Жүкті әйелдің тамақтануы

Екі қабат әйел қалай тамақтануға тиісті? Өзінің бұрынғы тамақтану дағдысын толық сақтай отырып, асты кешке, жатар алдында өте тоя ішпеу керек. Асқа деген тәбет тартып тұрған кезде құсып жіберемін-ау деп қорқып, ішпей қоюға да болмайды. Екі қабат әйелдің жерік болуына байланысты тілегін мүмкіндігіне қарай қанағаттандырып отыру керек.

Егер мұның өзі шегінен шығып бара жатса, әрине онда әйелдің тілегін қанағаттандыруды тежеу қажет. Дұрыс тамақтанбау бүкіл организмнің ауруын қоздыруы мүмкін болғандықтан, адамға қай кезеңде қандай тағамдар пайдалы екендігін, азық-түлікті бұзылудан қалай сақтауға болатынын, тамақтың қайсыбір түрін қалай даярлауға, оның организмге қайткенде сіңімді болатындығын білу өте қажет.

Орыстың ұлы ғалымы И. П. Павлов өзінін зерттеулеріне сүйеніп, асты сіңіруде тәбеттің аса зор маңызы бар деген қорытындыға келді. Ол былай деп жазды: жұрттың барлығы да тәбетпен бірқалыпты ішкен тамақты, пайдалы, сүйсініп ішкен ас деп санайды, ал өзін-өзі қыинап, не есеппен ішілген ас белгілі дәрежеде зиянды деп саналады.

Сөйтіп, адам денсаулығының инстинкті одан «құтылуды» іздестіре бастайды. Қалыпты екі қабат жағдайда асқазанның сөл бөлуі өзгереді, ал ауыздан қара судың бөлінуі азаяды. Бұл кейіннен дәмді айыру қабілетін төмендетеді. Кейбір азық-түлік тағамдары ас қорытуға қатысатын бездің жұмысын күшейтіп, олардың сөл бөлуін арттыруға жағдай жасайды.

Мұндай азық-түлікке алдымен қозықұйрықтан жасалған сорпа, алмұрт, апельсин, шабдалы, шие, қауын, шалқан, қияр, т. б. жатады. Осындай өнімдерден жасалған тағамдарды күнделікті ішетін тамаққа араластырып пайдалану арқылы ас қорыту ағзаларының жұмысын жақсартуға болады.

Жүкті әйелдің сіңірген тамағының бір бөлігі баланың өсуі мен дамуына жұмсалатындықтан, оның тамаққа деген тәбеті арта түседі. Екі қабаттықтың екінші жартысында асқазанның сыйымдылығы кішірейіп, әйел ішкен аз ғана тамақтың өзіне де тез тойынып қалады, сондықтан бұл кезде аз болса да жиі-жиі тамақтанып тұрған дұрыс.

Бұл жөнінде И. П. Павлов былай деп көрсеткенді: «тамақты аздап ішу ұсынылған жағдайда, ол нашар асқазанның толуын тежеумен қатар, әсіресе сан жағынан мол, сапа жағынан күшті сөлдің әлденеше есе көбірек бөлінуін жиілетеді».

Бәрінен де дұрысы, екі қабат әйелдің күніне төрт рет тамақтанатындай болуын ұйымдастыру керек. Тәулігіне төрт рет тамақтанған жағдайда ішілуге тиісті астың: таңертеңгілік аста 25—30 пайызы, сәскелік аста 10—15 пайызы, түскі аста — 40—50, ал кешкі аста 15—20 пайызы сақталғаны дұрыс.

Жүкті әйелдің ішкен асында барлық құнарлы заттардың болғаны дұрыс, ол баланың қалыпты өсіп, жетілуі үшін және ананың босанар кезде жоғалтатын күш-қуатының орнын толықтыру үшін де қажет. Тамақтану соншалықты жиі болмауы керек, өйткені артық ішкен астың организмге пайдасынан зияндылығы көп.

Тағам әр түрлі азық-түліктен құралып, дәмді даярлануы керек. Мұндағы аса маңызды фактор — тағамды күн сайын дұрыс пайдалану болып табылады.

Екі қабат және баланың емшектегі кезінде әйелдің тамақтануы — сүт және сүттен дайындалған тағамдар мен өсімдік тағамдарын көбейту есебінен арттырылуы тиіс.

Көптеген әйелдердің дәмді айыру сезімі өзгеріп, ішкен тамағы татымсыз көрінеді, қышқыл немесе тұзды бірдеңелер жегісі келеді. Бұл керексіну екі қабаттықтың әсерінен барып ас қорыту бездерінен бөлінген сөлдердің өзгеруіне байланысты туады. Екі қабаттықтың алғашқы айларында талғамы өзгерген әйелдің тұздалған шабақ немесе басқа бір тұзды балықтан, уылдырық, ашытқан (қышқыл) капуста, тұзды қияр, тағы сол сияқты өткір немесе тұзды астардан бас тартуына болмайды. Әдетте, дәмнің ауызда тұшымауы екі қабаттықтың 3—4-ші айында басылады.

Екі қабаттықтың басында көптеген әйелдер көбінесе таңертеңгілікте, аш қарында лоқсып, жүрегінің көтерілгендігін аңғарады. Қолайсыз осы бір түйсікті басу үшін, таңертең төсектен тұрмай жатып тамақ ішкен дұрыс. Егер жүректің көтерілуі күшейіп, құсық пайда болса, онда әйелдер консультациясындағы дәрігерге қаралуы қажет.

Екі қабаттықтың екінші жартысьінда өсімдік,сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды (диета): сүт, айран, сүзбе, әр түрлі көкөніс тағамдарын, картоп, ботқа (әсіресе сұлы ботқасы), жемістер, жидектер және көкөністерді сол күйінде шикідей ішіп-жеу ұсынылады. Кейде дәрігер таблетка түріндегі витаминдерді немесе балық майын ішуді ұсынады. Балық майында Д витамині көп болады, оны ана организміне жіберу баланы рахит (мешел) ауруынан сақтауға жағдай жасайды.

Екі қабат әйелде үлкен дәреттің жүрмей қалуы жиі болады. Ондай жағдайда ішек-қарынның жұмысын жақсартуға сүттен дайындалған қышқыл тағамдар, қара нан, көкөніс және жеміс жеген көмектеседі. Егер ондай тағамдардың дәреттің жүруіне септігі тимесе, таңертеңгілікте аш қарынға күн сайын бір стаканнан су ішкен дұрыс. Анда-санда клизманы да пайдалануға болады.

Екі қабаттықтың екінші жартысында ет жеуді аптасына бір-екі ретке дейін шектеу керек. Бұл айлардың ішінде екі қабат әйел ішетін сұйықтың мөлшерін күніне сорпа, шай және сүт, суды қосқанда 4—5 стаканға дейін азайту қажет.

Екі қабаттықтың бесінші айынан кейін тұзды азырақ пайдаланған жөн, тұзды қияр, балық және ет жемеу керек, ал ет пен балық сорпасын сүт пен көкөніс сорпасымен алмастыру қажет. Алкогольді ішімдіктерді (шарап, сыра, арақ), өткір дәмді бұрыш, хрен, қыша, сірке суын пайдалануға болмайды.

Бұл айтылғандарды асқа пайдалануға шек қойылудың себебі, екі қабаттықтың екінші жартысында бүйрегі ауырып, асқынуы мүмкін. Осы айтылған тәртіппен тамақтану бүйректерді аз тітіркендіреді.

Егер аяқта, іште немесе дененің басқа да жерлерінде домбығу пайда болса, дереу консультацияға барып қаралу қажет. Өйткені домбығу — бүйректің ауруға шалдығуына байланысты, екі қабат кездегі улану белгілерінің бірі болып табылады.

Сүтпен шай ішу, қою емес кофе және әр түрлі жемістер шырынын ішу — екі қабаттықтың барлық мезгілінде де пайдалы болып табылады.

Тәтті астардың ішінен: жемістерден жасалған пюре, кисель, желе (жеміс пен жидектен жасалған), крем (тәтті мен жеміс қосылған тамақ), мусс (жемістен немесе сүттен дайындалған дәмді тамақ) снежки, құрғақ жұмсақ печенье, бал, варенье, балмұздақ, жеміс пен жидектен дайындалған шырын ішу ұсынылады.

Тұздықтардан тек көкөніс қайнатпасында дайындалған өсімдіктер тұздығы, қаймақ, сүт және жемістен жасалған тұздық ұсынылады. Қосымша тұздыққа лимон, клюква және лавр жапырағын пайдалануға болады. Бұршақ пен бадананы пайдалануды шектеу қажет, өйткені олар ішекте газдың жиналуына себеп болады. Көкөністі пісірген түрінде де, сондай-ақ сок шығаратын және минералды тұздары бар заттар түрінде де молынан пайдалану қажет.

Бақылау, зерттеу жұмыстары, тіпті қайсыбір витаминдердің организмде аз ғана жетіспеушілігінен, қатты шаршағандықтың байқалатынын көрсетіп отыр. Егер организмде витаминдер жеткілікті болса, адам жұмысқа едәуір қабілетті келеді. Витаминдердің жетіспеуі, организмнің жұқпалы және басқа да ауруларға қарсыласуын төмендетеді.

Ал витаминнің көбірек жетіспеушілігінен, құрқұлақ, нерв жүйелерінің аурулары, жыныс бездері қызметінің бұзылуы тәрізді аурулар күшейеді. А витамині жетіспегенде, көз, бауыр, ішек- қарын, жыныс органдары аурулары байқалады. Бұл витаминнің, әсіресе іштегі баланың (ұрықтың) дамып, өсуі үшін маңызы зор. А витамині малдың бауыр етінде, балықта, сүтте, жұмыртқада, сәбізде көп болады.

Организмде В1 витаминінің жетіспеуі, нерв жүйелері, жүрек және ішектер мен асқазан жолдарының ауруларын тудырады. В1 витамині ашытқыда, бауырда, бұршақ тұқымдас дақылдарда көп болады. Ал В2 витаминінің организмде болмауы және оның жеткіліксіздігі терінің қабынуын (дерматиттердің), көздің мүйіз қабығының зақымдануы мен басқа да бірқатар аурулардың күшеюін тудырады.

В2 витамині ашытқыда, бауырда, бүйректе, етте, сүт өнімдері мен жұмыртқада көп болады.РР витамині (никотин қышқылы) көбінесе ашытқыда, бауырда, етте, тартылмаған тұтас бидайда болады. Бұл витамин жетіспеген кезде, пеллагра деп аталатын ауру дамиды.

Е витамині бидай мен жүгері тұқымында, соя майында, жұмыртқада, бауырда болады. Бұл витаминнің организмде жетіспеуі бездің, сондай-ақ аналық безден аналық клетканың бөлініп шығуы мен ұрықтану процестері қызметінің бұзылуына апарып соғады. Қазіргі кезде Е витамині басқа да витаминдерге қосымша түсік тастауды және бедеулікті болдырмау үшін емдеуге қолданылады.

С витамині (аскорбин қышқылы) көкөністе, жеміс, жидектерде көп болады. Ол әсіресе, итмұрынның жемісінде, жете піспеген жаңғақта көп. С витаминінің организмде жетіспеуі, құрқұлақ деп аталатын аурудың дамуына себепші болады. Құрқұлақ болғанда терінің үстіне қан жайылып, қанның құрамы нашарлайды. Мұндайда екі қабат әйелге аса көп — күніне 200 мг С витамині қажет болады, ал екі қабат емес, дені сау әйелге осы мезгілде 50—100-мг-нің өзі де жеткілікті.

Д витаминіне бауыр, уылдырық, ет, майлы балық, жұмыртқа, балық майы, жас сарымай бай болады. Д витамині жетіспегенде балаларда рахит ауруы асқындайды. Рахит болған кезде сүйекте тұздың бөлінуі азаятындығы байқалады, осыдан барып сүйектер жұмсарып, қисаяды. Мұнымен қатар бұлшық еттерде де өзгерістер байқалады.

Тамақ ішуді дұрыс ұйымдастыра білмеген жағдайда организмде бір ғана витамин емес, әлденеше витаминнің жетіспейтіндігі жиі байқалады. Екі қабат әйелдің организміндегі витаминдердің жетіспеушілігін болдырмау мақсатымен, дәрігермен ақылдаса отырып, құрамында бір ғана витамин емес, әлденеше витаминдері бар, көп витаминді препараттар: А, В1, В2, РР, С және Д витаминдерін қабылдауға болады. Сонымен қатар, витаминдерді кейбір түрлерін өте көп қабылдағанда, адамда улану тәрізді құбылыстың күшеюі мүмкін.

Жүктілік кезде жасалатын жалпы гигиеналық шаралар.

Мастит емшектің қабынуы және оның алдын алу профилактикасы.

Босанудан кейінгі кезеңдегі әйелдің тазалығы (гигиена).

Босану тазалығы және әйелдің психопрофилактикалық дайындығы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер3
  1. Рахымғалиева Толқын

    Жүкті әйел әлемдегі ең әдемә әйел

  2. Айнагүл

    тұрмысқа шыққаныма ровно 1 ай болды сразу көтеру мүмкінбе осы бір айда?

  3. Елена

    Жүктілік әлемдегі ең сұлу фигура!!)

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ