байланысты ғылыми еңбектердің жоқтығында жатыр. Қазіргі уақытта жастарлың өз халқының тарихына, өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығы өсіп отырғаны байқалады. Еліміздің аймақтарындағы тарихи-педагогикалық жұмыстар – отандық ғылым мен интеллегенция өкілдерінің көңілін аударып, қызығушылық тудырып отырғанын айтуға болады.

Көптеген жылдар бойы Қазақстанда музыкалық ағарту және білім беру дамыды, жетілді әрі белгілі бір жүйеге қалыптасты. Бұл үрдістің жекелеген қырлары П.М.Момынов, С.А.Ұзақбаев, Г.М.Аубакирова, Г.К.Ахметова. А.Б.Мұқашев еңбектерінде зерттелді. Ғалымдар еңбегі Қазақстандағы музыкалық білім берудің қалыптасуы мен дамуын зерттеуде өздерінің сүбелі үлестерін қосты.

Ұлттық, дәстүрлі мәдениеттің эстетикалық тәрбие мазмұнына қосқан үлесі отандық педагогиканың, ғылымның дамуына мүмкіндік туғызды. Дегенмен, өнердің көпқырлылығы, ол өнердің әртүрлі саласын ықпалдастырып қана қоймайды, әрі бүкіл адамзаттық мәдениетті де қамтиды. әлеуметтік саланы дамыту барысында қоғамды ізгілендіру көрінісінің бірі – рухани жағынан бай тұлғаны тәрбиелеу. Бұл бүгінгі күнгі білім беру жүйесінің  негізгі мақсаты болып табылады. Демек, өскелең  ұрпақтың рухани мәдениетін қалыптастыру – қоғамның мәдениетін жан-жақты дамыту жұмысының маңызды бөлігі.

Шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастыру мәселесі терең зерттеулердің пәні болып қала береді. Ол әртүрлі музыкалық әрекет түрлерімен айналысу үрдісінде, музыка мен қарым-қатынас қажеттілігін дамытуда жүзеге асырылуы мүмкін.

Кең мағанадағы эстетикалық тәрбие міндетттерінің ішінде ең маңыздысы, қоғамның мәдени және рухани потенциалын көтеруде музыкалық педагогиканың қосатын үлесіне тәуелді болады. Өйткені ол оқушы жастардың халықтық музыкалық дәстүрге қызығушылығын қалыптастырады, оны тұлғаның жалпы мәдениетіне біріктіреді.

Педагогикалық көзқарас тұрғысынан  адам тұлғасын музыкалық білім беру мен тәрбиелеу арқылы қалыптастыру үрдісі – бұл тұлғаға эстетикалық, этикалық әсер етуі, ол тәрбиеленушіні басқа адамдар қызығушылығына ендіру деген сөз. Тәрбие мақсаты жастарды мәдениетке, оның барлық қабаттарын игеруге баулу болып табылады. Сондықтан, эстетикалық тәрбие маңызды, ал шындықты тарихи қабылдау маңыздырақ мәселе. Музыкалық білім беру әр уақытта да ең танымал және де жалпы көпшілік қол жеткізе аларлық құбылыс бола тұрғанменен, ғылымда жеткілікті талданбаған және аз зерттелген.

Тәжірибе-ғылымилық қағидаларын жүзеге асырудың негізгі жолдары келесілер болып табылатынын көрсетіп отыр:

—  музыка – педагогикалық пәндерінің мазмұнындағы концепция мен идеяларды ашып көрсету; әр тақырыпта студенттер игеруі керек болатын негізгі (базалық) ұғымдарды ажыратып көрсету;

—  музыка саласындағы қазіргі күнгі жетстіктерді, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені көрсету;

—  зерттеу әдістерін ашып көрсету;

—  түрлі елдердің музыкалық тәрбие беруінің мәселелерін талдау;

— пәндер арасындағы байланыстарды (педагогика, психология, жас психологиясы, табиғи ғылыми, көркем-эстетикалық цикл пәндерінің арасында) орнату.

Музыка пәні мұғалімі – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалар мен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ, ол баланың психикалық құпияларынын жетік біле отырып, білім береді, оны дүниенің әсемдігінің танып білуге үйретеді. Музыка пәні мұғалімінің еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең білгір, ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын, өз елінің азаматтарының тағдырын, оның болашағын табыс еткен. Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз дәл сондай болмақ.. Әрбір адам мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді дәл өзге қызметті көзге елестету қиын.

Мұғалімдер қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебімен мұғалімдері бар мемлекеттер ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет-ғұрыптарды нашарлататын қынжыларлық жағдайлармен аяқталып отырған.

Көптеген әдебиеттерде теориялық талдау жасау барысында музыка пәні мұғаліміне қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екені айғақталды.

Алғашқы талап – педагогикалық қабілеттіліктің болуы – оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым-қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Көбіне педагогикалық қабілеттер сөз сөйлеу мәдениетін, ән айту, балаларды ұйымдастыру және т. б. нақты әрекеттерді орындай білумен сипатталады.

Мәселен, В. А. Сластелин қабілеттердің мынандай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

1)      Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығыру және т. б. біліктерінен байқалады.

2)      Дидактикалық. Оқу материалын көрнекілік, құрал-жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау;танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу -танымдық белсенділігін арттыру және т. б.

3)      Рецептивтік. Тәрбиеленушілердің рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциональдық көңіл-күйін объективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.

4)      Коммуникативтік. Мұғалімнің оқушылармен, олардың ата- аналарымен, әріптестерімен, оқу орнының жетекшілерімен педагогикалық мақсатқа сәйкес қарым-қатынастар орната алу білігінен байқалады.

5)      Сугессивтік. Оқушыларға эмоциональды-еріктік ықпал жасаудан көрінеді.

6)      Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациялар мен процестерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.

7)      Ғылыми-танымдық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге саяды.

Мұғалімдер арасында жүргізілген толып жатқан сауалнамалар нәтижелері бойынша жетекші педагогикалық қабілеттерге педагогикалық қырағылықты (байқағыштық) жатқызуға болады, ал дидактикалық, ұйымдастырушылық, экспрессивтік, басқалары қосалқы, көмекші топқа санала алады.

Гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатынас жасау, бұл қарым-қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді.

Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты.

Өзінің кәсіби еңбегіне сүйіспеншілік – өз ісіне адалдық пен аямай берілгендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз.

Өзге мамандықтарға дәл осы мұғалімдік секілді соншалық жоғары талаптар қойылмайды.

Сондай-ақ, музыка пәні мұғалімінің жұмысын талдауға мұғалімдік шеберлік деп аталатын интегральды (біріктірілген) сапа алдыңғы орынға шығады. Педагогикалық шеберліктің анықтамасы көп. Ең жалпы мағынада ол – тәрбиелеу мен оқытуды жоғары және ұдайы жетілдіру өнері. Шеберліктің негізіне мұғалімнің жеке мәдениеті, білімі мен ой-өрісінің педагогикалық техникамен, сондай-ақ алдыңғы озық тәжірибемен ұштасып, қорытылуы алынған. Шеберлікті меңгеру үшін көп нәрсені білу және істей алу қажет. Теорияны білу, оқу-тәрбие процесінің тиімді технологиясын пайдалана білу, оларды нақты жағдай үшін дұрыс таңдау, тиісті деңгей мен сапаны белгілеу, болжау және жобалай алу қажет.

Педагогикалық шеберлікті құрайтындар аз емес. Ол, ең алдымен, оқу процесін барлық, тіпті жағымсыз жағдайлардың өзінде қажетті деңгейдегі тәрбиелік даму және білімге қол жеткізуге болатындай етіп ұйымдастыру білігінен көрінеді. Мұғалімнің шеберлігі, әсіресе, сабақтарда үйрете білуден білінеді.

Шеберліктің тағы бір маңызды көрсеткіші – ол, оқушылардың белсенділігін арттыра алуы, олардың қабілеттерін, өз бетімен жұмыс істеуін, білуге құмарлығын дамытуы, балаларды сабақта ойлануға мәжбүр ете білуі.

Я.Коменскийдің айтуы бойынша мектептегі оқыту мен тәрбиелеу жұмыстары тікелей мұғалімге байланысты. Мұғалім қазіргі кезде мектептің негізгі басты ұлғасы болып есептеледі. Мектеп мұғалімі қандай болса, болашақта қоғам да сондай болады.

Қоғамда ұстаз ролінің төмендеуі оқу сапасына әсерін тигізгені анық. Р.Безделина зерттеуі бойынша 85 пайыз мұғалім өзінің функциясын білімді беруде, ал А. Орловтың пікірінше 10 пайыз мұғалім өздерінің оқушылары арқылы жеке тұлғаны бағалайды. С. Рескина 85 пайыз мұғалім өздерінің оқушыларын танып білмеу салдарынан оларға мамандық таңдауда ешқандай кеңес бере алмайды десе, ал  И.Скрипюк 70 пайыз мұғалім оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната алмайтынын, Е.Захарова 60 пайыз мұғалімнің авторитарлық бағытты таңдағанын айтады. Осы фактілірдің бәрі педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды қажет етеді.

Қазіргі мектеп оқушыларын тәрбиелеуде үлкен орын алатын мәселе – ол мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Осыған байланысты В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесін қарастыруғы болады.

Ол мына төмендегідей:

Кесте 4 В.Симоновтың мамандық шеберлігінің мінездемесі

Р/с

Оңтайлы деңгей

Қалыпты деңгей

Сыни деңгей

1. Жеке тұлға ретінде индивидуалдық мінез бітісі

1.1 Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-тең типі. Жоғарғы жүйке жүйесінің күшті, тепе-теңдігі қозғалмалы. Жоғарғы жүйке жүйесі инертті, әлсіз тип.
4 — кестенің жалғасы
1.2 Басшылыққа ұмтылу. Қаталдық. Шамадан тыс қаталдық.
1.3 Өзіне сенімділік. Өз-өзіне сенімділік. Өзін- өзі жақсы көру.
1.4 Қатаң талап қоюшылық. Талапқа бағынбау. Қаталдық.
1.5 Тіліктестік, ықыластық. Дербестіліктің жеткіліксіздігі. Шамадан тыс конформизм.
1.6 Гипертимдік. Тақуалық. Демонстративтік, қызбалық.
1.7 Эмотивтілік. Бөгелуші. Дистимділік, қобалжушылық.

2. Қарым – қатынас құрылысындағы мінез бітістері

2.1 Демократиялық қарым – қатынас. Авторитарлық қарым – қатынас. Либералды қарым – қатынас.
2.2 Ұстанымды сұрақтарға байланысты конструктивті дау – жанжал. Оқушылармен ұжым мүшелерімен дау – жанжалға түспеу. Көптеген сұрақтарға байланысты деструктивті дау-жанжал.
2.3 Ұжым мүшелерімен бірлесуге ұмтылу. Ұжым мүшелерімен қарсылықта болу. Компромисс, үнемі бейімделу.
2.4 Өзін-өзі бағалауы қалыпты. Өзін-өзі бағалау төмен. Өзін-өзі бағалауы жоғары.
2.5 Ұжымда бөлектену деңгейі 0-ге тең Бөлектену деңгейі 10 %. Бөлектену деңгейі 10 % жоғары.

3. Оқушының мамандық шеберлігінің бітістері

3.1 Материалды еркін жеткізу. Тек өз пәнін білу. Тек қана конспект бойынша жұмыс жүргізу.
3.2 Оқушының психологиялық жас ерекшелігімен, іскерлігімен санасу. Оқушының жас ерекшелік, педагогикалық психологиясы туралы білімнің болуы. Жас ерекшелік, педагогикалық психология туралы білім жоқ.
3.3 Оқушылардың атын атайды. Оқушылардың фамилиясын атайды. Оқушыларға қарым-қатынасы тексіз.
4 — кестенің жалғасы
3.4 Мәнерлі қимыл қозғалыс, сырқы пішімі әдемі. Қимыл-қозғалысы мәнерсіз, киім пішіні стандартты. Шамадан көп қимыл-қозғалыс, киім пішіні қисынсыз, салақ.
3.5 Сөйлеу қарқыны 1 минутта 120-130 сөз. Сөйлей қарқыны 1 минутта 120 сөзден төмен, дауысы ақырын, қыстырма сөздерді көп пайдаланады. 1 минутта 150 сөзден жоғары, сөзі ұғынықсыз, сөздерінің аяғын жұтады.
3.6 Тез жауап қайтару, шешім таба білу. Абдырап қалу, жауапқа шешім табудағы реакция. Реакция әлсіздігі, шешімнің жоқтығы.
3.7 Нақты мақсатты анық анықтау. Жалпы мақсатты ғана бағдарлау. Мақсат тұтастығының болмауы.
3.8 Барлық оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу. Көптеген оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыра алу. Көпшіліктің пассивтігі, тек қана жекелеген оқушылармен жұмыс.
3.9 Оқу материалын түсінгенін үнемі тексеру. Түсіну деңгейін үнемі тексермейді. Түсіну деңгейін ешқашан тексермейді (түсіндіру барысында)

4. Мамандық іс-әрекетінің тиімділігі

4.1 Оқу әрекетінің нәтижелігі 85 %, одан жоғары. Оқу әрекетінің нәтижелігі 65-84 %. Оқу әрекетінің нәтижелігі 45-64%.
4.2 Өзіне талапты жоғары деңгейге қоюдағы жұмыс. Орташа талап қою. Талап қою деңгейі төмен.
4.3 Үйрену деңгейі 64-100%. Үйрену деңгейі 36-63%. 36 % төмен.
4.4 Оқытушы рейтингісінің ұпайы 4,4 одан жоғары. 3,8- 4,3 ұпай. 3,8 ұпайдан төмен.
Ұпай саны

100

75

50

 

Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, оқушыда жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды.

Осылайша, музыка пәні мұғалімі қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.

 

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
ErKeTai.KZ