kazakhsha russian

Дидактикалық ойындар

 ІІ-сәбилер тобы

Варитивтік компанент

Түрлі- түсті моншақтарды  тізбектеу. 

Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету. Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін,көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, көрсету,ойын, саусақ жаттығулары,салыстыру.

Қажетті құралдар: Үш түрлі-қызыл, көк, ақ түсті моншақтар, үш түрлі түсте боялған  үш түрлі макарон өнімдері, жіптер, қапшықтар, сандықша, қуыршақ.

Барысы:  Балалар жартылай шеңберге отырады.

дидактикалық ойындар, дидактикалық ойындар балабақшада, балабақшадағы дидактикалық ойындар, дидактикалық ойындар түрлеріКел, ойнайық, ойнайық,

Текке қарап тұрмайық.

Ойын ойға жетелер,

Ойынға бір тоймайық.

Осы кезде қуыршақтың жылаған дыбысы естіледі- балалар тыңдаңдаршы біреудің жылаған дауысы естіледі ме?   Бұл кім екен? Ой, балалар қараңдаршы мына жерде қуыршақ жылап отыр.

-Қанекей, бірге білейікші қуыршақ неге жылап отыр екен?

Балалар, мынау біздің өзіміздің қуыршақ Сәуле ғой.

Сәуле, не болды саған?   Неге жылайсың?

Ой-ой-ой, сенің моншақтарың мойыныңнан үзіліп, жерде шашылып қалыпты ғой. Балалар Сәуле моншағын үзіп алып,жылап отыр екен.Сәулеге көмектесеміз бе?

Моншақтарын жіпке тізіп берейік. (Жерде шашылып жатқан мұз моншақтарды жинап, балаларға үлестіріп беру.)

-Балалар бұл моншақ ерекше екен. Мұқият қараңдаршы, бұл неден жасалынған. (Балалар моншақтың мұз екенін айтады)

-Дұрыс айтасыңдар,  бұл мұздан жасалынған моншақтар.

Ой, мына мұз қолымызда еріп барады ғой. Біздің алақанымыз жылы болғандықтан мұз еріп жатыр,  мұз судан пайда болатынын біз жақсы білеміз.  Қыс мезгілінде қар жауып, күн суытқандықтан сулар қатып  мұзға айналады. Қазір қыс мезгілі аяқталып, көктем мезгілі басталды, күн жылынып,қарлар күн шуағымен еріп жатыр.  (Алақандағы мұз моншақ еріп кетеді)

-Мына алақанымыздағы қуыршақ Сәуленің мұз моншақтары еріп кетіп, тіптен жоқ болып кетті ғой. (Сәуленің жылаған дауысы естіледі)

-Қуыршақ Сәуле сен жылама біз саған көмектесеміз. Балалар, Сәулеге қалай көмектессек болады?  Сәулеге моншақты қалай, неден жасап берсек екен? Сәулені қалай жұбатсақ екен, а? (Тәрбиеші ойланып тұрады) Тәрбиешінің көзі бұрыштағы сандықшаға түседі.

-Мынау Забида әжеміздің сандығы емес пе? Бұның ішінде бізге қажетті құралдар бар ма екен, көрейікші.

Мұнда көптеген қапшықтар тұр ғой. Қапшықтың ішінде не болды екен а? Мен сендерге қапшықтарды таратып беремін. Сендер оның ішіндегі затты сипап сезу арқылы

не зат екенін танып беріңдер?
1. Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қапшық» Мазмұны: Балалар қапшықтар ішіндегі үлкен- кіші моншақтарды  саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.

Балалар, біз моншақтармен жүмыс жасамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

 

Саусақ жаттығуы:

Қолымыздағы жалғыз моншақты алақанымызға салып, қос алақанмен айналдыру, қыздырып алу;

Моншақтарды басбармақпен басқа саусақтарды ауыстыра отырып ұстау.

Қос саусақ арасымен  моншақты  қысып ұстау;

-Балалар, енді біз Сәулеге қапшықтағы моншақтарды тізіп беру үшін мына шимай жолдар арасынан өтуіміз керек. Сол кезде ғана біз қуыршақ Сәулеге көмектесе аламыз.

2. Дидактикалық ойын: «Моншақтың саяхаты» ойыны Мазмұны: Шимай жолдар арасымен жалғыз  моншақты саусақтарымен итеріп, жүру арқылы моншақты көтермей домалату.

Жасалу жолы:

Қабатталған екі картон қағаздың бірінші бетінің (моншақ басқа жаққа домалап кетпеу үшін) шимай жолдары кесіліп алынған, сол жолмен моншақты домалатады.

-Жарайсыңдар, балалар, енді бізге сандықшадағы басқа да моншақтарды алуымызға болады. мына моншақтарға назар аударайық. Қандай керемет моншақтар. Бұл біздің кәдімгі тағам жасайтын макарон өнімдерінен жасалған әр –түрлі моншақтар.  Бұл моншақтарды түстеріне, көлемдеріне қарай, дәл суреттегідей етіп, тізбектейік.

3. Дидактикалық ойын: «Макарон моншақтар» Мазмұны: әр балаға макарон өнімдерінен  тізбектелген моншақтар суреттері беріледі.Суреттегідей етіп, әр-түрлі түсте боялған  үш түрлі көлемдегі макарон өнімдерінен жасалған моншақтарды жіпке тізбектейді.

Саусақ жаттығуы: «Түтікше»

Қолдарын жұдырықтайды, жұдырық арасымен моншақтарды өткізеді, саусақтарының икемділіктерін  арттырады.

 

-Ал, балалар мына моншақтарды қараңдаршы, өзі сондай кішкене, сүйкімді, әдемі моншақтар екен. Біздің қуыршақ Сәуле  қонаққа барғанда киетін көйлегіме
сәйкестендіріп,  моншақ жасап беріңдерші,- деп, өтініп жатыр. Мына түрлі-түсті моншақтарды тізбектеп, Сәулеге тағы да әдемі моншақ жасап берейік.

Мен әдемі моншақпын,

Нүктелерім бар сонша көп.

Ақылың болса адаспай,

Тізбектеші шатаспай.

— балалар, біз енді нүктелер саны мен түстерге қарап моншақты тізбектейміз.(Балаларға домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген суреттер таратылады)

4. Дидактикалық ойын «Моншақты жина» Мазмұны:  домалақ пішінде  түстер және  оның астында нүктелер (үш нүктеге дейін) саны көрсетілген, сол нүктелер санына сәйкестендіріп берілген түстегі моншақты тізбектейді.

Мысалы:  Қызыл домалақ түс, оның астында екі нүкте қойылған бала екі қызыл түсті моншақты жіпке өткізеді.

Ақ домалақ түс, оның астында үш нүкте қойылған бала үш ақ түсті моншақты жіпке өткізеді.

Көк домалақ түс, оның астында бір нүкте қойылған бала бір көк түсті моншақты жіпке өткізеді. Осылайша екі рет суретте берілгендей етіп қайталайды.

Балалар  нүктелер санына сәйкестендіріп,  түстерін ажырата отырып моншақты тізбектейді.

Қорытынды.

-Жарайсыңдар,  балалар сендер моншақтарды  жіпке сабақтай алдыңдар. Түстерін ажыраттыңдар.

Қуыршақ Сәуле бізге өте қатты қуанып қалатын болды. Балалар, енді жасаған моншақтарымызды  қуыршақ Сәулеге сыйға тартайық. (Балалар бірнеше моншақты қуыршақтың мойынына тағады.) Қуыршақ ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.

Дидактикалық ойындар топтамасы осы мақаланыда оқып көріңіз.

Коронавирус белгілері қандай болады >>> 
×
Бізбен бірге болыңыздар! >>> telegram - youtube - instagram - vk <<< Тобымызға Қосылыңыздар!

Пікірлер32
  1. ascarova.muldir401

    Тілегенім алдымнан іздемей ак табылды деген осы шығар,дидактикалык ойындар баланың тұлга болып калыптасуы ушин таптырмас идея.

  2. Дилбар

    Моншақты жина дидактикалық ойыны жақсы екен

  3. жазира

    қазіргі таңда балабақшаға материалар табу үшін орыс сайттарын карап аударып алатын едік. бұл сайт жас маман мен ізденістегі тәрбишілерге жақсы сайт екен.

  4. Акнур

    Еркетай.kz сайтында жақында қосылдым. сіздерге көп рахмет. іздеген тапсырма, материалдарымның барлығын осында тауып алып, отырмын. балабақшадағы балалардың негізгі іс-әрекеті — ойын. Ойын балалардың шығармашылық қабілеттерінің, ойын, қиялын дамытудағы тәрбиешілердің бірден-бір құралы десемде артық айтқаным болмас. Тек қана ол емес дидактикалық ойындар арқалы бала тілінің дұрыс қалыптасуын, балалармен тығыз байланыста болуды көздейді. дидактикалық ойын арқылы баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны ұтымды пайдалана білу керек

  5. Инкар

    Еркетай сайтына рахмет,барлығын табуға болады.Бұл дидактикалық ойындар жақсы құрастылыпты.Авторына рахмет

  6. Жаныл

    Дидактикалық ойындар өте керемет құрастырылыпты. Өте қызықты екен. Жұмыс барысында қолданамын

  7. Балкен

    дидактикалық ойындарыңыз саусақ жаттығулары жақсы мағналы балалардың саусақ машақтарын дамытатын ойындар.Осындай ойындарды көбірек жіберсе

  8. Бахыт

    Өте жақсы ойындар, қажетті ақпарат.

  9. Жанерке

    Өте жақсы жазылған екен. дидактикалық ойындарды жумыс барысында орындауга болады.

  10. Жадыра

    Балалардың ой-өрісін дамытатын ойындар екен.

  11. Индира

    Сәлеметсіздер ме!Бұл ойындар баланың дамуына бірден бір себебі тиері анық.Жақсы құрастырылған.Қол моторикасын дамытуға бағытталған. Саусақ жаттығулары да тиімділігін берері сөзсіз.Көп рахмет мақалаңызға жұмыс барысында пайдалануға болады.

  12. Бакытгул

    Корнекилик керек

  13. Бахтыгуль

    Дидактикалық ойындар керемет жазылған.

  14. Aidana

    Сәлеметсіз бе? Еркетай сайтына көп рахмет. 2 жылдай уақыт болды сіздердің көрнекіліктеріңізге тапсырыс беріп алған болатынмын. Өзімнің жұмысымда пайдаланып жүрмін,көп көмегін тигізіп жатыр.

  15. Аиша

    мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті — ойын. Ойын балалардың шығармашылық қабілеттерінің, ойын, қиялын дамытудағы педагогтардың бірден-бір құралы десемде артық айтқаным болмас. Тек қана ол емес дидактикалық ойындар арқалы бала тілінің дұрыс қалыптасуын, балалармен тығыз байланыста болуды көздейді. Бұл мақалада дидактикалық ойындар өте жақсы жазылған. Қазір де ұйымдастырылған оқу қызметтерінде де осы ойындарды пайланып келемін. Сіздерге рахмет

  16. Асем

    Дидактикалық ойындарыңыз жақсы шығыпты өзіме көшіріп алдым. Көп рахмет жариялағаныңыз үшін.

  17. Перизат

    Рахмет сиздерге !

  18. Nurdo

    Моншактан баска барма

  19. айгерим

    сиздин еркетай сайтынызга калай тиркелсе болады? жане де тиркелген сон материалдарды коширип онымен колдануга руксат бериледи мекен?

    1. Erketai (автор)

      Саламатсыз, егер сабағыңызға қолдануға сұрап жатсаңыз рұқсат. Бірақ сайттан алынған мақалаларды басқа сайттарға жариялауға болмайды тек өз мақсатыңызға ғана пайдаланыңыз. «Жаңа Мақалалардан, Қызықты Байқаулардан Барлығынан Бұрын Хабардар Болыңыз!» атты блоктың астыңғы жағында сайтқа жазылу формасы көрсетілген.

  20. Зинат

    Дидактикалық ойындар өте жақсы

  21. Нұрсұлу

    өте керемет мағыналы кетекті ақпараттар бар, жұмыс барысында қолдануға болады.

  22. Нұртуған

    Мақалаларыңыз алынбайтын болса неғып жазасыздар? Әлде өздеріңіздің мақалаларыңызға лайк жинау үшін әдейі қойдыңыздарма?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелсеңіз қалаған мақаланы көшіре аласыз.

  23. Жанайым

    Жақсы

  24. Жанайым

    өте жақсы ойындар

  25. Zulya

    jaksi

  26. Рахат

    Жақсы

  27. Мико

    дид ойыннын жоспары барма жылдык

  28. aiman

    тапсырыс неше минуттан кейін дайын болады

    1. Erketai (автор)

      Сұрағыңызды анықтап жазсаңыз.

  29. Меруерт

    Өте жақсы ойындар!

Добавить комментарий

ErKeTai.KZ