Кірпінің жанұясы(сабақ жоспары)

Білім беру саласы: Шығармашылық, Қатынас, Таным

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: Кірпінің жанұясы

Мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін нығайту, сөздік қорларын молайту,үлкен – кіші туралы түсініктерін бекіту,қағазды қию және желімдеу икемділіктерін қалыптастыру.

Дамытушылығы: Балалардың желіммен жұмыс істеу икемділіктерін арттыру.

Тәрбиелілігі:Ұқыптылыққа үйрету, тазалықты сақтау т.б.

Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты сурет салынған плакат, ойын атрибуттары, т.б.

Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын,көрсету т.б.

Беленгвизм компоненттері:Жанұя, отбасы – семья, ине – иголка, кірпі –ёж.

Бастауыш сынып, сабақ жоспары, Отбасы туралы түсінік, сөздік қорларын молайту

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің  әрекеті Балалардың әрекеті
Ұйымдастыру- қозғаушы Амандасады.Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.  Сәлемдеседі.Шаттық шеңберіне тұрады. Тілектерін айтады.
Ізденушілік  Бөлме есігі қағылады.Ішке Дымбілмес кіреді.Ол  қолындағы  Ғажайып  қоржын мен хатты Жұмбақбай атайдың  беріп жібергенін айтып,тәрбиешіге береді.   Дымбілместі  балалардың қасына отырғызып, олармен бірге білім алуға шақырады.Тәрбиеші оқи бастайды.

Жұмбақ: Денесі ине,

Тұмсығы түйме.Ол не?

 

Кірпі – ёж, ине  иголка, түйме – пугвица.

 

Олай болса, балалар, бүгінгі  тақырып осы кірпіге байланысты болмақ.

Сұрақ қою арқылы балалардан кірпі туралы білетіндерін айтқызады.

 

Ғажайып қоржындағы балаларға арналған сыйлықтарды таратады.

Тақтаға  суретті іледі және әңгімелейді.

 

Суретте неше кірпі бейнеленген? Көлемдері қандай?

Неге? Үшеуі неге бірдей емес?

 

 

Балалар , сендердің отбасыларыңда үлкені кім? Сен ше?

 

Балалар, олай болса  суретте және сендердің қолдарыңда  кірпінің жанұясы бейнеленген екен. Жанұяның отбасы деген мағынаны білдіретінін түсіндіру.

Жанұя, отбасы – семья.

 

Жеке жұмыстар. Жапсыру.Бейнені үлкенінен бастап жапсыруын қадағалау. Назар салып қарасаңдар кірпі денесінде инелері аз жерлер бар.

Сендер қағаздан инешелер қиып, қажет жерлерге жапсырасыңдар.

 

Ойын: «Қайсысы  нені  жейді?»

Ойын шарты:Бейнелерді сәйкестендіру.

 

Ойынды қорытындылап, кірпінің адамға  тигізер пайдасы, қоректенуі, нені жақсы көріп жейтіні  туралы әңгімелейді.

Балалар Дымбілмеске таңырқай қарайды. 

 

 

Дымбілмес балалардың қасына отырады.

 

Балалардың жауабы:

Кірпі.

 

Қайталайды.

 

 

 

 

Дене мүшелері,  қоректенуі, жауынан қорғануы т.б. туралы айтады.

 

Сыйлықтарын көреді, танысады.

 

 

Тыңдайды.

Санайды.

Үлкен.Орташа.Кішкентай.

Балалар өз білгендеріне қарай жауап береді.

Отбасыларында әкелерінің үлкен екенін айтады. Өздерінің ата – аналарынан кіші екендіктерін салыстыру арқылы анықтайды.

 

 

 

Сөздерді жаттау, қайталау.

 

Үлкенін, ортаншысын және соңында ең кішісін  қағаз  бетіне орналастырып  денесіне инелерін қиып жапсырады.

 

 

Балалар  ойынға қызыға қатысады және тапсырмаларды орындайды.

 

Балалар кірпінің алманы сүйсіне жейтінін айтады және мұқият тыңдайды.

Жөндеуші Галереяны шарлау.Сәтті жасалған жұмыстарды мадақтайды. Қуанышты хабарлама тапсырады және ол балалардың  жеке суреттерін  «Бүгінгі жұлдыз» тақтасына іледі. Балалар бітірген жұмыстарын тақтаға іледі және ең жақсыларын таңдайды.Өз  істеріне риза болады.Қуанады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс:Желіммен жұмыс істеу, жапсыру әдістерін білді.Кірпінің инелерін қиды және жапсыра білді.

Қалыптасқан түсініктері:Отбасының маңызы, кірпілердің тіршілігі, адамға пайдасы т.б.

Мақала авторы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылы,

«Қарлығаш» балалар бақшасының  тәрбиешісі

Өтеалиева Нұрсұлу Құсайынқызы

Пікірлер5
  1. Асем

    Жақсы құрастырылған. Егер ашық оқу қызметі болса бұдан да тереңірек қылып алған дұрыс болар еді…

  2. dastan

    калай скаьчат етуге болады??

  3. dastan

    мына сабакты калай сахранит етуге болады???

  4. раушана

    салеметсиздерме? калай көшіруге болады керек материалды

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелу арқылы.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ