Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ағза

 

Ұрықтану және ұрық


ұрықтану процесі

Тірі ағзалардың көбейе алатын мүмкіншілігі — олардың ең басты қасиеттерінің бірі. Өсімдіктердің гүлдерінде тозаңданудан кейін, олардың ұрығы дами бастайды.

Жануарлар шағылысқаннан кейін, олардың ұрықтанған жұмыртқаклеткаларында жаңа тірі ағза дами бастайды. Міне, осындай жағдай адамда да болады. Ер адамның жыныс мүшесінде жыныс клеткасы — сперматозоид, ал әйелдерде — жұмыртқаклетка жетіледі. Жыныс қатынасы кезінде жыныс клеткалары бір-бірімен қосылады да, ұрықтану процесі жүреді.

Ұрықтанғаннан кейін жұмыртқаклетка жатырдың шырышты қабатына еніп, екіге, төртке, сегізге, кейде одан көп бөліне бастайды. Міне, осылайша ұрықтанған клеткадан әуелі ұрық, одан кейін іштегі бала, ең соңында болашақ кішкентай адам дамып, кейін ол дүниеге келеді. Қалыпты жағдайда жүктіліктің ұзақтығы 40 аптадай (280 күн), бірақ кейде әр түрлі себептермен оның ұзақтығы қысқарып немесе ұзарып кетуі мүмкін.

Ұрық

Жүктіліктің алғашқы екі айын – ұрықтық кезең, ал сол уақытта дамитын тірі ағзаны – ұрық деп атайды. Бұл кезде ұрықтың қабығы жетіледі. Оның өте көп қан тамырлары болатын сыртқы қабығы ұрықты қоректендіреді және оттекпен қамтамасыз етеді. Ал жартылай мөлдір жұқа ішкі қабығы, іші сұйыққа толы қуысқа айналып, ұрық соның ішінде батып жатады.

Осы кезде адам ұрығының басы және мойнының қалыптасқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, ұрықтың денесінде болашақта жетілетін мүшелердің — ми, жүрек, бауыр, бүйрек және өкпенің алғашқы белгілері қалыптаса бастайды. Жүктіліктің екінші айының аяғында ұрық өзінің дамуында адамға ұқсай бастайды, сондықтан ол іштегі бала кейпіне ауысады.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Жатыр (матка) дегеніміз не?

Туу яғни босану процесі қалай болады.

Туа пайда болған аурулар мен ақаулардың негізгі себебі.

Етеккір (менструация) дегеніміз не?

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Оттек
  • Қалқанша безі
  • Тіндер
  • Бассүйек
  • Есінеу

Пікірлер 16 Пікір қосу

  • Айдана 04.11.2022 күні 23:14 уақытында

    Өте керекті мағлұматтар, қалай ұрықтанатынын да анық түсіндірілген

    Жауап беру
  • Айгерім 19.03.2022 күні 19:23 уақытында

    Ұрықтану әр тірі ағзалардағы маңызды қызмет деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Нұрбақыт 31.01.2022 күні 02:01 уақытында

    Керемет рахмет сіздерге

    Жауап беру
  • Назерке 11.01.2022 күні 11:42 уақытында

    Маған осы тақырып қызық болып жүр еді, жақсы болды.

    Жауап беру
  • Насиба 13.12.2021 күні 22:16 уақытында

    Ұрықтану яғни зигота деп аталады. Биология сабағында ұрық, ұрықтану ақпараттарын көптеп алғанбыз.

    Жауап беру
  • Түймеқұл Еламан Өмірбекұлы 04.12.2021 күні 22:53 уақытында

    Мен биология пәнінің мұғалімімін маған бул ақпараттар ұнады жіне мен бұл ақпараттарды сабаққа пайдаландым

    Жауап беру
  • Алуа 29.11.2021 күні 14:32 уақытында

    өте керемет ақпарат, бәрімізге пайдасын тигізді

    Жауап беру
  • Ақманат Мерекеевна 22.11.2021 күні 20:28 уақытында

    ұрықтану күрделі процес.

    Жауап беру
  • Алем 22.09.2021 күні 23:28 уақытында

    Жақсы жазылған мәлімет! Әсіресе алғаш ата ана атанатын жандарға

    Жауап беру
  • Сандуғаш 01.09.2021 күні 11:45 уақытында

    Осындай мағлұматтарды біліп жүрген дұрыс сауатты болайық.

    Жауап беру
  • Айнагүл 09.02.2021 күні 15:30 уақытында

    жүктіліктің алғашқы белгілерін қалай анықтайды

    Жауап беру
  • Алихан 09.02.2021 күні 03:02 уақытында

    Ұлы сөздің ұяты жоқ. Қоғам осы тақырыпты жылы жаба салмай, мейлінше сауаттанса осыны оқып. Барлық сөздер анық, түсінікті

    Жауап беру
  • Жанна 26.01.2021 күні 12:40 уақытында

    Озиме кажетти коп нарселерди биле алдым десемде болады рахмет сиздерге,керемет

    Жауап беру
  • Жұлдыз 26.01.2021 күні 11:08 уақытында

    Ұрықтану және ұрық жақсы мағлұмат алдым .Өте жақсы

    Жауап беру
  • Шолпан 25.01.2021 күні 20:11 уақытында

    Ұрықтану мен ұрық-күрделі тақырып.Жүктіліктің алғашқы екі айын,кейде кауіпті кезең деп те жатады.Неге?Бұл кезеңде ұрықтың дамуы өте қарқынды жүреді. Ұрықтың бейімделушілік қабілеті әлі толық жетілмегендіктен, ұрық зақымдаушы факторлардың әсеріне өте сезімтал келеді. Оттек жетіспеушілігі тағы бар.Сондықтан керекті дәрумендерді қабылдап,барынша күтіну қажет.

    Жауап беру
  • Ажар 06.01.2021 күні 01:16 уақытында

    етеккірдің келуіне байланысты ұрықтану пайда болады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.