Қартаю

қартаю процесі

Адамның ағзасында зат алмасу процесінің тоқтап қалуы деген болмайды. Ол өзінің дамуын бітірген соң, соған қарама-қарсы процесс — қартаю басталады. Адамның ағзасында ең алдымен қартаятын — айыршық безі (төс асты безі). Бұл без ағзада лимфа жүйесінің жұмысын реттеп, ағзаны инфекциядан сақтайды.

Жаңа туған нәрестелерде оның көлемі өте үлкен болады және кеуде қуысның біраз жерін алып жатады. Балаларда ол 7 жасқа дейін өсіп, содан кейін өсуін тоқтатады, ал жасөспірімдер балиғатқа толғанда кері процесс жүреді. Ересек адамдарда оның көлемі білінер-білмес болып, ал қартайған шақта оның орны да қалмайды.

Адам ағзасындағы мүшелердің өздеріне тән қартаю уақыты бар. 20 жаста мидың қан тамырлары қартая бастайды. Бұл кезде артерия қан тамырларының қабырғалары қалыңдап, тарылады және мидың қанмен қамтамасыз етілуі баяулайды. Осы жаста омыртқаның иілгіштігі азаяды. 30 жасқа келгенде көптеген мүшелердің қартаюы байқалады.

Адам ағзасының қартая бастағанын мынадай белгілерден — оның жүрісінен, ойлау қабілетінің біртіндеп төмендеуінен, сөйлеуінен, дене жарақатының жазылуының ұзаққа созылуынан, тағы басқалардан көрінеді. Қартаю белгілері адамның денсаулығынан және сыртқы бет бейнесінен анық көрінеді.

Мысалы, терінің тез құрғап кетуінен, оның созылғыштық қасиетінің төмендеуі, соның нәтижесінді теріге әжімнің түсуі, шаштың көп түсіп және оның ағаруы, т.б. Сондай-ақ, арақ-шарапты көп ішу және темекі шегу де адамның ерте қартаюына себепші болады.

Сондықтан ағзаның ерте қартаймауы үшін, денсаулықты күтіп, жүйелі түрде дәрігерлік тексерулерден өтіп, уақытымен дұрыс тамақтанып және демалып, спортпен шұғылданып денені шынықтырып, салауатты өмір сұруге дағдылану керек.

Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:

Бездер жайлы біз не білеміз?

Адамның терісі туралы не білеміз?

Гипофиз дегеніміз не?

Ми дегеніміз не және ол қаншаға бөлінеді.

Пікірлер8
  1. Салтанат

    Адамның бәрі қартаяды. Бірақ сол қартаюды әдемі ету, әр адамның өз қолында. Біздегі жалқаулық өзіміздің дұрыс өмір сүруімізге көп кедергісін тигізіп отыр.

  2. Эльмира

    Адамның көңілі шіркін қартаймайды ғой.

  3. Эльмира

    Өте пайдалы ақпарат алдым,рақмет.

  4. Зухра

    Құнды ақпарат алдым!

  5. Мөлдір Сайлаубекқызы

    Өте құнды материал!

  6. Нұргүл

    Пайдалы ақпараттар алдым. Жұмыстарыңыз тек қана алға жүре берсін. Көп көп рақмет сіздерге!

  7. ШАРИПА

    «Әдемі қартаю» деген тіркес бар. Әдемі қартая білсек екен. Жақсы ақпарат екен.

  8. Гулнар Жанысбекова

    Айыршық безі бірінші естуім және қандай жағдайда қартайатынымызды білмейді екенмін .құнды ақпарат алдым

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ