Ұстаздық еткен жалықпас

Шәкірттерге тәрбие беру үшін тер төгетін ол ұстаз. Мен жас кезімнен бастап осы тәрбиеші мамандығына қызыққан едім. Балаларды тәрбиелеу, болашаққа деген сенімдерін арттыру және оқуға қызығушылықтарын дамыту мен үшін ерекше болған еді. Ұстаз, тәрбиеші мамандықтары баланың сүйіспеншілігін арттыратын мамандықтар.

Мен мектеп кезінде осы мамандықты таңдаған едім, қайтсем де тәрбиеші боламын деп алға ұмтылғанмын. Қазір менің жасым елу төртте, және мен өз мамандығымнан еш уақытта жалыққан емеспін, егер маған мамандықты таңдауға тағы да мүмкіндік берілсе мен ойланбастан тәрбиеші мамандығын таңдар едім.

Мен бүлдіршіндерді түрлі байқауларға қатыстырып жүрмін, өйткені балалар өздерінің болашақтарында тек оқуды ғана емес жан-жақты болуды да ойлаулары керек. Балабақшадан кейін мектепке барғанда, балалар өздерін барлық жағынан көрсетулері қажет. Ия, оқу-білімсіз өмір сүру мүмкін емес екеніне мен келісемін, бірақ үздік оқушылардың өмірлеріне би немесе ән өнерлері бөгет келтіреді деп ешкім айтпаған.

Міне, дәл осы себептермен мен біздің жас бүлдіршіндердің жан-жақты болуына өз үлесімді қосып жүрмін. Мысалы, «Шабыт» білім- беру әдістемелік орталығының байқауларында балалар өздерінің сурет салу қабілеттерін көрсетті,оған қоса бүлдіршіндер «Кемел» өнер-білім орталығынын ұйымдастыруымен өтетін көптеген байқауларға қатысып, жүлделерге ие болып жүр.

Ұстаздық еткен жалықпас

Халықаралық «Бойтұмар» өнерлі балалар байқауында жүлделі 1 орын алды. Ал, «Бала Дарын» балалар байқауы жобасы аясында өткізілген республикалық сурет және қолөнер байқауында ерекше көзге түскендері үшін балабақша тәрбиеленушілері марапатталды.

«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген Абай Құнанбайұлының «Қыс» атты өлеңін мәнерлеп оқудан республикалық байқауда дарынды шәкірттер марапатталды.

Республикалық Ұлы Дала Ұрпағы байқауында бас жүлдеге ие болған. Осының барлығы менің ортаңгы топтың тәрбиеленушілерінің жетістіктері!

Мен, тәрбиеші Кабдолова Гульнафист және менің жетістіктерім:

1.Мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында ұйымдастырылған Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» балалар шығармашылық байқауына шәкірттерін ынталандырып, таланты мен білімін жетілдіруге атсалысқаны үшін ДИПЛОМ 2020 жыл

2.Ұрпақ бойына тамаша тәлімді сіңіріп жатқан ерекше еңбегі мен шығармашылығы үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ 2020 жыл

3.Қазақстан Республикасы білім беру саласында ерекше еңбегі мен шығармашылыгы үшін «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» төсбелгісімен марапатталғаны туралы КУӘЛІК№20/398. 2020 жыл

4.КУӘЛІК Қазақстан педагогтар қауымдастығы төралқасының шешімімен ұрпақ тәрбиесі мен еліміздің білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі үшін «ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» төсбелгісімен марапатталғаны үшін берілді. 2019 жыл

5.Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Егемен еліміздің үздік ұстаздары» байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін ДИПЛОМ. 2019 жыл

6.«Білімге көпір» Халықаралық ғылым Академиясының педагогикалық ғылыми жетілдіру қорының ұйымдастыруымен өткізілген ұстаздар арасындағы республикалық «Жыл Үздігі-2019» байқауының жеңімпазы 1 дәрежелі ДИПЛОМ.

7.Аудан әкімі М.Бигелдиевтен АЛҒЫС ХАТ. 2018 жыл

8.Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Қ. Сұлтанбековтан АЛҒЫС ХАТ. 2020 жыл

Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман,- демекші еңбек ету керек. Болашақта еңбегіміздің жемісін көру қандай тәтті болар. Тынбай еңбек етуден мен ешқашан жалықпаспын, себебі, бұл менің міндетім, менің сүйікті жұмысым.

Болашақта осы балаларды бақытты, шабытты етіп көргім келеді. Мен олардың ынталарын, еңбектерін сыйлаймын. Олардың тек биіктерден көрінгендерін қалаймын.
Абай Құнанбайұлы айтқандай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер43
  1. Гульмира

    Устаздын еңбегі өлшеусіз.гой.Жумысынызга шығармашылық табыс тілеймін.

  2. Гульмира

    Салеметсиз бе.Устаздарга үлгі ретінде жазылғандай.Тамаша

  3. Айгерим

    Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға деп бекер айтпаған ғой.

  4. Айгерим

    Керемет дүние! Биік белестерді бағындыра беріңіз! Сәзге шығармашылық табыс тілеймін!

  5. Шолпан

    Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Ол үшін ең алдымен сабырлық керек,балаларды түсіне білу керек . Мен осы мамандықты таңдағаныма қуаныштымын?

  6. Жауқазын

    Устаз ол балаларга билим беретин екенши ана болып саналады.Устаздардын енбегине жететин ештене жок

  7. Бекмолда Айгерім

    Ұстаз ол бала тәрбиесіндегі маңызды роль атқарушы бір тұлға.Оның еңбегі қашанда қай кезде де еленуі керек деп есептеймін.Жаңаша бағытта білім беруде балалардың жан жақтылығын арттырады деп сенемін

  8. Gulnaz

    Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы-ұстаз.Керемет жетістіктерге жеткен екенсіз. Алда да игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілек білдіремін.

  9. Ясина

    «Шәкірт шәкірт емес, ұстазын сүймесе, Ұстаз ұстаз емес шәкірті үшін күймесе» — деген қазақтың ұлы педагогі Алтынсарин атамыз, оте жаксы

  10. Айгерим

    Бір сөзбен айтқанда ұстаз болу оңай жұмыс емес! Ол үшін ұстаз ең алдымен сабырлы болуы керек! Өте жақсы мақала!

  11. Айгерим

    Өте керемет айтылған! Ұстаз болу әркімнің қолынан келе бермейтін керемет жұмыс түрі!!!

  12. Элмира

    Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
    Еңбегіңіз жемісті болсын

  13. Айнұр

    Ұстаз ұлағатты есім.

  14. Фариза Маратова

    Еңбегіңіз жана берсін,тек қана саттилик

  15. Увалиева Жанна

    Ұстаз болу әрбір адамның қолынан келе бермейді. Өзімің осы жолды таңдап, жүріп келе жатқаныма мақтанамын!

  16. Кундызай

    Үлгілі шәкірттеріңіз көп болсын!

  17. Раушан

    Мақалада ұстаздың ерен еңбегі жазылған. Ұстаз болғаныма мақтанамын

  18. Зауре

    Ұстаздық еткен жалықпас демекші,еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін

  19. Баян

    Шығармашылық табыс тілеймін. Мақалаңыз өте жақсы жазылған. Жастарға мотивация болар.

  20. Балкерим

    Ұстаз болу өте керемет! және де өте қиын деп ойлаймын, мен ұстаздарды құрметтеймін. Өзім бұл мамандықты енді игеріп жүрмін, мың алғыс ұстаздарға.

  21. Алмагул

    «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, , тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, əрдайым сондай бір ізетпен еске алған.Шәкірттеріңіз қашан да еңбегіңізді бағаласын

  22. Айгерим

    Мақала жақсы жазылған. Жетістіктеріңіз көбее берсің, шығармашылық табыс тілеймін

  23. Унайбекова Нурила Сапаргалиевна

    Сəлеметсіздер! Жазған мақалаларыңыз жақсы жазылған. Əрі ұтымды əр адамға ой тұжырым беріледі.

  24. Жанна

    ұстаз болу өте керемет және де өте қиын деп ойлаймын,мен ұстаздарды құрметтеймін. өзім бұл мамандықты енді игеріп жүрмін,мың алғыс ұстаздарға

  25. Гүлдана

    Сәлеметсіз бе! Жетістіктеріңіз өте көп екен.алдағы уақытта биіктен көріне беріңіз

  26. Жумамуратова Жулдыз

    Жүрегінде жылылық лебізі бар,бала жүрегінен орын алатын әрбір ұстаз әрбір тәрбиеші қоғам үшін қажет ақ осындай тәрбиешілердің арқасында ұрпактарымыз саналы сауатты ибалы инабатты болып тәрбиелетіні анық.Болашақтың негізін қалаушы жастар білімді болып өсу үшін бар ынтамызбен жұмыс жасауымыз керек

  27. Айнур

    Ұстаздық мамандықты таңдағанымды мақтаныш етемін. Ұстаздардың еңбегін жеңілдеу жолында жасап жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер

  28. Алия

    Өте керемет. Маған ұнады. Меніңде мамандығым тәрбиеші. Еліміздің мақтан тұтарлық азаматтарын тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын.

  29. Гулсезим

    Салеметсизбе!Керемет макала.Устаз болу – жүректің батырлығы,
    Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
    Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
    Азбайтұғын адамның алтындығы

  30. Рахметова Айтолқын

    Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Шалқар шабытыңыз шыңдалып, күш – жігеріңіз еселеніп, еңбегіңіз еленіп, атақ-абыройыңыз асқақтай беруіне тілектеспін!

  31. Акерке

    Әр бала ұстаздан тәрбие алады. Ұстаздарымыз ?

  32. Сауле

    Ұстаздардың еңбегі жана берсін! Сіз үшін қуаныштымын.

  33. Айдана

    Ұстаз боламын деп армандайтын, келешек педагогтарға керемет мақала. Өте ауқымды

  34. Жанерке Ертайқызы

    Еркетай сайты өте керемет ақпараттармен бөліседі. Сіздерге алғысым шексіз!

  35. Аяулым

    Ұстаз деген ұлы тұлға.Әрбір ұстаз өзінің мамандығын жетік білсе,оқушылардың қызығушылығын арттыратындай түрлі тапсырмалар беріп отырса.Оқушылар сізді және сіздің сабағыңызды жақсы көретін болады. Мұғалім деген әртіс және жан-жақты тұлға болу қажет. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялар дамыған заманда оқушылардың қызығушылығы артпаса, кемімейді.Сабақта оқушыларды бос отырмайтындай етіп,түрлі-тапсырмалар дайындап келу шарт.Сонда ғана сіздің сабағыңыз керемет өтеді.Ал енді қазіргі оқушылардың тәртібі ол ортасы мен қоғамға байланысты. Біліммен қатар тәрбие бірге жүретінін ұмытпауымыз қажет.Мықты мұғалімді оқушылар мен ата-аналарда құрметтейтін болады.

  36. Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы студент

    Өте керемет. Маған ұнады. Меніңде мамандығым тәрбиеші. Еліміздің мақтан тұтарлық азаматтарын тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын. Еліміздің болашағы — біз тәрбиелер білімді ұрпақтың қолында болмақ.

  37. Жалын

    Өте керемет тақырыпты таңдап алған екенсіз.Еңбегіңіз жаңа берсін.Алда бізге де көмегі тиері анық

  38. Гулайша

    Ұстаздық жолына арналған туынды жақсы жазылыпты. Үлкен еңбек жолында жеикен жетістіктеріңіз көз қуантарлық. Шығармашылық табыс тілеймін.

  39. Алтынғаным

    Салеметсізбе. Тамаша. Сіз тек білімге ғана емес, жан-жақты өнерлерін дарытқан,жетістіктерге жетуге талпындырған, ынталы ел сыйлайтын кішкентай бүлдіршіндерді өсіп тəрбиелеген Ұлағатты ұстаз жəне Анасыз. Қолыңыздан өсіп өніп шыққан шəкірттеріңіз сізді көргенде бас иіп алғысын білдіріп Өмір бастауында жол көрсеткен сіздей Ұстазбен мақтанады деп ойлаймын.

  40. Алтын

    Саламатсыздарма! Осындай қажетті дүниелер дайындағандарыңызға көптен көп рахмет. Өте қатты ұнады, сөз жоқ керемет. Сіздерді тауып алғаныма қуанып отырмын! Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін! Тек осындай сапалы дүниелермен оқырмандарыңызды қуанта беріңіздер!

  41. Кульжан Фазылова

    Сәлеметсіз бе! Жетістіктеріңіз өте көп екен.алдағы уақытта биіктен көріне беріңіз

  42. Самал

    Керемет. Өзімде ұстаз болғасын жетістіктерін көріп қуанып отырмын. Алар асуларыңызбен, жетер жетістіктеріңіз көп болсын???

  43. Индира

    Саламатсыз ба! Кереметтей жетистиктерге кол жеткизипсиз. Алдагы уакытта биик белестерден корине беруинизге тилектеспин!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ