Ауру емшекпен бала емізу туралы

Бала емізіп жүріп маститпен ауырған әйелдердің дәрігерге арнаған бір сұрағы бар. Ол ауырған емшекпен баланы емізуге бола ма? деген сұрақ. Бұл сұраққа жеке тоқталу қажет, өйткені емізуде балалардың денсаулықтарына байланысты көптеген мәселелер бар.

Сүт безі өзінің сүт шығару функциясын атқара беруі үшін баланы ауырған емшекпен мастит ауруының барлық кезеңінде де емізе беру керек. Баланы емізбей қою, ауруды қоздырып жібереді, міне, сондықтан да ауырғанына қарамай емізе берудің мәні зор.

Емшек бездері бөліктерінің әр қайсысында сүт жолдары жеке-жеке екені мәлім, сондықтан емген сүтте ірің бола бермейді. Емшекте пайда болған сүт, сүт бездері мен сүт жолдарында тоқтап қалса, ашып ұйи бастайды деп жоғарыда айтып кеттік. Мұндай ашыған, іріген сүт микробтардың өсіп-өнуіне жақсы жағдай туғызады. Осыны білген әйел емшекті емізе беру керектігіне толық түсінеді.

Біздер тіпті операция жасап, іріңнен тазартқан уақытта да емшекті емізе беруді ұйғарамыз. Емшекке операция жасағанда емшектің ұшынан не жоғары, не төмен жерден жасалады. Ана әрбір емізген сайын емшегі ауырмай бір түрі жеңілдік бола береді. Емшектің операция жасалған жерін байлағанда баланың емуі үшін емшек ұшы шығып тұратындай тесік етіп байлаған дұрыс.

Мынадай жағдайларда емізуге болмайды

Маститтің алғашқы кезеңі мен серозалық түріне (жоғарыда айтылғандай, балаға сорғызып, сауып, басып, таңып тастағаннан кейін) операция жасалғаннан кейін бір тәулікке дейін;

Емшектің көп жері іріңдеп кеткен, ананың дене қызуы көтеріліп ұзаққа созылған жағдайда;

Емшек ұшының жарықтары тереңдеп кеткенде 1—2 күн;

Егер ірің емшек ұшының түбіне жақын болып, емшек емізу ана үшін үлкен күшке түскенде;

Сүт аралас ірің шығып, үзбей емшекті сауып немесе сүт сорғышпен сорғызып алып жүргенде емшекті балаға емізуге болмайды.

Егер жас аналар осы сайтта жазылған кеңестерге көңіл қойып, есіне сақтап, уақытылы пайдалана білсе жақсы болар еді.

Емшек жарақатын емдеп жазу жолдары.

Маститті қалай емдеуге болады?

Маститтің пайда болуы (жолдары) себебі.

Пікірлер9
  1. Арайлым

    Сәлеметсізбе мен емшегім к
    Ұшы кішкене бір шеті сыздауық сиякты беті ірін сиякты аппақ боп тұр уже 1ай болыд емсе аурады сыксан бірдеме шыгад не екен білмим бала емізе берсе.
    Болама

  2. МАРЖАН

    Сайдтарыныз керемет изденсен барлыгын табасын

  3. Индира

    Жакында босандым.ондай без ештене жок бирак он Жак емшегим аурып кетет арасындп бас ауырган сиякты резко жибереди сосын ауырганы.ол неден екен а?

  4. Камшат

    Өте пайдалы дүниелер жазыпсыз рахмет

  5. Айгерим

    Керемет мақала.Қызығып отырып оқыдым

  6. Нұржайна

    Осы мақала арқылы болашақ аналарға, барша аналар қауымына да бала өміріне қауіп келтірмейтін алдын алу жолында мәлімет жақсы берілген

  7. Камила

    Саламатсыздар ма менiн балам 2 айдан асты емшегиме без пайда болды 4-5 күн болды бирак емизип отырамын озим массаж жасап едим кайта пайда бола береди температура 38-39 болып жатыр и басым солкылдап ауырады бүгін арак жактым дурыспа дурыс емеспа билмеймин iрiндi калай билсем болады казирдема емизе берсем болама

    1. Улжан

      Саламатсызба не истединиз безди. Меникиде тура сиздикиндей жагдай

  8. Фарида

    сəлеметсіздерме? мен бірінші ұлымда мастит болып тілдірген болатынмын. енді Алла Қаласа екінші сəбиімді дүниеге алып келмекшімін. Сол мастит болған емшекті екінші балаға емізуге болама???

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ