Баланы емізу

Емшек сүтімен тамақтандыру — баланың дұрыс өсіп-жетілуіне ықпал ететін аса маңызды кезең болып табылады. Сүт бездерін, әсіресе емшек ұшын баланы емізер алдында ұдайы қайнаған сумен сабындап жуу керек. Оны тітіркендірмес үшін, балалар сабынын пайдаланған дұрыс.

Дизенфекциялайтын (зарарсыздандырушы) өте күшті сұйық затты пайдалануға болмайды, өйткені ол емшек ұшын тітіркендіреді. Ал жуу үшін бір бөлек мақтаны сулап, емшектің ұшын және оның айналасын жақсылап сүрту керек. Баланы емізер алдында қолды міндетті түрде жылы сумен сабындап жуу қажет.

Бала босанатын үйде ана алғашқы уақытта баланы жатып емізсе, кейіннен отырып емізеді. Ал үйге келгенде баланы отырып емізген дұрыс. Жатып емізгенде ана жамбастап, баланың аузына емшегін салады, бұл кезде ол емшек баланың мұрнын басып қалмау жағын қадағалауы керек. Отырып емізгенде онша биік емес кішкене орындықты пайдалануы керек. Онда ана сол жақ емшегін емізгенде оған сол аяғын, ал оң жақ емшегін емізгенде оң аяғын қояды.

Босанғаннан кейінгі бірінші күндері баланы қолға алып емізген кезде, ананың емшегінен осы мезгілде нәресте үшін пайдалы уыз- сүт шығады. Әдетте, емшек сүті баланы туғаннан кейінгі 2—3-ші күндері болады. Емшек ісінеді әрі қатаяды және көлемі үлкейеді.

Емшек ісінген кезде кейде қолтық асты лимфа бездері үлкейіп, ауыратын болады да, ол қолды қозғауға бөгеттік жасайды. Мұндай құбылыстар тәулік ішінде бірте-бірте басылады да, емшектен мол сүт шыға бастайды. Әдетте нәресте туғаннан кейінгі бірінші күннен-ақ емшекті аузына ала бастайды, бірақ емшектің ұшын дұрыс сала алмайды.

Оның емуіне, әсіресе емшек ұшының жалпақтығы мен ішке қарай батыңқылығы қиындық келтіреді. Мұндайда дәрігермен ақылдасқаннан кейін, емшектің ұшын сүт сорғыш арқылы тартып, накладка (жапсырма) арқылы емізуге тура келеді.

Емшек ұшының жарылмауын болдырмау үшін, нәрестенің емшек ұшын ғана сормай, оның айналасын да қоса аузына салуын қадағалау керек.

Туғаннан кейінгі бірінші күндері бала, одан кейінгі күндерге қарағанда емшекті нашар сорады. Емізген кезде баланың қалай сорып, сүтті қалай жұтатынын қадағалау керек. Егер нәресте емшек сүтін сирек жұтатын болса, онда дәрігерге міндетті түрде көрсету қажет.

Әдетте нәресте емшек емуді әлі де дұрыс үйрене қоймаған және емгенде жиі тоқталып, демалатын алғашқы уақытта, оны жарты сағатқа дейін емізіп отыруға тура келеді. Ал нәресте емшекті жақсы соруға үйренгенде, оның емуіне 10—20 минут та жеткілікті болады.

Емізгенде оң жақтағы және сол жақтағы емшекті міндетті түрде алмастырып отыру қажет. Емізу аралығында барлық уақытта да ұдайы үзіліс жасау керек. Емізу көбінесе 3—3½ сағат сайын, бірақ кейде дәрігердің кеңесі бойынша, бұдан да қысқа үзілістен соң емізілетін болады.

Түнгі мезгілдегі емізу аралығы 6 сағаттан кем болмауы тиіс. Бала емізуде бұлай үзіліс жасау нәрестенің ішек- қарны үшін де, сондай-ақ алты сағат бойы жақсы тынығып алатын ана үшін де пайдалы.

Кейбір жағдайда нәресте аузындағы емшегін шығарып, жылайтын кездері болады. Бұл көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін. Олардың бірі нәрестенің мұрнының бітеліп қалуы салдарынан, оның дем алуының қиындауы болып табылады. Мұндай жағдайда нәрестенің мұрнын сақтықпен тазалағаннан кейін ғана емізу керек.

Нәрестенің шырылдап жылауына тағы бір себеп — ішек-қарнында газдың жиналуы. Егер бұл ұдайы байқалатын болса, нәрестенің ішін жылы сумен клизма жасау арқылы босатуға болады. Ананың емшегінде сүт аз болған жағдайда да нәресте тынышсыз болады.

Емізген уақытта нәрестенің шырылдап жылауы мен мазасыздануының себептерін білу үшін, балалар консультациясына барып, нәрестенің емгенге дейінгі және емгеннен кейінгі салмағын өлшеу арқылы оның қанша сүт еміп, сүттің оған жеткілікті, жеткілікті емес екендігін анықтауға болады.

Кейде сүт мол болғанда дәрігердің кеңесі бойынша, емшектегі сүтті сауып тастауға тура келеді. Емшектегі сүтті сауып тастау қолмен немесе сүт сорғышпен, ал ең дұрысы электр сүт сорғышы арқылы жүзеге асырылады.

Бала емізетін ана емшекқабын жиі ауыстыруы тиіс, ал жуғаннан кейін ұқыпты түрде ыстық үтікпен үтіктеуі керек. Емшекқап ақ түсті, жақсы жуылатын тұтас материалдан тігілуі тиіс.

Ал оның түбі жеткілікті түрде терең және соның нәтижесінде емшек жоғары көтеріліп тұратын болуы керек. Емшек салбырап тұрған кезде, сондай-ақ оны қатты тартып тастаған кезде, сүттің шығуы азаяды да, ол әр емшекте әр түрлі мөлшерде болады.

Ананың өз баласын өзі емізе алмауы өте сирек кездесетін жағдай. Бала үшін ана сүті аса пайдалы тағам болып табылады. Ана сүтімен тамақтандыру — баланы неше түрлі аурулардан сақтайды.

Емшек жарақатын емдеп жазу жолдары.

Ауырған емшекпен баланы емізуге болады ма?

Мастит емшектің қабынуы және оның алдын алу профилактикасы.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер10
  1. МАРЖАН

    Осы туралы макаланы издегениме коп болып еди таптым аууу

  2. ТАЗАГУЛЬ

    Баланы екі жасқа дейін емізген дұрыс.

  3. Айгерим

    Емшек ұшының жарылуы жас аналарға, әсіресе бірінші баласын босанған аналардың басынан өтетін қиын кезең. Бірінші балада қатты қиын болды маған.

  4. Мейримхан

    Емізерде міндетті түрде орамал тағып отыру керек екен, бала шошымас үшін

  5. Жанна Кудайбергенова

    Емшек сүті бала үшін нәрлі.Ерте шығарып тастайтындарды түсінбеймін.Ол баланың ағзасы ана сүтін іздейтіні белгілі.

  6. Замзагуль

    Ана сүтімен тамақтандыру — баланы неше түрлі аурулардан сақтайды.Ананың ақ сүтінінен артық еш нәрсе жоқ!

  7. Жанбиби

    Емшек сутинин артыкшылыктары керемет. Балага берер дарумендериде коп

  8. Майра

    Иа, сәбидің тез қалыптасып өсіп кетуіне ана сүтінің маңызы зор. Менің де балапандарым ұзақ уақыт емген, төрт жасқа дейін ))), қазіргі сымбатын сақтап баласын емізбейтін аналарға керек мақала екен, тамаша.

  9. Дана

    Еки кызым бар. Бири емшек емеди. Бири садикте. Екеуинде емшек емди , косымша тамактарга жугинбедик. Аллага шукир

  10. Толқын Жұмабаева

    Екі баламды да емшек арқылы тамақтандырдым.емшек сүтінің пайдасы өте көп жасанды тамақ бергеннен гөрі.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ