Шаш
Тас дәуірінде өмір сүрген адамдарға қалың шаш, үстін жапқан түк олардың тіршілігі үшін өте қажет болған. Бірақ, адамдар өздерінің эволюциялық дамуының арқасында киіне білді, мата тоқуды игерді, кейін өздеріне баспана салып, жылуды пайдалануды үйренді. Сондықтан, бірте-бірте теріні жапқан түктер адамның өмірінде маңызын жоя бастады. Қазіргі кездегі адамда шаш тек басында (кейбір адамдарда ол да жоқ), қолтығының астында, қасағада ғана сақталып қалды.
Жіңішке және қысқа түктер аяқта кездеседі, сондай- ақ ер адамдардың кеудесінде де түк болады. Шаш адам денесінде жеке мүше болып есептелінбейді, ол терінің қабыршақтанған өсінділері. Әрбір шаш шаш түбінен (шаш буылтығынан) шығады. Шаштың түбін шаш қапшықтары — фолликулалар орап жатады. Шашты ұсақ қылтамырлар қоректендіреді.
Шаштың түрі фолликулалардың пішініне байланысты өседі. Мысалы, дөңгелек фолликулладан түзу шаштар, сопақша түрінен — толқынды шаштар, бүршік тәрізділерінен — бұйра шаштар өседі. Фолликулда шашты майлап тұратын — май бездері болады. Егер адам тоңа бастаса немесе қатты қорықса, қысқа шаштар (түктер) бірден “тік тұрады”.
Бұл әрбір шаш буылтығының жанындағы ұсақ бұлшық еттердің жиырылуынан болады. Адамның шашының түсі меланин пигментіне байланысты өзгереді. Мысалы, қара шаштың құрамы тек меланиннен, сары шаш — меланин мен күкірттің қосындысынан тұрады, ал жирен шаштың құрамында темір болады.
Адамның бүкіл өмірінде 120 мыңдай шаш шығады, ол айына 1,25 сантиметрдей өсіп отырады. Күніне балаларда 50—80 тал, ересек адамдарда 100-120 тал шаш түседі. Түскен шаштың орнына қайтадан шаш шығады, бірақ бұл тек жас адамдарда ғана болады, ал қарт адамдардың түскен шашының орнына жаңадан шаш шықпайды.
Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:
Қасқабас немесе шаштың түсіп адамның таз бас болуының себебі.
Тістің құрлысы жайлы қызықты ақпарат.
Тырнақ адам ағзасында қалай пайда болады және ол не үшін керек.
Мең немесе қал нені білдіреді?


Қарт адамдардың шаштары неге аз болады десем қайта өспейді екен ғой
Шаш — адам ағзасының сыртқы бөлігінде орналасқан мүйізді құрылым. Ол терідегі шаш фолликулаларынан (түбірлерінен) өседі және адамның сыртқы бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Шаш тек эстетикалық қана емес, сондай-ақ қорғау және жылу реттеуші қызметтерді атқарады.
Шаш күтіміне мән берген жөн.
Шүберек мата адамның көркі дейді емес пе сол сияқты шашта адамның көркі. Қыздарымыз бұрымды ұзын шашты болып жүргеніне не жетсін
Шаш туралы біраз ақпарат алдым. Рақмет сіздерге!
Адамның көркі ол шашы ғой әрине. Сондықтан шашқа дұрыс күтім жасаған дұрыс.
Шаш турады бираз акпарат алдык кой
шашым көп майланады екі күнде бір жумасам қайызғақтанып кетеді. не себепті екен?
Шаштың мөлшерден көп түсуі қазіргі таңда әрқайсымыздың басымыздағы бар проблема ғой. Ал шаштың түсінің өзгеруіне меланин пигменті әсер ететіні мен үшін жаңа ақпарат. Шашты қайтадан қалай қарайтуға болады екен.
Тамаша еңбектеріңізге табыс
ең актуалды проблема деп білемігн
Қазіргі таңда мына вирустың әсеріненде шаш көп түсіп жатыр. Мен үшін өте пайдалы болды.
100-150 шаш түсіп, өспей қалса неше күнде тақырбас болады екенбіз? ><)
шашым өте көп түседі менің басты проблемам
Шаш ерекше күтімді қажет етеді, қыздың көркі шаш деп бекер айтпаған ғой
шашым бұйра тез өспейді жәй өседі .мәліметтер түсәнәктәі мағыналы жазылыпты
Шаш адамның көркі. Бас аман болса шаш өседі дейді. Шынында түскен шаш орнына шаштар шыға беретіні рас.
Қыздар үшін шаш күтімі өте маңызды
шаштың түсуі көп кездеседі