Туған жерім

Менім ауылым Жетісудың жерінде, Күренбелдің төрінде, Матай тау ,Алтын-Эмель асуыннаң бөктерінде орналасқан Басши ауылы. Басши ауылы елі мен жері бай,« Қыдыр дарып,бақ қоңған», — ұлы мекен.
Ауылдық округ орталығы -Басши ауылы.

Ауыл округі аумағына -Басши ауылы,Нұрым ауылы, Аралтөбе ауылы, жоғары Басши мекені, және 65- шақырым деп аталатын елді мекендер кіреді.

Басши ауылының іргетасы 1830 жылдары қаланған .
Бұл өңір алғашында «Төнірек» деп аталған, болыстық кезен кезінде «Төңірек» болыстығы құрылған, Шоқан Уалиханов қол жазбаларының біріндегі «Тугерек» деген жер осы Төңірек болыстығы.

Кейіннен жерінде ши өсімдігі көп өсетіндіктен, табиғатпен байланыстыра отырып, бабаларымыз Басши атауын берген.
Осы туста айта кетерім біздің ауылда 1996 жылында Мемлекеттік Ұлттық табиғат паркі Үкімет қаулысымен құрылды.

Табиғат паркі бүгінде Қазақстан халқына ғана емес , сондай -ақ алыс-жақын шет мемлекеттерден келетін саяхатшыларға да көзайым болатын орынға айналып отыр.

Қызыл кітапқа енген талай аңдарды өз қамқорлығына алып, табиғаттын таңғажайып орындарын сақтап , болашаққа сол қалпында сақтап отыр десем артық айтпаспын.

Алтынемел құмдарындағы «Әнші құм» немесе «Айғай құм» — танымал жерлердің бірі. Оның алып жатқан жерінің үлкен болуы сонша, ұзындығы екі-үш километрге дейін, ал биіктігі шамамен 120 метрге жетеді.

Бүгіндері Қазақстанымыздың экономикасы арттып, күн өткен сайын қарыштап дамып келеді.Оған дәлел ауыл тұрғындарының тұрмыс денгейі , қала халқының тұрмыс денгейімен теңесіп келе жатқандығы.

Ауылымыздың орталығында жаңа үлгідегі Мәдениет үйі, «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылы салынған 70 балаға арналған « Бүлдіршін» бөбекжай балабақшасы, Нурым мен Басши ауылында жаңа мешіттер салынды, Аралтөбе мен Нурым ауылдарында екі қабатты жаңа мектептер, көп салалы аурухана, дәріхана , « Таза су» бағдарламасы бойынша әрбір үйге су құбыры тартылып, көше жолдары асфальталған,тұрғындардың той -томалақ жасау үшін «Алтынемел», « Жібек жолы» атты мейрамханалар, « Айғай құм» қонақ үйі ел үшін қызмет көрсетуде.

Мен өзім жұмыс жасайтын «Бүлдіршін » бөбекжай балабақшасында , біздің ауылымыздың тұмасы , белгілі кәсікер, меценат «Гүлзар» қоғамының директоры, «Гүлістан» журналының редакторы, Гөзел Құлжабаева әдістемелерін кенінең қолданамың , балалар көп гүлдердің атың, ағаштарды қалай күтіп баптауын біліп өседі , оның бәрі осы кісінің арқасы десем артық болмас.

Біздің балабақшамыз 2011 жылы «Балапан» бағдарламасы аясында ашылған болатын ,сол жылдан бастап Гөзел апай балабақшаға 50-ден астам ағаш егіп берді, оның ішінде сирек кездесетің қылқанжапырақты ағаштар, көпжылдық гүлдер, жеміс ақаштардың түр -түрі бар.

Өсімдіктермен ғана қамтамас етіп қоймай, көптеген іс -шараларды өткізіп, балаларға ойын аланың сыйға тартты, ойыншықтармен көнілдерін бір көтеріп тастады . Балаларға арналған көптеген санамақтар, жұмбақтар,әнгімелер ,тақпақтар арнаудан ол кісі жалықпайды.

Әңгіменің майын тамызып айтатын қасиетін барлық ауылдастары жақсы біледі. Ол кісінің энергиясына, өмірді сүйгіштігіне , адамдармен тез тіл тауып кететініне, таңғаламың да қызығамың десем де болар.

Басши ауылы елі мен жері бай,Ел Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай «Әр ауылдық округке жиырма мың ағаш» деген үндеу тастап, үлгі ретінде 2011 жылы біздің ауылымызда Гөзел апай 36 000 ағаш екті. Дәл сол жылы Гөзел апай Оксфорд қаласында өткен бизнес-самитке қатысып, Виктория Патшайымның қолынан , барлық игі істері үшін кеудесіне медаль тағып, үлкен абыроймен елге қайтқан жайы бар.
Тағы бір бастамасы ол «Қызғалдақтың Отаны — Қазақстан» , бұл жерде тарихты терен зертей отыры жасалған жұмыс ,деп те айтуға болады. Осы тақырыпта да көптеген конференциялар, тренинг-сабақтар өткенің біз жақсы білеміз. Әлемде көптеген елдер мысалы Голландия, Франция осы гүлдер арқылы елінің экономикасын дамытып отыр, ал біздің елде осындай күрделі, машақаты көп жұмыстарды атқаратын бір неше ғана адамдарды айтуға болады олардын ішінде біздің Гөзел апайымыз, бірі де бірегейі!
Қазақ десе бірден ойға Абай атамыз есімізге оралатыны анық емеспе? Осы орайда Гөзел апайдын тағы бір кереметі, әдебиетті білетін, терен ұғатын адамдардың қатарында деуге болады, Абай атамыздың 170 жылдығына ақынның туған жері Семейде 170 түп емен ағашын екпек болған ол кісінің жоспары болған, алайда іске аспады.

Бірақ Гөзел апай онымең тоқтап қалмады бұл ойын , біздің жерімізде Нурым ауылында «Абай жолы» атты саябақ егіп беріп ел игілігіне жаратты.

Мемлекетімізде 2012 жылдың «Жанұя жылы» деп аталуына байланысты Басши ауылдық округіндегі 10 га жерге Қазақстандағы тұңғыш «Батыр ана» саябағын орнаттып және ашылу салтанатын өткізді. Көптеген жазушылар, атқамінер азаматтар , мәдиниет қайраткерлері ,жан -жақтан келген мұғалімдер, оқұшылар қатысқан бұл шараға.

Мұндай өнегелі істің өсіп өркендеуі де әсер ықпалы болары сөзсіз. Осы уақытқа дейін ол кісі мемлекетті абаттандыруға біршама үлес қосты. Нәтижелі жұмыстар әлі де өз жалғасын табатыныңа кәміл сенеміз. Ауылдың өнерлі, талантты талай жастарды жоғарғы оқуына түсуіне ықпал еткен Гөзел апайды ,елі мақтан етіп айтады. Жастарға деген қамқорлығы, жанашырлығы бәріне мәлім.

Қорытындайтын болсам , Елбасымыздың сөзімен айтқым келеді :«Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты » -дәл осы бағыт — бағдармен өмірсүріп жатқан ,адамдардың бары қандай жақсы десеніздерші.

Осындай жерің , елің сүйген жанның біздің ауылымызда дүние есігің ашқаны қандай керемет! Болашақ ұрпақты табиғатты аялауды, әр гүлін, әр шөбін , әр тасын қастерлеуді айтып , өз ісімен дәлелдеп жүрген Құлжабаева Гөзел Әліпбекқызы нағыз осы заманның кемелді,парасатты жан деп айтсақ артық болмасы анық!

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. Акерке

    Туган жерге жететін нарсе жок

  2. Германова Домна

    Туған жеріне деген құрметі мен терең сүйіспеншілігі болса, адам нағыз сұлу. Біздің заманда патриотизмнің адам үшін қаншалықты маңызды екенін бәрі бірдей түсіне бермейтіні өкінішті, бірақ Отанға деген сүйіспеншілікке баулитын, туған жерді бағалаудың қаншалықты маңызды екенін ұғындыратын осындай мақалалардың болғанына қуаныштымын.

  3. Гульмира

    Туған жер кашан да ыстык кой.Жаксы айтылған

  4. Айгерим

    Туған жер ..! иә иә иә бәріне туған жері ыстық! Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.

  5. Шолпан

    Туған жер қашанда ыстыққой шіркін ?Менің туған жерім Ақтау қаласы

  6. Эльмира

    Туған жерге деген сағыныш. Әркімнің өз туған жері ыстық.

  7. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Туған жердің тасы да қымбат деген ғой.Менің туған жерім Тарбағай тауларымен таласқан, шырайлы шығыс өлкесі.Ауасы жұпар аңқыған, шөбі шүйгін, даласы өріске толған, сай — саласы ағысқа толы жер жаннаты.

  8. Балжан

    Туған жер қашанда ыстыққой ?керемет жазылған?

  9. Айгерим

    Қай жерге барсаң да туған жерге жетпейді ғой шіркін!

  10. Айнұр

    Туған жердей жер болмас. Бекер айтылмаған. Керемет

  11. Фариза Маратова

    Туган жердей жер болмас
    Туган елдей ел болмас деп текке аитылмаған!!!!Керемет

  12. Меруерт

    Әркімнің туған жері өзіне ыстық туған жеріне жететін жер барма шіркін

  13. Беспаева Айнаш

    Туған жер-деген әрине әр адам баласына ыстық. Тамаша жазылған.

  14. Айсулу

    Әркімнің туған жері өзіне ыстық туған жеріне жететін жер барма шіркін

  15. Aknur

    туған жерге туыңды тік деген қазақта мақал бар. менің туған жерім Қазалы. әркімнің туған жері өзіне ыстық көрінеді. туған жер туралы мақал да, өлең де, ән де, бәрі бар.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ