Менің тәжірибедегі рефлексиям

Мектеп мұғалімдеріне коучинг өттім. Ынтымақтастық атмосферасын құрып «Бағала мені бағала» әні тыңдалды. Осы проблемалық ресурсты ұсынғаным тамаша болды, біріншіден әуені әдемі екен, олар алдымен ән тыңдағандай болды. Мен де осы әнді тақырыпқа сай таңдағаныма  қызықтырып ұсынғаныма мақтаныш сезімде болдым. Мұғалімдердің көңіл күйлеріне жақсы жағынан әсер еткені байқалды.  Сұрақтар қоя жүріп оларға осы ән арқылы тақырыптың бағалау туралы болатынын өздеріне айтқызуым басты нәтижем болды. Осылай коучингтің «Бағалау» тақырыбына байланысты екені ашылды. Мұғалімдерге бірнеше ашық сұрақтар қойып, мұғалімдерді диалогқа тарту арқылы пікірлесе отырып сабақты ашуы көңілімнен шықты.  Мұғалімдермен топтық жұмыс жүргізу үшін екі топқа бөлдім. АКТ-ны пайдалану арқылы «Қалыптастырушы бағалау» және «Жиынтық бағалау» ерекшеліктері мен айырмашылықтары түсіндірілген видеоролик көрсеттім.  Көрсеткенім ұстаздарға қызықты әрі жаңалық болғанын сездім. Тақырыбым толық ашылу үшін  екі топқа екі тапсырма бердім.  Топтық жұмыста қызу талқылау жүрді, ұстаздар бір-біріне түзету жүргізе отырып постерлерін жазды. Мен де арасында қолдау көрсетіп ұсыныстар айтып жүрдім.

1-топқа дәстүрлі бағалауды «Т» кестесіне салып талдады. Дәстүрлі бағалауда мұғалімдер оқушыларға салыстырмалы түрде баға қоятындығын, ата-ана мен мұғалімнің арасындағы байланыстың жеткіліксіз болып жүргендігі атап  көрсетті.  Менің қол жеткізгенім ұстаздарды өз ойларын ортаға салып, дәстүрлі бағалаудың оң және теріс тұстарын ажырата білді және ойларын ашық айтуларына қол жеткіздім. Постерлерін қорғау барысында пікірталас болып бірнеше мәселенің шешімі табылды.

2-топқа «swot» талдауға « критериалды бағалаудың» оқушыны шынайы бағалауға жетелейтінін, баланың терең білім ала алатындығы жазылды. Қауіптілігіне: баланың сабақта түсінбеген тақырыбы ата-анаға рефлексия ретінде жазылмай қалуы қауіпі бар екендігі айтылды. Осы тұста мұғалімдер топпен диалогке түсіп, бір-бірімен  қауіптілігін қызу талқылады. Сол себепті кейбір тұстарына түзетулер жүргіздім. Маған қызықты болғаны бұрынғы дәстүрлі бағалауды дұрыс деп келген ұстаздар критериалды бағалаудың жақсы жақтарын да түсініп осы бағалауды қолдайтындықтары жайлы пікірлерін білдірді.

тәжірибедегі рефлексия

«Мұғалімдердің ұсыныстарын тыңдау» айдарында мұғалімдер критериалды бағалау үдерісі жүру барысында кедергіге кездеспес үшін не нәрселер ескерілу керек, соған қандай ұсыныстары бар болса сол ұсынысты  стикерге  жазып  құмыраға ілу тапсырмасы бердім.  Бұл бөлімнің маңызды болғанына тоқталсам ұстаздар өз қалаулары бойынша өз ойларын жинақтап ашық әрі шындықпен жауап берді. Критериалды бағалау үдерісін жүргізу барысында қандай кемшіліктер жасамау керек екенін түсініп, ой жүргізді және ойларын ашық айта білді. Мұғалімдер өз ұсыныстарымен бөлісті. Үш одақтың  бірлескен жиынтық болу керектігі, ата-анамен байланыс үнемі жүру керектігі, мұғалім мен тәрбиешілер  критериалды бағалауды жақсы түсіну  керектігі айтылды. Мұғалімдерге қолдау көрсетіп, өз ойларын ашық айтуларына бағыт беруге тырыстым.

Келесі айдар «Критерий қою» болатын. Бұл бөлімде де  топтық жұмыс жүрді, екі топқа топпен  смайликтің суретін салу тапсырмасы бердім. Суретті салып болған соң екі топ бір бірлерінің смайликтерін дәстүрлі бағамен бағалады.  Осы смайликтерді белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болды. Критерий қою бөлімінде аздап қиындық тудырды, сол себепті оларға түзету жасап бірнеше мысалдармен ұсыныс жасадым, содан соң ғана топта ілгерілеу болды.  Екі топ критерийлер қою арқылы бағаланды. Осы тұста критерий тақырыбына арнайы бір коучинг өтсем де  аздық етпейтінін сездім.  Критерий қоюды алі де толық түсінбей жүрген ұстаздардың бар екенін сездім. Топтық жұмыста бір бірлеріне көмектесіп топтық жұмыс қызу талқымен жүрді. Соңында  критериалды бағалаудың жағымды әрі жұмсақ тиетіндігі анықталды. Мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімді екендігін айтып ой білдірді.

Қорытындылау бөлімінде «кемпірқосақ» әдісі қолдандым. Әр ұстазға бір -бір жұлдыз бен бұлт стикерлерінен беріп, осы коучингтен алған мәліметі мен өздеріне ұнаған сәттерін жазуға бердім. Мұғалімдерге ойларын ашық әрі бүкпесіз жазуын сұрадым. Бұл бөлім мен үшін маңызды болды, себебі коучингтің өту барысы  жайлы мұғалімдердің пікірін білу маған қызықты болды.  Мұғалімдер критериалды бағалаудың не екенін түсінгендігі, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды ажырата алдым,  түрлерін түсіндім, критерий арқылы бағалаудың тиімді екенін, коучингтің жақсы өткендігін, көңіл күйлерінің көтеріліп қалғандығын жазған. Мен осы қорыту бөлімін оқи отырып білгенім коучингте өз мақсатыма жете алғандаймын. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың айырмашылығын аша білдім. Критериалды бағалауда үштік одақтың байланысының маңызды екенін,  критериалды бағалаудағы  рефлексияның да жақсы роль атқаратынын мұғалімдердің өздеріне айтқыза білдім. Сабаққа критерийді мұғалім дұрыс қоя білу керек екендігін түсінді. Алдағы уақытта мұғалімдердің түсінбей жүрген кез келген тақырыбына жоспар құра отырып, коучинг өтіп, белгілі бір тақырыпты түсіндіруге болатынын білдім.

Бұл коучингте мұғалім тәрбиешілердің толық түсінбей жүрген тақырыбы критериалды бағалау мен критерий қою тақырыбын алғандықтан коучинг сәтті өтті деп ойлаймын. Тәрбиешілер білмеген тұстарын анықтап, жаңа өзгерістерге жақсы көзқараспен қарап, өз ойларын саралап жеткізе алды. Кері байланыста мұғалімдер жақсы қабылдады және ұсыныстарын ашық айта білді. Алдағы уақытта мұғалім тәрбиешілердің түсінбей жүрген тақырыбына коучинг ұйымдастырып, жоспар құрып белгілі бір тақырыпты ұғындыруға болатынын білдім. Мақсат анық болу керек екен және соған жету үшін тапсырманы жақсы алу керек екен. Мұғалімдерге өз ойларын ашық айтуларына қолдау көрсетсек нәтиже болады. Мұғалімдердің де өзімнің де көңіл күйіміз өте жақсы болды, барлығы жайлы сезімде отырды.   Алдағы уақытта өзгелердің критериалды бағалау тақырыбына деген көзқарастарына әсер етуге болатыны дәлелденгендей.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернат директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары   Қалдыбаева Мөлдір

   
Пікірлер24
  1. Айгерим

    Әдіс-тәсілдерді жақсы таңдаған маған қатты ұнады. Өз сабақтарымда қолданатын боламын.

  2. Бекмолда Айгерім

    Әдіс-тәсілдерді өз орнымен керемет таңдаған.Сабақтарымда міндетті түрде қолданатын боламын.

  3. Фариза Маратова

    Әдіс тәсілдерді жақсы таңдаған!! Бізге қатты ұнады! Саттилик

  4. Айнур

    Мен үшін өте пайдалы ақпарат болды. сабақ барысында қолданатын боламын

  5. Сауле

    Маған қолданған әдіс-тәсілдері ұнады. Барлығы орынды, керемет , өз мәнінд өткізілген.Көп рахмет.

  6. Айдана

    Жас мамандарға керемет коучинг. Өте мазмұнды, жақсы жасалған

  7. Жанерке Ертайқызы

    Қажетті ақпараттың көп бөлігін сіздерден алудамын. Жас мұғалім үшін нағыз бағдар беруші сайт

  8. Төлепбергенова Мәдина Шынболатқызы

    Өте керемет. Маған қолданған әдіс-тәсілдері ұнады. Барлығы орынды, керемет , өз мәнінд өткізілген.

  9. Гулайша

    Иә, сайтта жариялаған рефлексияңыз ұнады. Қолданған әдісіңіз де ұтымды шыққан.

  10. Алия

    Менің ойым рефлексия тек мектептерде, балабақшада емес, сомен қатар отбасында да тәжирбие ретінде қолдану керек. Себебі баланың көңілін аулауға оның бойындағы тәртіп тәрбиеге үйретеді. рақмет

  11. Нигина Алимова

    көп рахмет біраз ақпарат алдым, еңбегіңіз жана берсін. практика жөнінде өткізген бұл коучинг сабағыңыз басқада білім беру ұйымдарында өткізілсе ата анамен тәрбиеші және бала қарым — қатынасы және өзгеде өзекті мәселелер жиі туындамайтын еді.

  12. Кульжан Фазылова

    Керемет рефлексия екен. Өзім келешекте пайдаланамын

  13. Самал

    Біз секілді жас мамандарға осындай каучингдерге қатысу өте пайдалы. Көп пайдалы ақпарат аласың және білікті ұстаздардан тәжірибе алмасасың.

  14. Жансая

    Құрылмы дұрыс жазылған маған ұнады.Сайт өте пайдалы

  15. Индира

    Кажетти маглуматтарды казирги жас мамандарга кобирек кажет деп ойлаймын. Жумысынызга саттилик тилеймин!!

  16. Ербол

    Жақсы . Өте жоғары деңгейде жазылған мақала

  17. Мадияр Ойдин

    Жұмысқа қызығушылықты оятады.

  18. Камалова К.Ж.

    Өте жоғары деңгейде жахылған.Қазіргі таңда оқу бағдарламасында қолданылып жүрген өзекті мәселе бағалау жүйесі түрлерін тиімді қолдангансыз

  19. Айсулу

    Саламатсыз ба? «Менің тәжірибедегі рефлексиям «тақырыбындағы Коучинг сабағыңыздың жүргізілуін оқып шықтым.Керемет.Қазіргі таңда өзекті мәселе «қалыптастырушы бағалау»мен «жиынтық бағалау «болып тұр.Коучинг сабағында әріптестеріңізге қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау да кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдарын практика жүзінде көрсете білдіңіз.Осы кезде Білім пирамидасын еске түсірсек, өзіме жасатсаң үйреніп аламын,көрсетсең есте сақтаймын деген.90-% білімділік.Біреуді үйрете отырып,өзім үйреніп аламын деген. Сәттілік тілеймін жұмысыңызға.

  20. Толқын Жұмабаева

    Қазіргі кезде жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ өткізіп жатырмыз.сабақтарымда пайдалантын тұстары бар екен. Ұстаздың еңбегіне рахмет.

  21. Асемгул

    Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізген

  22. гаухар

    Сәлеметсізбе.Жаңартылған білім мазмұны бойынша өткізген коучинг ұнады. Қазіргі сабақтарда қолданып жүрген ең өзекті мәселе «бағалау». Мұғалімдерге «Қалыптастырушы бағалау» және «Жиынтық бағалау» ерекшеліктері мен айырмашылықтарын практика жүзінде көрсете білдіңіз. Бұрыңғы дәстүрлі бағалауға қарағанда бұл бағалау жүйесі тиімдірек екенін дәлелдей алдыңыз деп ойлаймын. Сізге шығармашылық табыс, жұмысыңызда сәттілік тілеймін.

  23. Aknur

    кей кезде мұғалімдерді бала сияқты қылып осылай бір сергітіп отыру керек деп ойлаймын. себебі жұмысқа деген қабілеті қызығушылығы арта түседі деп ойлаймын.

  24. Асел

    өте керемет рефлекциялар өз сабағымда пайдаланам жарайсыз

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ