«Мен ұстазбын!»(эссе)

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанымен –тарихтағы ең ұлы істің бірі.

К.Д.Ушанский

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз. Әр адамның жүрегінде ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзгермес ұғым. Жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Болашақ мамандығым тарих мамандын таңдауыма кезінде сабақ берген ұстаздарымның үлестері көп болды. Себебі менің тарихты танып білуге,сабаққа деген ынтамды оятуға шын жүректен тер төккен асылда,ардақты ұстаздарым. Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық кезінде биология пәніне дайындық жасап жүріп,тарих пәнін шектеулі ғана уақыт қалғанда таңдағаныма да бол кісілердің менің пәнге деген қызығушылығымды оята білулерінді. Колледжге оқытушы болғалы уақытың зымырып өтіп кеткенін байқамайда қалыппын,десекте алғашқы сабақтарымды есіме алар болсам: Қоңырау ішке соғылды,оқушылар орындарынан тұрып мені қарсы алуда,сабақ басталып та кетті.

Алдымдағы жиырма бес білім алушыны көріп бүгінгі сабағым қалай өтеді,не айтамын,қалай бағындырамын деген ой санамнан кетпей қойды…

мұғалім туралы эссеОқушылармен жақын танысып,сабаққа деген зейіндерін аударып алғаннан кейін,оқушылардың білуге деген құштарлықтарының арқасында сабағым жақсы деңгейде өтті. Дегенменде сабақты,топтың тыныштығын бұзуға тырысқан оқушылар аз болмағн жоқ. Дегенменде ұстаздықпен тәрбие жұмысын қатар ұстана отырып,сабағымызды тәмамдадық. «Найзағайдан кейін, күн шығады жарқырып» демекші,қазір сол кездегі бұзықтармен жақын жұмыс барысында араласып тұрамыз. Бұрынғы шәкірттерім қазіргі кезде белгілі бір маман иелері. Ұстаздық еткен осы уақыт аралығында қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кештім. Ұстаз тек үйретіп қана қоймайды,сонымен қатар үйренушіде,ізденуші.

Ұстаз мейлінше жан-жақты болуы керек деп санаймын. Өйткені алдыңда отырған әр бір бала үшін сен жауаптысың,ал шәкірт үшін ұстаздан асқан ақылды,білімді адам болмайды.

Заман талабына қарай қазіргі кезеңде ұстаздарға үлкен міндет артылған. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін ұстазға білім мен қоса сабырлы мінез қажет. Кез –келген адам мұғалім мамандығын алып шығуы

мүмкін,бірақ нағыз ұстаз болу үшін үлкен еңбек пен төзім керектігін сезінемін.

Сынып есігін ашып, балғындардың шат күлкімен бақытты жүзін көру, олардың білуге,жауап беруге асығып жарыса қол көтерулеріне куә болу мен үшін үлкен ғанибет.

Мүмкін ұстаз бақыты деген осы болар…

Қалай болғанда да,егер әр бір адам өз кәсібін таңдауда қателеспесе өз еңбегінің нәтижесін көре алады деп ойлаймын.

Өйткені жүрек қалауымен жасалған нәрсенің өз жемісін береріне сенемін. «Не ексең, соны аларсың» дейді халық даналығы. Олай болса біздің еңбегіміздің айнасы –алдымызда отырған оқушыларымыздың білімділігі мен тәрбиелілігі. Сөзімнің соңында:

«Ұстаздық ол — жүректің қалауы,

Жастық жігер жалындаған алауы.

Ұстазынан шәкірт озса бір бақыт,

Міне,осы,жаңа заман талабы!»

Деген жыр шумағымен аяқтағым келеді.

Әріптестерімізді Ұстаз деген ұлы да, киелі атқа кір келтірмей,жастық жалынымызбен тәуелсіз,азат отанымыздың ең бақытты,ең ақылды ,ең білімді бүлдіршіндерін тәрбиелеуге өз үлесімізді қосуға үндеймін.

Әр қашан еңбегіміз жанып,талапты да,талантты шәкірттеріміз көп болса екен…

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер7
  1. Айгерим

    Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға! Алған жолдан таймаңыз

  2. Гулмира

    Ұстаз деген ұлы ұғым ғой негізі.Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді.Бірақ сол ұстаздықты қадірлеп қастерлеп өз жолымен алып жүру одан да маңыздырақ☝

  3. Сауле

    Устаз болуда улкен куш кез келген адам устаз бола алмаиды. Шын журегимен баланы жаксы корип турган устаздан керемет натиже шыгады шакиртинен.

  4. Серикжан

    өте жақсы жұмыс

  5. Галия

    -ия, Ұстаз бала жүрегінің -бағбаны.

  6. Маржан

    эссе әсерлі жазылған. Әр жазылған сөздерде терең мағына жатыр.

  7. Назым

    Мен ұстазбын деген мақалаңыз өте әсерлі. Әрине ұстаздық жол өте ауыр жол. Болашақ Қазақстанның бір азаматын тәрбиелеп, ақ жолға аттандыру ар ұстаздың алдына қойған мақсаты да,үлкен арманы.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ