Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

Туған жерім


Менім ауылым Жетісудың жерінде, Күренбелдің төрінде, Матай тау ,Алтын-Эмель асуыннаң бөктерінде орналасқан Басши ауылы. Басши ауылы елі мен жері бай,« Қыдыр дарып,бақ қоңған», – ұлы мекен.
Ауылдық округ орталығы -Басши ауылы.

Ауыл округі аумағына -Басши ауылы,Нұрым ауылы, Аралтөбе ауылы, жоғары Басши мекені, және 65- шақырым деп аталатын елді мекендер кіреді.

Басши ауылының іргетасы 1830 жылдары қаланған .
Бұл өңір алғашында «Төнірек» деп аталған, болыстық кезен кезінде «Төңірек» болыстығы құрылған, Шоқан Уалиханов қол жазбаларының біріндегі «Тугерек» деген жер осы Төңірек болыстығы.

Кейіннен жерінде ши өсімдігі көп өсетіндіктен, табиғатпен байланыстыра отырып, бабаларымыз Басши атауын берген.
Осы туста айта кетерім біздің ауылда 1996 жылында Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркі Үкімет қаулысымен құрылды.

Табиғат паркі бүгінде Қазақстан халқына ғана емес , сондай -ақ алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін саяхатшыларға да көзайым болатын орынға айналып отыр.

Қызыл кітапқа енген талай аңдарды өз қамқорлығына алып, табиғаттын таңғажайып орындарын сақтап , болашаққа сол қалпында сақтап отыр десем артық айтпаспын.

Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» – танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді.

Бүгіндері Қазақстанымыздың экономикасы арттып, күн өткен сайын қарыштап дамып келеді.Оған дәлел ауыл тұрғындарының тұрмыс денгейі , қала халқының тұрмыс денгейімен теңесіп келе жатқандығы.

Ауылымыздың орталығында жаңа үлгідегі Мәдениет үйі, «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылы салынған 70 балаға арналған « Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, Нурым мен Басши ауылында жаңа мешіттер салынды, Аралтөбе мен Нурым ауылдарында екі қабатты жаңа мектептер, көп салалы аурухана, дәріхана , « Таза су» бағдарламасы бойынша әрбір үйге су құбыры тартылып, көше жолдары асфальталған,тұрғындардың той -томалақ жасау үшін «Алтынемел», « Жібек жолы» атты мейрамханалар, « Айғай құм» қонақ үйі ел үшін қызмет көрсетуде.

Мен өзім жұмыс жасайтын «Бүлдіршін » бөбекжай балабақшасында , біздің ауылымыздың тұмасы , белгілі кәсікер, меценат «Гүлзар» қоғамының директоры, «Гүлістан» журналының редакторы, Гөзел Құлжабаева әдістемелерін кенінең қолданамың , балалар көп гүлдердің атың, ағаштарды қалай күтіп баптауын біліп өседі , оның бәрі осы кісінің арқасы десем артық болмас.

Біздің балабақшамыз 2011 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған болатын ,сол жылдан бастап Гөзел апай балабақшаға 50-ден астам ағаш егіп берді, оның ішінде сирек кездесетің қылқанжапырақты ағаштар, көпжылдық гүлдер, жеміс ақаштардың түр -түрі бар.

Өсімдіктермен ғана қамтамас етіп қоймай, көптеген іс -шараларды өткізіп, балаларға ойын аланың сыйға тартты, ойыншықтармен көнілдерін бір көтеріп тастады . Балаларға арналған көптеген санамақтар, жұмбақтар,әнгімелер ,тақпақтар арнаудан ол кісі жалықпайды.

Әңгіменің майын тамызып айтатын қасиетін барлық ауылдастары жақсы біледі. Ол кісінің энергиясына, өмірді сүйгіштігіне , адамдармен тез тіл тауып кететініне, таңғаламың да қызығамың десем де болар.

Басши ауылы елі мен жері бай,Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай «Әр ауылдық округке жиырма мың ағаш» деген үндеу тастап, үлгі ретінде 2011 жылы біздің ауылымызда Гөзел апай 36 000 ағаш екті. Дәл сол жылы Гөзел апай Оксфорд қаласында өткен бизнес-самитке қатысып, Виктория Патшайымның қолынан , барлық игі істері үшін кеудесіне медаль тағып, үлкен абыроймен елге қайтқан жайы бар.
Тағы бір бастамасы ол «Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан» , бұл жерде тарихты терен зертей отыры жасалған жұмыс ,деп те айтуға болады. Осы тақырыпта да көптеген конференциялар, тренинг-сабақтар өткенің біз жақсы білеміз. Әлемде көптеген елдер мысалы Голландия, Франция осы гүлдер арқылы елінің экономикасын дамытып отыр, ал біздің елде осындай күрделі, машақаты көп жұмыстарды атқаратын бір неше ғана адамдарды айтуға болады олардын ішінде біздің Гөзел апайымыз, бірі де бірегейі!
Қазақ десе бірден ойға Абай атамыз есімізге оралатыны анық емеспе? Осы орайда Гөзел апайдын тағы бір кереметі, әдебиетті білетін, терен ұғатын адамдардың қатарында деуге болады, Абай атамыздың 170 жылдығына ақынның туған жері Семейде 170 түп емен ағашын екпек болған ол кісінің жоспары болған, алайда іске аспады.

Бірақ Гөзел апай онымең тоқтап қалмады бұл ойын , біздің жерімізде Нурым ауылында «Абай жолы» атты саябақ егіп беріп ел игілігіне жаратты.

Мемлекетімізде 2012 жылдың «Жанұя жылы» деп аталуына байланысты Басши ауылдық округіндегі 10 га жерге Қазақстандағы тұңғыш «Батыр ана» саябағын орнаттып және ашылу салтанатын өткізді. Көптеген жазушылар, атқамінер азаматтар , мәдиниет қайраткерлері ,жан -жақтан келген мұғалімдер, оқұшылар қатысқан бұл шараға.

Мұндай өнегелі істің өсіп өркендеуі де әсер ықпалы болары сөзсіз. Осы уақытқа дейін ол кісі мемлекетті абаттандыруға біршама үлес қосты. Нәтижелі жұмыстар әлі де өз жалғасын табатыныңа кәміл сенеміз. Ауылдың өнерлі, талантты талай жастарды жоғарғы оқуына түсуіне ықпал еткен Гөзел апайды ,елі мақтан етіп айтады. Жастарға деген қамқорлығы, жанашырлығы бәріне мәлім.

Қорытындайтын болсам , Елбасымыздың сөзімен айтқым келеді :«Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты » -дәл осы бағыт – бағдармен өмірсүріп жатқан ,адамдардың бары қандай жақсы десеніздерші.

Осындай жерің , елің сүйген жанның біздің ауылымызда дүние есігің ашқаны қандай керемет! Болашақ ұрпақты табиғатты аялауды, әр гүлін, әр шөбін , әр тасын қастерлеуді айтып , өз ісімен дәлелдеп жүрген Құлжабаева Гөзел Әліпбекқызы нағыз осы заманның кемелді,парасатты жан деп айтсақ артық болмасы анық!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тәрбие ісінде тиімді жол іздедім
  • Рефлексифтік күнделік.(Өткенге шолу күнделігі )
  • Болашақ маманды қалыптастыруда колледж ата-ана ынтымақтастығының маңызы
  • Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар
  • Өз өмірің – өз қолыңда

Пікірлер 17 Пікір қосу

  • Шолпан Исабекова 09.01.2025 күні 08:40 уақытында

    Туған жердей жер болмас. Әрине, туған жер туралы қалам тарту арқылы кіндік қаның тамған жерге деген сағыныш, құрметіңді жеткізесің.

    Жауап беру
  • Туктыбаева Ляззат 05.12.2024 күні 15:57 уақытында

    Сіздің ауылдың тарихы мен табиғаты өте бай әрі қызықты екен! Басши ауылының орналасуы, атауы мен тарихи кезеңдері туралы айтып өткеніңіз ауылдың мәдениетіне деген құрметіңізді білдіреді. Ауылдың іргетасы 1830 жылдары қаланған және осы жердің табиғатына байланысты атаудың қойылуы халықтың табиғатқа деген терең байланысын көрсетеді.

    Шоқан Уалихановтың қол жазбасында кездесетін «Тугерек» атауы да ауылдың тарихи мәнін көрсететін маңызды дерек болып табылады. Ал, 1996 жылы Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркі құрылуы ауылдың экологиялық тұрғыдан да ерекше маңызға ие екенін дәлелдейді.

    Басши ауылының өткені мен болашағы туралы жазғаныңыз ауылды және оның мәдени мұрасын қадірлеуге шақырады.

    Жауап беру
  • Акерке 19.01.2024 күні 00:02 уақытында

    Туган жерге жететін нарсе жок

    Жауап беру
  • Германова Домна 31.07.2023 күні 14:24 уақытында

    Туған жеріне деген құрметі мен терең сүйіспеншілігі болса, адам нағыз сұлу. Біздің заманда патриотизмнің адам үшін қаншалықты маңызды екенін бәрі бірдей түсіне бермейтіні өкінішті, бірақ Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын, туған жерді бағалаудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыратын осындай мақалалардың болғанына қуаныштымын.

    Жауап беру
  • Гульмира 30.05.2023 күні 08:52 уақытында

    Туған жер кашан да ыстык кой.Жаксы айтылған

    Жауап беру
  • Айгерим 03.02.2022 күні 00:16 уақытында

    Туған жер ..! иә иә иә бәріне туған жері ыстық! Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.

    Жауап беру
  • Шолпан 30.01.2022 күні 13:02 уақытында

    Туған жер қашанда ыстыққой шіркін ?Менің туған жерім Ақтау қаласы

    Жауап беру
  • Эльмира 17.01.2022 күні 14:26 уақытында

    Туған жерге деген сағыныш. Әркімнің өз туған жері ыстық.

    Жауап беру
  • Омарбекова Асем Сансызбаевна 05.12.2021 күні 01:07 уақытында

    Туған жердің тасы да қымбат деген ғой.Менің туған жерім Тарбағай тауларымен таласқан, шырайлы шығыс өлкесі.Ауасы жұпар аңқыған, шөбі шүйгін, даласы өріске толған, сай – саласы ағысқа толы жер жаннаты.

    Жауап беру
  • Балжан 30.11.2021 күні 11:52 уақытында

    Туған жер қашанда ыстыққой ?керемет жазылған?

    Жауап беру
  • Айгерим 17.10.2021 күні 18:12 уақытында

    Қай жерге барсаң да туған жерге жетпейді ғой шіркін!

    Жауап беру
  • Айнұр 16.09.2021 күні 16:03 уақытында

    Туған жердей жер болмас. Бекер айтылмаған. Керемет

    Жауап беру
  • Фариза Маратова 26.08.2021 күні 21:28 уақытында

    Туган жердей жер болмас
    Туган елдей ел болмас деп текке аитылмаған!!!!Керемет

    Жауап беру
  • Меруерт 11.08.2021 күні 23:07 уақытында

    Әркімнің туған жері өзіне ыстық туған жеріне жететін жер барма шіркін

    Жауап беру
  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 14:48 уақытында

    Туған жер-деген әрине әр адам баласына ыстық. Тамаша жазылған.

    Жауап беру
  • Айсулу 07.05.2020 күні 04:47 уақытында

    Әркімнің туған жері өзіне ыстық туған жеріне жететін жер барма шіркін

    Жауап беру
  • Aknur 23.04.2019 күні 13:17 уақытында

    туған жерге туыңды тік деген қазақта мақал бар. менің туған жерім Қазалы. әркімнің туған жері өзіне ыстық көрінеді. туған жер туралы мақал да, өлең де, ән де, бәрі бар.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.