Пәтер сатып алу кезінде қаражат үнемдеудің 9 жолы

Пәтер сатып алу кезінде қаражат үнемдеудің 9 жолы

Жылжымайтын мүлікті көп қаражат жұмсамай сатып алу іс жүзінде мүмкін емес. Дегенмен, шығындарды азайтудың бірнеше жолы бар.

Бастапқы тұрғын үй

1. Тұрғын үйді құрылыстың бастапқы кезеңінде сатып алыңыз

Қазіргі уақытта, бұл жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде қаражат үнемдеудің ең танымал әдістерінің бірі. Әдетте жаңа ғимарат пайдалануға берілгенде сатылымға жүз пәтердің бірнешеуі ғана қалады.

Барлық құрылыс компаниялары әлеуетті және тұрақты клиенттерге сатылым басталғаны туралы әлеуметтік желілер және SMS хабарламалар арқылы алдын ала хабарлайды. Осылайша, салушылар сатып алушыларға өздеріне ұнаған жоспардағы пәтерді бастапқы бағамен сатып алу мүмкіндігін береді. Құрылыстың аяқталуы мен үйді пайдалануға беру мерзімі неғұрлым жақын болса, шаршы метрдің бағасы соғұрлым қымбатырақ болады. Орташа алғанда, сату басталғаннан құрылыс кезеңінің соңына дейін пәтер құнының айырмашылығы 15-20% құрайды.

Салушының үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. Құрылысқа үлескерлікпен қатысу келесі жағдайларда қауіпсіз болады:

  • Кепілдік беру қорының үлестік салымдарға кепілдік беруі;
  • ҚР банктерінің бірімен қаржыландыру шартының болуы;
  • үлескерлер қаражатын қаңқаның құрылысы аяқталғаннан кейін тарту.

2. 100% төлеммен сатып алыңыз

Көптеген құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік құнын толық төлегенде 4-7% жеңілдік береді.

3. Жоғары сұранысқа ие емес пәтерлерді таңдаңыз

Бірінші және соңғы қабаттардағы пәтерлер ең аз сұранысқа ие. Дегенмен, олар басқалардан кем емес. Соңғы қабаттағы пәтерлердің артықшылығы — терезелерден әдемі көрініс көрінеді және дыбыс оқшаулауы жақсы болады. Бірінші қабаттағы пәтерлер мүмкіндігі шектеулі немесе қарт адамдар үшін қолайлы.

4. Науқандар мен жеңілдіктерді қадағалаңыз

Әлеуетті сатып алушыларды тарту үшін құрылыс компаниялары науқандар жиі ұйымдастырады, жеңілдіктер түндерін өткізеді, белгілі бір тұрғын үй кешендерінің құнын «қатырып қояды». Кейде автотұрақ орнын айтарлықтай төмендетілген бағамен тиімді сатып алуға болады. Мұндай науқандар туралы ақпаратты әлеуметтік желілер және компаниялардың веб-сайттарында бақылап отыру керек. Қазақстандағы көптеген салушылардың ұсынатын ағымдағы бағалары мен жоспарлары туралы ақпаратты korter.kz веб-сайтынан табуға болады.

Қайталама тұрғын үй

Пәтер сатып алу кезінде қаражат үнемдеудің 9 жолы

5. Дұрыс кезеңді таңдаңыз

Жаз бен қыс дәстүрлі түрде жылжымайтын мүлік сатып алудың «төмен маусымы» болып саналады. Басқа жағынан қарасақ, бұл тиімді мәміле жасау үшін жақсы мүмкіндік. Егер сатушыға өз мүлкін тез арада сату қажет болса, ол нақты сатып алушыға жеңілдік жасауға тезірк келісетін болады.

6. Баламалы шешімдер ұсыныңыз

Егер сатып алушыда жылжымайтын мүлікті сатып алуға қажетті сома болмаса, ол сатушыға мүліктің құнына жер телімі, автокөлік немесе басқа тұрғын үй қосуды ұсына алады.

7. «Ыстық», «Шұғыл» немесе «Саудаласу!» деп белгіленген хабарландыруларды назардан тыс қалдырмаңыз

Тұрғын үй сатудың өзектілігі меншік иесінің басқа ел/қалаға қоныс аударуы немесе өмірлік жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Бірақ мұндай мүлікті сатып алғанда, өте мұқият болып, құжаттарды да, иесімен бірге мүліктің өзін де мұқият тексеру қажет.

8. Аукциондар және саудаларды бақылаңыз

Мамандандырылған сауда алаңдарында кепіл мүлікті саудаға салу туралы көптеген хабарландырулар бар. Бұл тұрғын үй құнының 30%-дан астамын үнемдеуге тамаша мүмкіндік. Дегенмен, саудаға қатысу үшін кепілдік жарна (қайтарылатын) жасау қажет. Мәміле жасағаннан кейін жаңа иелері бұрынғы иелерін шығарып жіберуге мәжбүр болатын жағдайлар сирек емес.

9. Саудаласыңыз

Риэлторлардың айтуынша, сәтті саудаласудың екі жолы бар. Біріншісі – жылжымайтын мүлікті қолма-қол ақшаға сатып алу. Қаражаттың бір бөлігін қолдағы жылжымайтын мүлікті кепілдікке қою арқылы банктен алуға тура келсе де, сатушылар сізге жұмсағырақ болады. Екіншісі — 5 000 АҚШ долларынан 10 000 АҚШ долларға дейінгі кепілақы үлкен сомасын ұсыну және оны міндеті түрде нотариуста рәсімдеу.

Ипотека бойынша жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде, несие алу нұсқаларын бірнеше банкте есептеп алыңыз. Күтілетін төлемдер кестелерінен қаражаттың қандай бөлігі негізгі қарыз және қандай бөлігі банк комиссиялары екенін көруге болады. Алынған ақпарат негізінде, әртүрлі несие бағдарламалары бойынша банктер ұсынатын төлемдердің салыстырмалы талдауын жасаңыз. Бұл несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болған кезде өте маңызды.

Есіңізде болсын, үнемдеу жылжымайтын мүліктің төмен құны ғана емес, сонымен қатар оны кейін төмен шығындармен пайдалану. Мәмілелеріңіз сәтті болсын!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Гульмира

    Адамдарға маңызды акпарарттар береді екен.
    Тамаша .

  2. Анар

    Қажетті ақпарат екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ