Дидактикалық ойындар жинағы

Дидактикалық ойындар балабақшада көп қолданылады. Осындай ойындар топтамасын сіздерге ұсынамыз.

Заттарды салыстыру 

Дидактикалық ойындар

Мақсаты: 2 жұптық (топтық) заттарды салыстырып, бірдейлерін табуға және кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.

Керекті  құралдар: 5 жасыл шар және 5 сары шар.

Ойын барысы: ойында саны 1-8 бала ғана ойнатылады.

Түрлі түсті шарлар

Педагог  үстел үстіне 5 жасыл шардан қатарға тізіп қояды да балаларға осынша сары шарды қоюды ұсынады. Балалар жасыл және сары шарды саны бірдей етіп орналастырады.

Тәрбиеші жасыл шардың көлемін өзгертіп (кіші немесе үлкен) арақашықтығын алыстатады.

Балалар үстелді қанша жасыл шар болса, сонша сары шар болатынына көздерін жеткізу керек. Балалар санайды, бәрін бірге және түстері, көлемдері бойынша санайды.

«Сол жақ па, оң жақ па?»

Ойын шарты: Балалардың (не педагогтың) алдында сандар және ойыншықтар тұрады. Педагог 1 цифрын көрсеткенде, бала төменгі сызыққа сонша шырша қою керек.

Барлығы неше шырша? Қай ойыншық жоғарыда тұр? (саңырауқұлақ) Ал, қай ойыншық төменде тұр? (шырша)

«Тап!»

Ойын шарты: Балалар саны бойынша әр түрлі болатын бірдей заттар карточкасы (сурет) беріледі. Тәрбиеші 3-4 рет қол шапалақтағанда, сонша нәрсесі бар карточканы көрсету керек.

Үстел үстіндегі ойын

Ойын шарты: Балалар екі-екіден отырады. Оның алдында үшбұрыш пішіндер бар. Қандай пішін? Нешеу? Бұл пішін қалай аталады?

Жұмбақ:

Жазда да, қыста да

Үнемі бір түсте.

(Шырша)

Балалар үлгіге қарап, шыршаны берілген үшбұрыштардан құрастырады.

ойындар балабақшада

«Көрпені жамауға көмектес!»

Мақсаты: геометриялық пішіндермен таныстыру. Геометриялық пішіндерді орналасқан орны бойынша таба білу.

Ойын шарты: пішіндер арқылы бос орындарды жабу.

Барысы: Бағзы заманда Буратино өмір сүріпті. Кереуетінің үстінде әдемі қызыл түсті көрпесі болыпты. Бір күні «Карабас-Барабас» театрына кеткенде, үйіндегі Шушара атты тышқан осы уақытта көрпені кеміріп, тесік қалдырады. Енді, қанша тесік қалғанын сана және сәйкесінше пішіндерден тауып Буратиноға көрпені жамауға көмектес.

 «Шатасқан суретші»

Мақсаты: зейінді дамыту және 10-ға дейін санай алу.

Ойын шарты: Суретшінің қатесін табу керек. Телефондағы нөмірлер дұрыс орналаспаған, сондықтан шеңбер дискісіне сандар топтамасын дұрыс ретпен орналастыру қажет.

«Дүкен»

Мақсаты: зейін мен байқампаздық қабілетін жетілдіру. Заттың ұзындығы бойынша ажырату (жоғары-төмен, орташа, үлкен-кіші, қанша болса сонша, т.б.)

Ойын шарты 3кезеңнен тұрады:

  1. Дүкен. Қозыда дүкен болды. Дүкеннің сөрелеріне қара да қанша сөре бар екенін айт? Төменгі (ортада, жоғарыда) сөреде не орналасқан? Дүкенде неше стақан (үлкен, кішкентай) бар? Стақандар қай сөреде тұр? Дүкенде неше матрешка бар? (үлкен-кішкентай) Бұлар қай сөреде тұр? Пирамиданың сол жағында (оң ж.) , құмыраның оң жағында (сол ж.), стақанның сол, оң жақтарында не тұр? Кішкентай және үлкен доптың арасында не тұр? Күн сайын таңертең қозы дүкенге осы тауарды қойып отырды.
  2. Сұр қасқыр не сатып алды? Бір күні жаңа жыл қарсаңында дүкенге сұр қасқыр келді және өзінің бөрілеріне сыйлық сатып алды. Мұқият қара да, қасқыр не сатып алғанын тап.
  3. Қоян не сатып алды? Келесі күні қасқырдан кейін қоян келді де, жаңа жылдық сыйлықтарды көжектеріне сатып алды. Қоян не нәрсе алды? Нешеу?

ойындар топтамасы

 «Үшбұрыштардан не құрастыруға болады?»

Мақсаты: геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын бекіту; пішіндер атауын білу, үйрену; 4 үшбұрыштан үйшік құрастыра білу (шаршыдан жасалған), салыстыру; ұзындықтарын ажырату.

Ұзын құлақты,

Қысқа құйрықты

Сәбіз-оның сүйікті асы

Секеңдейді ұқыпты.

(Қоян)

Әңгімелеу. Бүгін бізге жүгіріп қоян келді. Ол өте қатты тоңып қалыпты және сендерден өздеріңде бар (4 үшбұрыштан) пішіндерден кішкентай үйшік жасап беруін сұрайды. Қане,  ендеше балалар, қоянға көмектесейік.

Қимыл-қозғалыс ойындары

«Сол жақ па, оң жақ па?»

Ойын шарты: Ойыншылар 2 командаға бөлініп тұрады. Белгі берілгенде екі жақ қарама-қарсы бағытқа қарай жүреді. «Солға», «оңға» деген бағыт айтылғанда ойыншылар осы бағытқа бұрылып тоқтайды. Кім шатасса, сол ойыннан шығады, ойын одан әрі жалғасады. Қарсы топтағы ойыншыларды азайтқан топ жеңіске жетеді.

«Қай бағытқа жүрсең, сонда іздегеніңді табасың»

Ойын шарты: педагог балалар білетін ойыгшықтарды әр жерге тығып тастайды. Тәрбиеші айтады: Егер…

Оңға бұрылсаң – қуыршақты табасың; солға бұрылып, барсаң – қоян ойыншығын табасың; алға жүрсең – тышқан ойыншығын табасың. Қай бағытқа бұрылғың келеді? Қайда барасың?

Бала өз қалауынша бағытын таңдайды және нені іздейтінін айтады. Ойыншықты тапқан соң, қай бағытқа барғанын және қай жерден тапқанын әңгімелейді.

«Не? Қайда?»

Ойын шарты: Балалар  шеңбер құрады. Педагог шеңбер ортасында тұрады. Кез келген балаға допты лақтырып, сұрайды:

— «Сенің сол жағыңда кім тұр?»

Дұрыс жауап берген бала шеңбер ортасында жүргізуші болады және ойын жалғасады (құлақтарына сыбырлап айтуына болады).

Сұрақтар:

  • Сенің оң жағыңда кім бар?
  • Сенің алдыңда не тұр?
  • Сенен кейін кім тұр?
  • Анау бала оң жағыңда ма әлде сол жағыңда ма?

 Доп немесе сүлгі арқылы жүргізуші таңдау

А) Жүргізуші таңдап, оны шеңбер ортасына шығарады. Педагог қолына зат жасырады. Кім табады, міне сол  жүргізуші болады.

Ә) Тәрбиеші топта қанша балаб олса, сонша таяқша үлестіреді. Бірақ тек біреуі басқаларына қарағанда қысқа болады. Педагог қолынан сол қысқасын кім алса, сол – жүргізуші.

балабақшада тіл дамыту

«Не өзгерді?»

Ойын шарты: Сандарды қойып, балалар көздерін жұмған сәтте 1 цифрды алып тастаймыз.

Карточкамен жұмыс. Оң және сол қолды кезегімен көтеру керек. Сол қолыңды сол жақтағы, оң қолыңды оң жақтағы жемісті алып, оңға қарай қой. Жоғарыда қанша таяқша болса, сонша құлпынай қой. Төменге саны дәл сондай алмұрт қой. Қай жеміс көп? Қайсысы аз?

Бірдей болу үшін қалай теңестіреміз? Қайсысына қай цифр қоямыз?

«Ойыншықтарды тап!»

Ойын шарты: Бөлмеде әр түрлі орында ойыншықтар жасырылады (екі бірдей биіктікте және тағы екі түрлі…). Белгі берілгенде балалар іздей бастайды. Ойыншықты тапқан соң, тәрбиешінің сол жағына тұрады. Олар көлемі бойынша қандай ойыншықтар тапқанын және бір-бірінен қалай ажыратылатындығын айтады. Мәселен, «екі бірдей шырша» және «қуыршақтың ұзын шаштысы қысқа шашты қуыршақтың қасында тұр».

«Жоғары-төмен лақтыр!»

Ойын шарты: Жүргізуші алдымен, допты сәл жоғары лақтырып, қағып алады. Тапсырма: «Жоғары лақтыр!». Бала допты жоғары лақтырады. Балалар допты одан да жоғары-жоғары лақтыр (немесе «төмен лақтыр!») – деп айтады.

Математикалық қимыл-қозғалыс ойыны

«Төменге домалат!»

Ойын шарты: Балаларға 1-шар, 2 балаға-текше беріледі. Балаларға атауын айтып, көрсетеді. Белгі берілгенде балалар тездетіп домалату керек. Келесі ойыншыларға пішіндерді таңдау өз еріктеріне беріледі. Көбінесе, шар домалатуға  ыңғайлы болғандықтан, сол пішінді таңдайды. Ал, текшенің бұрыштары домалатып, қозғалтуға кедергі жасайды. Мұны балалардың өздерінен себептерін сұраймыз.

«Сылдырмақты неше рет соқтым?»

Ойын шарты: Балалар көздерін жұмады. 2 қатарға бөлініп тұрады. Сылдырмақты қанша рет ұрсам, сонша рет текше (немесе доп) әкеліп қою керек. 1-ші команда текшелерді өте жақын орналастырса, 2-ші команда алшақ қояды. Соңында санайды. 1 команда -3, 2 командада – 3, демек 2 команда тең, бірдей болды.

«Өз үйіңді тап!»

Ойын шарты: а) Еденде бір-бірінен алшақ орналасқан 2 (обруч) шеңбер қойылады. 1 шеңбер ішінде картоннан қиылған шаршы, 2-шісінде-тіктөртбұрыш. Балалар осылайша 2 топқа бөлінеді. Тәрбиеші белгі бергенде әр ойыншы қолында ұстап тұрған пішіні бойынша шеңбердегі пішінмен бірдей, сәйкес келетін пішіні бар шеңберге кіру керек. Тиісті шеңберге дұрыс барды ма? Міне, тәрбиеші мұны тексереді.

ә) («Жұбын тап!» ) Немесе қолында өзімен бірдей пішіні бар баламен қатарға тұра қалу қажет.

ойындар математикадан

«Үлкен-кіші»

Ойын шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. 1 – ұлдар (текшенің ең кішкентайынан үлкеніне қарай), ал 2 – қыздар командасы (керісінше, доптың ең үлкенінен кішісіне қарай рет-ретімен қояды).

Керісінше:

Үлкен текшеге – кішкентай көлікті қою керек.

Кішкентай текшеге – үлкен көлік қою керек.

«Қанша болса, сонша …»

Ойын шарты: Еденде 4 шеңбер (обруч) тұр. Әр шеңберде цифры бойынша түрлі ойыншықтар бар. Музыкамен балалар әр түрлі қозғалыста жүреді. Әуен тоқтағанда,  әр шеңбердегі (обруч) ойыншықтар санына сай тұра қалады. 4 ойыншық тұрған шеңберге – 4 бала, 2-еуге – 2 бала.

«Керісінше айт!»

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрады. Тәрбиеші ортада тұрып, доп лақтырып, айтады: «Көлшік – кішкентай, ал өзен- …(ұзын). Үй-аласа, құбыр (кран) – ұзын, шыбық-жіңішке, ағаш-жуан, үстел-үлкен, ал орындық-кішкентай.

«Автожарыс»

Ойын шарты: 2 бала кішкентай бір-бірден ойыншық көлікке жіп байлайды. Нұсқау берілгенде лентаны бүктеп, ойыншық көлікті өзіне қарай тартады. Кімнің көлігі бірінші жетті? Кімдікі жәй келді? осылай анықтайды.

«Геометриялық домино»

Ойын шарты: Геометриялық пішіндер әр түрлі көлемде: үлкен-кіші және түстері әр түрлі болады  (қызыл, көк, жасыл, сары).

Тапсырма:

— 2 қызыл шеңберді тап!

-Бірдей түсті барлық пішіндерді жина! (сары, жасыл, т.б.)

-Өлшемі бойынша бірдей үшбұрыштарды тап!

-Үлкен пішіндердің бәрін тап!

-Барлық көк түсті кішкентай пішіндерді тап!

«Ретімен орналастыр!»

Мақсаты: сандарды ажыратып біледі және санап үйренеді. Ойыншықтардың санына қарай цифрларды байланыстырып үйренеді. Заттарды санайды, жұптық және топтық заттарды салыстырады. Реттік санауды меңгереді, геометриялық пішіндерді ажыратады және уақытты бағдарлайды (ертең, бүгін, кеше).

Ойын шарты: Үстелде ойыншықтар: піл, үйрек, өрмекші, қанқыз, жылан. Ретімен орналастыр: 1-ші аяқтарының саны азынан, соңына — қайсысының аяқтарының саны көп соны қою керек.

Не үшін бұлай орналастырғанын балалардан сұрайды.

«Жасырылған ойыншықты тап!»

Ойынның жүрісі: 1. Тәрбиеші есікті ашып шығып кетеді. Балалар ойыншықты жасырады. Оны табу үшін бағытын айтып отырады. Үстелден кілемге дейін жүр, кілемнен (палас) оңға бұрыл, 3 қадам бас және жерден ізде.

2.Тәрбиеші еденге бағдарды әр түрлі түсте бірнешеуін дайындап қояды.
Бір бала айтады: алдымен, қызыл түсті бағдар қайда бағытталса, сонда жүр. Сосын көк түсті бағдар бағыты бойынша бұрыл, одан кейін 3 қадам бас, енді іздей бер.

«Артыңда не тұр, тауып көр?!»

Ойын шарты: сандар таяқшасын есептеу арқылы жүргізуші таңдалады. Артында 1 зат тұрады, не тұрғанын білмейді. Ол үшін артқа қарай, өзі қараймай тұрып доп лақтырады. Кім қағып алса, артында ьұрған затты сипаттайды. Жүргізуші сұрайды: қандай көлемде? Дұрыс тапса, допты қағып алған бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады. Таппаса, допты келесі ойыншыларға тапқанша лақтырып тұрады (2-3 рет ойнату).

«Өз орныңды тап!»

Ойын шарты: жерге үшбұрыш сызылып, оны 6-ға бөліп сызу керек. Балалар қолында жазылған санына қарап, белгі берілгенде жүгіріп, бубен тоқтағанша сандар қатарынан өз орнын тауып, тұра қалу керек.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер102
  1. Гульмира

    Рахмет.Оте пайдалы жүумыстар.

  2. Сара

    Дидактикалық ойындар өте тамаша қызықты. Рахмет!

  3. Мадина

    осы материалдарынызды қуана қуана қолданамын

  4. Балкен

    рахмет дидактикалық ойын түрлерін қарап шықтым

  5. Лаура

    баланы ойын арқылы ой өрісін дамыту, ерекше көңіл күй мен есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында ұсынылған материалдарыңызға рахмет. керегімді алдым!

  6. Маржан

    Дидактикалық ойын түрі көп болғанымен оны дұрыс қолдана білу керек.

  7. ТАЗАГУЛЬ

    Қимыл қозғалыстың бала өміріндегі алар орны ерекше

  8. ТАЗАГУЛЬ

    Еңбектеріңіз жансын. Мұғалімдерге көп көмек тиіп жатыр

  9. Айгерім

    Өте пайдалы мақала. Рахмеет сіздерге! еңбектеріңіз жана берсін! Қазақ тіліндегі осындай пайдалы дүниелер көп болса екен

  10. Элмира

    Өте керемет сабақтарға көп пайдасы тиетін дүниелер

  11. Увалиева Жанна

    Көптеген дидактикалық ойындарды өзiме ой түркі етіп алдым, рақмет!

  12. Айгерим

    Керемет дидактикалык ойын аркылы баланың ауыл ойы дамиды

  13. Замзагуль

    Дидактикалық ойын балабақша тәрбиешілеріне ең басты қажетті құрал.Оқу қызметіне байланысты дайын дид.қ ойындар.Рахмет осы сайтқа ??

  14. Айнур

    Сабақтарды дидактикалық ойындарсыз өткізу мүмкін емес, қызықты ойындар сан алуан. Үлкен рахмет!

  15. Оразамбаева Айжан

    Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.
    Дидактикалық ойындар балалардың білімін кенейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл. Мтериал ұнады.

  16. Рымkул

    Еңбектеріңіз жемісті болсын! Керемет!

  17. Бибигул

    Бала танымын өсіруде дидактикалық ойынның маңызы зор

  18. Бибигул

    Дидактикалық ойындардың баланың дамуына үлесі зор

  19. Эльмира

    Дидактикалық ойын балабақша тәрбиешілеріне ең басты қажетті құрал.Оқу қызметіне байланысты дайын дид.қ ойындар.Рахмет осы сайтқа

  20. Зөре

    Тап ойыны да керемет екен.Жасырылған заттарды табады.Қызығушылығы артады

  21. Зөре

    Еркетай ұжымы тағы да дидактикалық ойындар көбесе екен.Әр түрлі ойындар.Көптеген сабақта қолданды балалар қызығып ойнады

  22. Зөре

    Өте жақсы дидактикалық ойындар.Сабақта қолдануға кеңес етемін.Сабаққа байланысты қолдануға болады.қызығушылығы артады.Ой өрісі дамиды

  23. Зөре

    Өте жақсы дидактикалық ойындар.Сабақта қолдануға кеңес етемін.Сабаққа байланысты қолдануға болады.қызығушылығы артады

  24. Зөре

    Өте жақсы дидактикалық ойындар.Сабақта қолдануға кеңес етемін

  25. Зөре

    Ретімен орналастыр ойыныда ұнады.Балалар орналастыру ретін түрін түсін ажыратады

  26. Зөре

    Балалар қызыға ойнайды.Әрі сұрақтарға жауап береді.Өз ойларын айтады

  27. Зөре

    Қимыл қозғалыс ойыны да тамаша.Балалар тез шапшаң қимылдауға үйренеді

  28. Зөре

    Керісінше айт деген ойында ұнады.Балаларды сөз таптауы жақсарады.

  29. Зөре

    Еркетай ұжым мүшелері дидактикалық ойындар көбейеді деп сенемін алда

  30. Зөре

    «Өз орнында тап»ойыны маған ұнады.Қолдануға ыңғайлы.Балалар қызығып ойнайды.

  31. Зөре

    Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын дамытуға болады деп есептеймін.Баланың ой-өрісі дамиды.Есте сақтау қабілеті жақсарады

  32. Зөре

    Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларын дамытуға болады деп есептеймін

  33. Зөре

    Балаларға таптырмас материалдар екен.Балаларға дидактикалық ойындар көп ұсыну керек

  34. Гулдана

    Дидактикалық ойындар,бастауыш сынып балаларына қолданылатын керемет құрал екен,бірнеше ойын түрін қамтылған,әрі қызықты ойындар баланың сабаққа деген ынтасын оятуға шабыт береді?

  35. Зейнегуль Касымбекова

    Сәлеметсіздер ме. Еркетай сайтына үлкен рахмет. Керек материалдар осы жерде.

  36. Рахметова Айтолқын

    Баланы дамытудағы керекті құралдардың бірі дидактикалық ойындар. Қолжетімді, түсінікті жазылған. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін

  37. али

    Қажетті материалдар көп екен. Рахмееет көп-көп.

  38. Арайлым

    Үреніп жатқанымыз көп Үйренеріміз де көп рақмет сіздерге пайдалы екен

  39. Айдана

    Керемет дидактикалық ойындар. рахмет! көп нәрсе ұйрендік

  40. Лаура

    Өте қажетті ойын түрлері берілген. Оқушылардың белсенділігін, ойлау қабілеттерін дамытуға қосатын үлесі зор болады деп сенемін

  41. Амангелді

    Дидактикалық ойындар өте жақсы,
    сабақта қолдануға жақсы әдіс-тәсілдер екен.
    Еңбектеріңіздің жемісінің көріңіздер дақсы дүние екен

  42. Айнура

    қажетті материалдар екен

  43. Жанерке Ертайқызы

    Дидактикалық ойындар баланың ой өрісінің дамуына ықпал етеді

  44. Меруерт

    сіздердің сайттарыңыздан көп мәлімет алуға болады. Рахмет

  45. Аяулым

    Өте жақсы топтама. Сіздерге де пайдалануға кеңес беремін өз басым маған қатты ұнады. Өте жақсы жасалған . Сіздерге мол бақыт тілеймін.Көп табысқа кенеліңіздер.???

  46. Камшат

    баланың логикасына жақсы әсер етеді деп ойлаймын

  47. Камшат

    Ойындарыңыз өте қызықте екен!!!

  48. Жалын

    Ойын түрлерінің көптігіне сөз жоқ.Картотека ретінде шыкса.Балаларға портфолио керек еді

  49. Айдын Қанатқызы

    Ашқан сайын жана бір тың дүниелер. Рахмет. Оте көп акпарат алып жатырмыз.

    1. Камшат

      дұрыс айтасыз өте қызықты әрі пайдалы дүниелер

  50. Салтанат

    Осындай керемет дүние үшін алғыс айтамын!

  51. Гулайша

    Дидактикалық ойындардың атауы, шарттары айқын жазылған. Сабақ барысында қолдануға да болады. Сергіген бала сабаққа да белсенді араласуы арти түсері сөзсіз.

  52. Замзагүл

    Керемет ойындар екен.Баланы дамытатын ойындар көбейе берсін!

  53. Нигина Алимова

    ойындар өте қызықты екен. сиздерден көп нәрселерді үйреніп біліп жатырмын. алғыс айтамын.

  54. Самал

    Маған ұнады. Керемет. Дидактикалық ойындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалынған екен?

  55. Лиза

    Дидактикалық ойындар өте қызықты. Жазғы лагерде айналса да болады екен.

  56. Мадияр Ойдин

    Өте жақсы. Ойындар жақсы жазылған.Осындай ойындар көбейе берсін.

  57. Камалова К.Ж.

    Жас ерекшеліктеріне сәйкес дидактикалық ойындар балалардың зейінін арттырады

  58. Жанат Булекова

    Керемет жұмыс, балалардың жас ерекшелігі ссқталған. Ойын технологиясы арқылы балаларды дамыту көзделген жұмыстар. Рақмет, еңбегіңіз жансын

  59. Шынар Акылаевна

    Дидактикалық ойындар өте керекмет екен. Маған ұнады

  60. Куралай

    Өте жақсы, ойындарыныз маган унады. Сабақ барысында қолданып көрдім. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

  61. Аружан

    Дидактикалық ойындар өте керемет. Балалардың қызығушылығын арттырады. Ойын арқылы сабақты түсіндірсе балалардың ойында тез сақталады. Бұл материалдар көп адамның пайдасына асады деп ойлаймын.

  62. Гулмира

    Дидактикалық ойындарыңыз өте керемет балалардың қызығушылығын арттырады

  63. Гүлжан

    Дидактикалық ойындар балалардың кеңістікті бағдарлауын, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуға өте пайдалы.Өзіме қатты ұнады.Осы дүниелерді жасаған авторға алғысым шексіз.

  64. лаура

    Рахмет. ойын түрлері керемет. Енді картотека түрінде асалғаны барма екен.

  65. Жанна

    Дидактикалық ойындар, балалардың ой-өрісін дамытып, тез жаттау қабілетін, есте сақтау қабілетін арттырады.

  66. Нарат Мейірбан

    Дидактикалық ойындар топтамасы өте жинақы жасалған екен.

  67. Гулим

    Қазіргі кезде балаларды осы дидактикалық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамытып, қол моторикасын жақсартамыз

  68. Айгерім

    Өте жақсы,өзіме керекті ойындарды көрдім

  69. Гульбарам

    Сіздің осы дидактикалық ойындар топтамасы, таптырмайтын құрал ғой. Бұны кітапша етіп, ішіндегі ойындарды әр сабағыма қолданамын. Рахмет. Еңбегініздің жемісін көріңіз.

  70. Ляззат

    Өте керемет! Дидактикалық материалдар өте түсінікті, керекті дүниелер бар екен!

  71. Дилбар

    Балалардың ойын дамыту үшін осындай дидактикалық ойындарды жиі қолданған дұрыс деп ойлаймын

  72. Дилбар

    Дидактикалық ойындар баланың ойлау қабілетін, танымдық жағынан жетілдіруге таптырмас құрылғы

  73. Әбиева Мөлдір Серікқызы

    Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамытуға болады. Осындай еңбектеріңіз үшін рахмет

  74. Нургуль

    осындай дидактикалық материалдар қазіргі танда балалар үшін өте қажет ,осындай материалдар үшін сіздерге көп рахмет!

  75. Нургуль

    осындай мүмкіншіліктерді жасағандарыңыз үшін көп көп рахмет!

  76. Бекзада

    «Өз орнынды тап» ойыны қатты ұнады балаларды сол ойын арқылы топқа бөлу оңай әрі қызықты болады екен

  77. Карлыгаш

    Ойындарыңыз өте қажетті ойындар екен. Өзіме шығарып алдым. Өзім күнделікті сабаққа қолданып жүрмін. Көп рахмет. Жұмыстарыңыз жемісті болсын

  78. света

    салем сіздерден көптеген нарселер алып жатырмыз мыс жана жыл наурыз тарбиеші фортфиля ашык сабактар сіздерден коп нәрселер алып жатырмыз уиреніпте жатырмыз рахмет көптеген

  79. Жансия

    Дидактикалық ойындар жақсы екен. Сабақтарымызда тиімді қолдануға болады екен. Балалардың қызығушылығын оятуға жақсы көмекші екен

  80. Шынар

    Өте тамаша және маңызды тақырыптар қозғалған. керемет

  81. Жанерке

    Өзім ұстаз емеспін бірақ ұстаз болсам мына сайт өте қажетті болады екен. Барлық материалдар бар және қызықты екен. Авторларға мың алғыс!!!!!!!!!!!!!

  82. Таңшолпан

    Дидактикалық ойындар жинағы балабақша балаларына өте керек. Рахмет

  83. Данагуль

    маған керекті ойындар жиналған екен!!! рахмет!!!

  84. Нұра

    Дидактикалық ойындар баланың ойлау қабілетін, танымдық жағынан жетілдіруге таптырмас құрылғы. Ойындар желісі баланың сабақты жеңіл түсініп алып кетуіне, белгілі бір қорытынды шығаруға сөздік қорын дамытуда үлкен үлес қосады. Осындай керемет дүние үшін алғыс айтамын!

  85. Айман

    Дидактикалық жиынтықтардан «Геометриялық домино» ойыны ұнады. Менің оқу қызметі «Таным» облысынан болғандықтан пішіндерге байланысты ойындарды көп іздеймін. Осы сайттан іздегенімді табамын. Рахмет.

  86. Динара

    Енбектериниз жана берсин. Айткым келгені дидактикалык ойындар кызыкты балалармен ойнаганда тез уйирип алып кетти

  87. Динара

    Дүкен ойыны оте тусиникти жазылган балаларга кызык жане тусиндируге ынгайлы.

  88. Динара

    Салеметсиздерме Еркетай ұжымы. Мен «Көрмені жамауға көмектес» ойынына пікір қалдырғым келеді. Ойын ретінде өте жақсы уйымдастырылған тек əттеген-ай дейтінім кейіпкерлер дұрыс емес сиякты. Қазақтың ертегі кейіпкерлерін қолдануға болмас па еді

  89. Диана

    Сайтта өте қызықты мақалалар, ойын түрлері жарияланған өте жақсы құрылған

  90. Жанар

    Көптеген еңбек, керекті мәліметтер рақмет Еркетай ұжымы, КҮНДЕЛІКТІ САБАҚҚА ПАЙДАЛАНУҒА ТАПТЫРМАС ДҮНИЕ ЕКЕН,

  91. Динара

    менің ойымша сабақ жақсы құрастырылған. Осы сайттан әдемі әрі жеңіл тапсырмалар алуға болады.

  92. Байдаулетова Венера

    Бұл ойындар баланы дамытуға көп көмек береді. сіздерге көптен көп рахмет

  93. Саркытханова Ажар

    Менің ойымша, қазіргі таңда қай жастағы оқушыларды оқу, білім алу, іскерлік дағдыны дамыту үшін дидактикалық ойындар орны зор. Дидактикалық берілген ойындар арқылы оқушы есте сақтау қабілетін, зейінін тұрақтандыруға болады. Берілген тапсырма осынан алу арқасында сабақ барысында қолданып, көптеген жетістікке қол жеткізуге болады.

  94. Загира

    Маған катты унаганы » Тап» ойыны. Муны ортангы топ балаларымен ойнаган кушти екен. Балаларга оте кызыкты болады. Олар адеттегибей 5 санына дейн гана отеди. Бес санына дейнги сурети бар карточкаларды балалардын алдына жайып койып , шапалак дыбысы аркылы суретти табу керемет идея. Баланын есту кабылеттин арттырады. Жанылыспай дыбысты санауды уйренеди. Жане кози де жылдамдыкпен санауды уйренеди. Торт рет шапалак урса, ойнай ойнай , сонында санамай ак, көз молшермен бирден танып карточканы тез тауып алуга дагдыланады. Ари балаларга оте кызык

  95. Загира

    Автожарыс ойыны кызыкты екен. Муны Жемистер, Кокинистер такырыбындагы оку-кызметине колданса жаксы екен. Типти Алтын куз ертенгилигине де ойнаса такырыпка сай келеди . Жаксы рахмет.

  96. Гулжаухар

    рахмет! Өзіме керекті ойындарды сіздерден таптым)))

  97. Ақмаржан

    Бұндай ойындар арқылы баланы дамытуға көмегі зор. Мен өзім балаларыма оқушыларыма қолданамын. Рахмет сіздерге

  98. Ақмаржан

    Еректай атына заты сай парақша екен. Шынын да да балаларға үйретуге таптырмайтын материалдар

  99. Әсем

    Дидактикалық ойындар өте жақсы жазылған, түсінікті әрі қызықты!

  100. Ақерке

    Еңбектеріңіз жемісті болсын. Үйреніп жатқан дүниелеріміз көп сіздерде.

    1. Акерке

      Еңбектеріңіз көрініп тұр. Сіздерге мол табыс тілеймін ❤️

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ