Өзгеру не үшін керек ?

«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» — деп Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай, жаһандану кезеңіндегі технологиялық қарқынды даму,әлемдік өзгерістер жаңашылдықпен білім алуға бағыттайды. Кеңеcтік кеңіcтікте дәурен еткен кезеңде қaғидaғa aйнaлғaн дaйын білімді оқушығa ұcынудың бүгінгі тaңдa мәні aзайғаны белгілі. Әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіне ықпал ете білді. Неге әлeм елдері білім беру жүйeсіне реформa жүргізіп жaтыр? Осы орайда, «Барлығы әлемнің өзгеруі туралы айтады, алайда ешқайсысы өзін өзгерту туралы ойламайды», — деген Л.Н.Толстойдың көрегенді сөзі есіме түсті. Өйткені eң баcты құндылық aдам, оның өміpі, aдамның pухани құндылығы – білім. Әлeмдік жaңару,жaңа технологиялаp aғымы толаcтaмай өзгеру үстінe өзгерудe. Сондықтaн өзгерген әлeмнің болaшағы қaлыптаcтырушы мұғaлім сол aқпараттaрды өзінe aла отыpып,үздікcіз оқу мeн оқытуды жeтілдіруге бaсты назар aударады. Оқушылар көп білім мен әртүрлі білімнің екеуін де қажет ете алады деген Венгрия мұғалімі Кофман (1997ж.) пікірімен есебімді бастағым келеді. «Қазіргі мектептердегі білім беру қандай дәрежеде?»,«Мектепке жаңа өзгеріс керек пе?», «Менің мектебіме ше?», «Өзгеріс енгізуші кім?» деген сұрақтар 2014 жылдың 28 шілде мен 29 тамыз аралығында Ақтау қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру сатысындағы бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде мазалаған. Білім сатысынан өту барысында көптеген жаңалықтарға, жаңашылдықтарға тап болдым. Сабақтағы еркіндік оқушының лoгикалық oйлау дәрeжесінің мұғaлімнің жетeлеген шeңберінде eмес, жeке, өз бeтінше жұмыс жасaуға дaғдыланатынына көз жeткіздім. Мeні қызықтырa бастaды. Әлeмдік тәжірибeлерге интернeт арқылы «сaяхат жасaдым». «Әлем елдеріндегі білім беру жүйесі» тақырыбын жан-жақты ашу үшін көптеген мәліметтерге тоқталуға, көз жүгіртуге тура келді. Әлем елдерінің тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы болады. Ғаламтор мәліметтеріне жүгінетін болсам, әлемдік білім жүйесін салыстыру үшін тәуелсіз сарапшылар 48 елді назарға алып, 20 шақты критерий негізінде сараптама жасаған. Алғашқы бестікке АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия және Дания кірген.(1) Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық

moeЕгер осы аталған елдердің білім беру жүйесіне үңілетін болсақ, бәрінде де реформалар жүргізілгені анықталды. Мысалы: Финляндия білім жүйесін сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жеткен.

Финдік жүйенің ерекшеліктері: білім берудің даралануы, гумманизация, даму принципі, педагогтарды дайындаудың жоғарғы деңгейде болуы және төлемақыларының жоғары болуы.

Финдік білім беру жүйесінде байқалатын жағдайлар:

— 2006 жылда Финляндия 57 мемлекеттер арасында жаратылыстану пәндері бойынша ең үздік атанды. PISA-ның 2009 жылғы нәтижелері бойынша, Финляндия ғылымдар бойынша екінші орында, үшінші оқу дағдысы бойынша және математика бойынша алтыншы орында болды. Финдық оқушылар орта есеппен алғанда жалпы дүниежүзінде ең жоғарғы көрсеткіштерге ие болды.

— Мектеп екі сатыға бөлінеді: бастауыш және орта оны әрқайсысы бітіруге міндетті.

— Мемлекет ақысыз негізгі білім алуға кепілдік береді, оған оқыту оқулықтар,дәптерлер, негізгі кеңсе құралдары, мектептегі тамақтану да ақысыз.

— Мектепке деген сенім: ешқандай тексерістер, ешбір мектептер рейтингі жоқ. Мектептің жұмысын муниципалиттер өздері бақылайды. Барлық педагогикалық ұжым

бір ғана мигрант баламен әртүрлі әдістерді қолданып, нәтиже шықпағанша дейін айналысады.

— Бір оқушыны басқа оқушымен салыстыру үшін қойылатын бағалар жоқ. Мұнда оқушының оқудағы дамуы бағаланады.

— Егер оқушының сабақ айтуға ниеті болмаса, оны шақыруға болмайды. Бұл елде оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету тиімсіз болып есептеледі.

— Емтиханда оқушылар кез келген анықтамалықтарды, кітаптарды, интернетті қолдана алады. Мәселені шешу үшін кез келген ресурстарды қолдана білу құнды деп саналады.

Сонымен қатар, Финляндияда мұғалім, ұстаз мәртебесінің жоғары болуы, осы мамандыққа құрметтің ерекшелігі өзгеше. Соның айғағы болар, Фин еліндегі мектепті бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатын көрінеді. Финляндияда мұғалім мамандығын мектеп пен университетті өте жақсы бағамен оқығандар мен әбден ысылып, тәжірибеден өткен университет түлектері ғана алуға мүмкіндігі бар. Арнайы мамандардың зерттеуіне сүйенсек, бұл елде білім сапасы бүкіл әлем бойынша көш бастап тұр,ал мұғалімдерінің жалақысы елдегі басқа мамандықтарға қарағанда ең жоғарғы көлемде беріледі (фин мұғалімдерінің жылдық табысы 17 мың еуро). Тағы бір байқағаным, фин мемлекеті білімді қолдау және жақсартуы үшін ұлттық профилдік пәндерді енгізуге көп көңіл бөлетіндігі және де білімнің келешегін дамытуға, мектеп көшбасшылығына ойларын жұмылдылыратындығы мені қатты толғандырды.

Финлияндияның білім жүйесінің біздің елмен ұқсастығы білім алудың балабақшадан басталатындығы, оқушыға, мұғалімге және мектепке сенім деген принциппен жұмыс істейтіндігі, білім алу оқушының табысқа жетуіне бағытталған.

Жапония — білім жүйесінде «Мектептегі білім беру туралы заңға» сәйкес 6 жасқа толған бала бастауыш мектепке барып, онда 6 жыл бойы оқып, одан соң 100% түлектер емтихансыз орта мектепке ауысуы тиіс,және онда 3 жыл бойы оқиды, 9 жылдық орта білім алу бұл елде міндетті болып саналады. Жапон мектептерінде: балалар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды.Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты,сондықтан бәсекелестік ерте жастан басталады. Сондай ақ мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді. Оқушылар мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебінде дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жапонияның тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады.

Негізгі мектептен басқа жапон балалары қосымша білім беру ұйымдарының(«дзюку»)қызметіне жүгінеді екен.Себебі, қосымша білім беру ұйымдарында алған білім орта мектепке және жоғарғы оқу орындарына түсуге көмектеседі. «Дзюку» қосымша білім беру ұйымына бастауыш мектептердің 15%, орта білім беретін мектептердің 50%, жоғарғы білім беретін мектептердің 99% білім алушылары қатысады. /дерексөз http//www.virtual.tinaland.fi//

Қосымша білім беру идеясы маған ұнады(елімізде түрлі білім беру орталықтары, репетиторлық көмек беретіндер бар, алайда Жапониядағыдай кең танымал емес), себебі бізде оқушылардың орта буынға өткеннен кейін білім сапасы төмендей бастайды. Ал, жоғарғы сыныптарға барғанда оқу жетістіктерін сырттай бақылау(9-сынып),Ұлттық бірыңғай тест (11-сынып) тәрізді білім сынақтары қарсаңында қиындық туғызары белгілі. Осындай науқандық жұмыстардан гөрі, күнделікті оқу мен оқытудағы іс-әрекетті жүйелі жүргізіп отыру, оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырар еді. Қосымша білім беру орталықтары бізде де бар,оқушыларға білім беруде

белгілі мақсатқа көзделмеген. Дамыған елдердей қосымша білім беру орталығы ақылы болғандықтан,әлеуметтік жағдайы төмен оқушылар қатыса алмайды. Біздің елде халықтың әлеуметтік жағдайы бірдей емес.

Жапониядағы білім берудің тағы бір ерекшелігі олар тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында мұғалімдердің шағын тобын құрып сабақтағы іс-әрекетті зерттейді.

Осы әдіс қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде кең қолданысқа еніп жатыр. Меніңше, бұл әдісті енгізу арқылы біз сыныпты жан-жақты зерттеп, оқушыны оқу мен оқыту үдерісіне белсенді тарта аламыз және мұғалімнің де оқуына, оқушымен жақсы қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік туғызамыз.

Қазақстанның білім беру саласының еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз етуге байланысты жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.Еліміздің білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етілді: 2009 жылы ПИЗА халықаралық бағдарламасы нәтижесі Қазақстанның жалпы білім беретін мектептері пәндік білімдерді нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға жеткіліксіз үйрететіндігі байқалды. Алған білімдері шешімдер мен іс-әрекет таңдауда тұлғаның дамыту қажеттеліктеріне сәйкес келмейді. ОЖСБ, әсіресе ҰБТ-де өз білімдерін дәлелдей алмай жатады. Халықаралық PISA, TIMSS зерттеулерінің нәтижесі біздің еліміз бойынша төмен нәтижелер көрсетіп тұр.

Халықаралық тестілердің,сондай-ақ ПИЗА нәтижесі бойынша Сингапурлық оқушылардың жоғарғы орындардан көрінуі маған ой сала бастады.Бұл салада Сингапур не арқылы қалай жетістікке жетті? Біз неге сондай жетістікке жетпеске деген ойға келіп,Сингапур елін зерделесем деп шешім қабылдадым. Ондағы мақсатым: дамыған елдердің басым жақтарын анықтау болды. Сингапурдың білім саласын әлемдік эксперттер оқу жүйесін жоғары деп бағалады. Біріншіден, PIRLS зерттеулеріне сүйенсек, сауаттылығы жағынан әлемде алдыңғы қатарлардың бірінде, екіншіден, сингапурлық оқушылар 1995 жылдан бастап математика және жаратылыстану ғылымдарынан халықаралық (TIMSS) тестілеуден әлемде жоғарғы нәтиже көрсетуде, үшіншіден, 2008 жылдан бастап консалтинг компаниясы Сингапур білім жүйесін әлемде ең тиімді деп атады (әсіресе педагог мұғалімдерді дайындау саласы), Тәуелсіздік алған соң мемлекеттің даму жолдарын іздестіріп,табиғи ресурстардың болмауына байланысты жоғарғы кәсіби нарық құру, шетелдік инвестрларды тарту және экспорттауға бағытталған экономикаға көшу үшін үкімет интеллектуалды модернизация жолын таңдады. Білім жүйесінің алдындағы міндет : елді сауатты және техникалық білімді мамандармен қамтамасыз ету мәселесі туындады. Мектептің басты ерекшелігі: Бірінші сыныпта үш тіл(жапон, қытай, малайзия) қатар оқытылады. Ағылшын тілі — негізгі тіл. Сыныпта қай ұлттың өкілі көбірек болса, сол ұлттың тілі ана тілі болып есептеледі. Бұл тұста біздің еліміз де көп ұлтты болғанмен, негізгі мемлекеттік тіл – қазақ тілі болғаны еліміздің тіл тұрғысынан ұлттық ұстанымының дұрыстығы деп ойлаймын. Сингапурдың білім беру жүйесіндегі негізгі жетістіктері ретінде мына фактілерді атап өтуге болады: Сингапур білім беру жүйесінің ерекшелігі: 1.Қостілділік; 2.Оқушылардың мүмкіншіліктеріне қарай ағымдарға бөлу; 3.Бірнеше тілдерге оқыту; 4.Ағылшын тілін, табиғаттану ғылымдарын және математиканы оқытуға басымдылық беру; 5.Техникалық білім берудің күшті жүйесі; Мұндай жүйе –білім беру ісіндегі шығыс моделіне назар аудару керектігін көрсетеді. 1. Білім Министрлігі педагогикалық мамандықтарға оқуға түскен студенттермен шарт жасасып, оларға оқыған кездерінде алдын-ала еңбекақы төлейді. 2.Оларды мұғалім мамандығына дайындамас бұрын тіл және математика сауаттылығы,жақсы дамыған қарым-қатынас дағдысы, жеке адамдармен өзара әрекет жасау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 3.Бұл ел мұғалімді даярлауға басқа елдерге қарағанда,көп қаражат жұмсайды. 4.Жастарын тәрбиелеу мен білім беру саласында толығымен АКТ-ны кеңінен пайдаланады.5.Оқушыларда дәстүрлі оқулықтар мен дәптерлер жоқ, олардың орнына электрондық планшеттер қолданылады. Екі елді байланыстыратын ортақ нәрсе көп. Біздің елімізде де сандық технологияны меңгеруге ерекше көңіл бөлуде, инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үдерісін жетілдіруді жолға қойды. Ақпараттық-

коммуникациялық технология жаттанды оқу емес, өмірде қолдануға қажеттігі бар білімді игеру. Елімізде де жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты: өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.Сонымен екі ел арасындағы білім саласының тарихи даму жағынан көп айырмашылықтар бар.

Елімнің ішкі мүмкіндіктерін ескере отырып, № 8 орта мектепке Сингапурдің білім саласын енгізетін болсам, жоғарда көріп отырғандай білімдік жүйеде көптеген ұқсастықтар, айырмашылықтар да бар. Сингапурде әр оқушының бейім қажеттігіне қарай таңдау мүмкіндігі беріледі және әлемдік экономика саясатына сәйкес ағылшын тілінде дәріс беріледі. Білімнің даму сатысында адамның өмір бойына білім алуына, жаңа технологияларды игеруіне мүмкіндік беру. Негізгі идеясы дарынды, қабілеттілерді қолдауға, көшбасшыларды тәрбиелеуге арналған. Оқушыларды топқа бөліп, топтық әрекеттермен қарым-қатынас жасау арқылы жеке тұлғаны дамытатынынын жұмыстарынан байқаймыз. Біздің мектебімізде де 1-сыныптан бастап ағылшын тілі пәні енгізіліп, терең оқыту жолға қойылды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігуі тілі» екендігін айтып өтті. Оның дәлелі: мектебіміздегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жаңа сипатта жұмыс істеуі. Бұнда оқытудың жеті модулін мектеп тәжірибесіне енгізу нәтижесінде қолжетімділікке жетуге болады.Сингапурдың әлемдік информатиканы, математиканы, меңгерудегі жетістіктерін де негізгі мектептен бастау керек. АКТ әлемінде заманауи талаптарға сәйкес толыққанды білім ала алмаса, өзге елдермен теңесу мүмкін емес. 2000 жылдың басында Қазақстанда информатика жаңа пән ретінде енгізіліп, апталық 2 сағат бөлінді, сабақ кестесіне бір күнге қойылып, теориясы мен практикасы қатар өтетін еді. 2012-2013 жылдан бастап 1сағат азайды. Оқушының меңгеруі үшін сағат санының азаюы емес, қайта көбеюі керек еді. Сонда ғана жаратылыс пәндерін оқытудағы жетістікке cындaрлы oқудың тиімді тәcілдері арқылы жетуге болады.

2013-2014 оқу жылында оқу бағдарламасында математика пәнінен өзгеріс енгізілді. Сондықтан жаңа бағдарламаға сәйкес жаратылыстану- математика бағыты бойынша пән мұғалімдерін деңгейлік оқу курстарына жіберу арқылы оқушыларды осы пәндерге деген қызығушылығын оятып, логикалық ойлау қабілетін дамыта аламыз. Өйткені Сингапурдың әлемдегі алдыңғы қатарлы білім беру жүйесіне кіруі де осы жаратылыстану бағытына баса назар аударуында болып отыр.

Бірінші деңгейден Мектепті дамыту жоспарын жасай отырып,зерттеуге енуді,мектеп көшбасшылығы мен желіні кеңейтуді үйреніп, мектептегі тәжірибе кезеңінде XXI ғасырда «Мұғалім қандай болуы керек?» деген сұраққа жауапты әуелі әр мұғалім өзінен іздеу керек деп,өзіме сын көзімен қарай бастадым. «Дамуды және мәдени өрлеуді мақсат еткен әрбір халықтың көздегені еуропалық,жалпыхалықтық білімді игеріп,соған қол жеткізу жолында кездесетін барлық кедергілермен үздіксіз күресу болуға тиіс.»(Ш.Уәлиханов) деген түйінді сөзде терең ой, жауапкершілік жүгі жатқанын ескеруіміз керек. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу пікірлерінде жүктелетін жүктің талаптары мен ара салмағы жатыр. Іс-әрекеттегі зерттеу жобасынан алған тәжірибемді зерделей отырып, мен болашақтағы іс-әрекетімде өзгерістерді енгізуді жалғастырамын, өйткені оқушыларды жылдам өзгеріп жатқан заманда заманауи тәсілдермен оқытып, алған білімдерін орынды жерінде қолдана алатындай кемелденген aзaмaттaрды тәрбиелеу менің басты міндетім деп санаймын:Бірінші деңгей толығымен Қазақстанда жүзеге асқан жағдайда біздің елімізде де өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең, алдағы күндерге сеніммен қарай алатын, көшбасшылыққа дайын, кемелді де, келісті ұрпақ тәрбиелей алатынымызға сенімім мол.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Лаура

    білім беру жүйесіндегі өзгерістер заман талабына сай өзгеруде.қажетті ақпарат үшін рахмет

  2. Увалиева Жанна

    Жарияланған мәліметтер бойынша өте көп мағлұмат алынды. Рақмет!

  3. Ешманова Айсулу

    Құрметті әріптес, мақалаңызда көтерілген мәселе өзекті. Үлкен ойларға жетелейді. Шынында білім саласындағы қызметкерлер заманға сай әлі де өзгере түсуі тиіс.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ