Әйелдер консультациясының ролі

Консультация екі қабат әйелдің көңіл-күйін ұдайы бақылап отырады, екі қабат кезде пайда болуы ықтимал ауруларды және олардың асқынуын болдырмас үшін алдын алып, оны ертерек табу шараларын жүргізеді.

Жүктіліктің алғашқы белгілері білінісімен-ақ әйел консультацияға қаралуы тиіс. Бұл — екі қабаттықты дәл белгілеуге және босанғанға дейін әйелге берілетін демалысты өз мезгілінде беру осыған байланысты болғандықтан, оның мерзімін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

Консультацияда дәрігер әйелдің жамбасын өлшейді, өйткені оның көлемі босанудың ауыр-жеңілдігінде үлкен роль атқарады. Кейде жамбас қуысының тарылуы денелі, денсаулығы жақсы деген әйелдерден де байқалады. Екі қабат әйелдің жамбас қуысы тар болған жағдайда, оны толғақ басталғанға дейін қажеттігіне қарай балалар босанатын үйге жібереді.

Кейбір жағдайда екі қабат әйелдердің қынабынан қанды жалқық көрінуі мүмкін. Бұл екі қабаттықтың үзілуіне себепші немесе жыныс органдарының қайсыбір ауруға шалдыққандығын көрсететін белгі болып табылады. Екі қабаттықтың 28 аптаға дейін үзілуі аборт немесе түсік тастау деп аталады.

Екі қабаттықтың екінші жартысында қанның кетуіне жатырда бала жолдасының дұрыс орналаспауы немесе оның жатырдан мезгілінен ерте бөлінуі себеп болуы мүмкін. Екі қабат кезде жыныс жолдарынан қандай да болсын қанды жалқық бөлінісімен, әйел консультацияға барудың кезекті мерзімін күтпей-ақ, дереу дәрігерге қаралуы керек, ал қан қатты аққан жағдайда үйге жедел көмек немесе дәрігер шақырған жөн.

Консультацияда әйелдердің зәріне анализ жасалады да, ол бүйректің қызметі жайлы пікір айтуға мүмкіндік береді. Қан қысымын өлшейді, қан көтерілгенде арнайы режим мен ем қолданылады, өкпеге рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі, ал жүректі екі қабаттықтың тек төртінші айынан кейінгі ғана көрсеткіштер бойынша зерттейді.

Консультация дәрігері екі қабат әйелді бақылағанда, жатыр ішіндегі баланың дұрыс жетілуін, оның жатыр ішіндегі жағдайын және т. б. қадағалайды. Консультацияда әйелдер арасында санитарлық-ағарту жөнінен үлкен жұмыстар жүргізіледі.

Екі қабат әйел консультацияға қатынай отырып, жеке басының тазалық ережелерін сақтауға, босанғанға дейінгі демалысты дұрыс пайдалануға үйренеді, баланы күтуге қажетті мағлұматтар алады. Ең соңында, екі қабат әйелді босандыру үшін мұнда психопрофилактикалық дайындық жүргізіледі.

Босану тазалығы және әйелдің психопрофилактикалық дайындығы.

Жүкті әйелдер гигиенасы. Әйел организмі құрылысының ерекшеліктері.

Босанудан кейінгі кезеңдегі әйелдің тазалығы (гигиена).

Жүктілік және оған байланысты болатын өзгерістер.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Айнагүл

    оте керемет макала маган унады ишинде озиме керек малиметтер бар екен

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ